Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің "Сәулет-қала құрылысы қызметін лицензиялайтын мемлекеттік орталық (Мемқұрылыслицензия)" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 26 қаңтар N 127

       Ескерту. Тақырыбына және мәтініне өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.06. N 1029 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Сәулет-қала құрылысы қызметін лицензиялайтын мемлекеттік орталық (Мемқұрылыслицензия)" республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның еншілес кәсіпорындары жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Құрылысконсалтинг" ұлттық орталығы" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 
      1) Қоғамның жарғысын бекітсін; 
      2) Қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 
      3) оның жарғылық капиталының 51 пайызы мөлшерiндегi Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiнiң бiр бөлiгiн сатуды жүзеге асыру;
      4) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.
       Ескерту. 3)-тармақша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.10.06. N 1029 қаулысымен.
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің     
2002 жылғы 26 қаңтардағы        
N 127 қаулысымен            
бекітілген               

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405   қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада: 
      "Астана қаласы" бөлімі: 
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-26-жолмен толықтырылсын: 
      "21-26. "Құрылысконсалтинг" ұлттық орталық" ЖАҚ". 
      3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысына
      көрсетілген қаулыға Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесі: 
      мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 264-жолмен толықтырылсын: 
      "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетіне"; 
      "264. "Құрылысконсалтинг" ұлттық орталығы" ЖАҚ". 
      4. <*>
      Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің   2006.06.16. N 557 қаулысымен.  
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады