Қазақстан Республикасы Президентінің "Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 5 ақпан N 167

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     Қазақстан Республикасы Президентінің "Республикалық бюджет комиссиясы

туралы ережені бекіту туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы

Президентінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


             Қазақстан Республикасы Президентінің

                          Жарлығы


            Республикалық бюджет комиссиясы туралы

                     ереженi бекiту туралы


     "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1

сәуiрдегi 


Z990357_


  Заңына сәйкес қаулы етемін:

     1. Қоса берiлiп отырған Республикалық бюджет комиссиясы туралы ереже

бекiтiлсiн.

     2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Тиiстi қаржы жылына арналған

республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру жөнiндегi бюджеттiк комиссия

туралы" 2001 жылғы 25 сәуiрдегi N 589 


U010589_


  Жарлығының 3-тармағын

қоспағанда, аталған Жарлықтың күшi жойылды деп танылсын.

     3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

           Президенті


                                     Қазақстан Республикасы Президентінің

                                     2002 жылғы ____ _______

                                     N _____ Жарлығымен

                                     бекітілген


          Республикалық бюджет комиссиясы туралы

                         ЕРЕЖЕ


                   I. Жалпы ережелер



 
       1. Осы Ереже тұрақты негiзде әрекет ететiн Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрi - Комиссия) қызметiн реттейдi.
      2. Комиссия қызметiнің құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының K951000_ Конституциясы, Қазақстан Республикасының заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
 
                  II. Комиссияның мақсаты
 
      3. Комиссия қызметiнiң негiзгi мақсаты тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын уақтылы және сапалы әзiрлеудi қамтамасыз ету және республикалық бюджеттi нақтылау және атқару жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады.
 
             III. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары
 
      4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      орта мерзiмдi кезеңге арналған Қазақстан Республикасы әлеуметтiк-экономикалық даму индикативтiк жоспарының негiзiнде үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттiк және республикалық бюджеттiң негiзгi болжамды көрсеткiштерiн айқындау;
      тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасын қарау және айқындау алдағы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттiк, республикалық бюджеттің негiзгi болжамды көрсеткiштерiнiң, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының, мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалардың, Қазақстан Республикасының тиiстi кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарының сәйкестiгiн айқындау;

 

     тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi нақтылау

жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;

     республикалық бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру барысының

мониторингi нәтижелерiн қарау және олар бойынша ұсыныстар әзiрлеу болып

табылады.

     5. Комиссия оған жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды

жүзеге асырады:

     1) Комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және:

     Қазақстан Республикасының алдағы үш жылдық кезеңге арналған

мемлекеттiк бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiн;

     алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттiң болжамды

көрсеткiштерiн;

     республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердi;

     республикалық бюджеттің тапшылығын (профицитiн);

     тиiстi қаржы жылының аяғындағы үкiметтiк борыш лимитiн;

     Қазақстан Республикасының тиiстi қаржы жылына арналған мемлекеттік

кепiлдiктер беру лимитiн;

     республикалық бюджеттен облыстық бюджетке берiлетiн субвенцияларды;


 
       республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерiнің бөлiнiсiнде, оның iшiнде ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша шығыстардың лимитiн;
      ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан республикалық бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердің кредиторлық берешегiн жоспарланған қаржы жылында өтеу көлемiн;
      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабында белгiленген басқа көрсеткiштердi айқындайды;
      2) шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдердің болжамды көлемдерiн анықтау және кейiннен Комиссияның жұмыс органының Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзуi үшiн олардың тiзбесiн қарайды;
      3) экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық атқарушы орган енгізген:
      ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобалардың, оның iшiнде облыстарда, Астана және Алматы қалаларында iске асырылатын жобалардың тiзбесiн және оларды республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемiн қарайды және анықтайды;
      4) жергiлiктi бюджеттердің болжамды көрсеткiштерi бойынша Комиссияның жұмыс органы мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары арасындағы келiспеушiлiктердi қарайды және оларды реттеу жөнiнде шешiм шығарады;
      5) республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерiнiң бюджеттік өтінімдерi бойынша Комиссия жұмыс органының қорытындысын қарайды және ол бойынша шешiм шығарады;
      6) Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкiмшiлiгi енгiзген, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңес мақұлдаған, мақсаттарын Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын Қазақстан Республикасының ұлттық қорынан алынатын мақсатты трансферттердi алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасына енгiзу жөнiндегi ұсыныстарды қарайды;
      7) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасын қарайды және айқындайды;
      8) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағдарламаларының және салалық (секторалдық) бағдарламаларының жобаларын қарайды және қаржыландыру көздерi мен мерзiмдерi бөлiнiсiнде бағдарламалық iс-шараларды қаржыландыру көлемi бойынша қорытынды бередi, сондай-ақ бұрын бекiтiлген мемлекеттiк бағдарламаларды, салалық (секторалдық) бағдарламаларды өзгерту

 

қажеттiлiгi туралы қорытынды бередi;

     9) мыналар:

     тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi нақтылау;

     бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын нақтылау және бюджеттiк

бағдарламаларды iске асыру нәтижелерi туралы Қаржы министрлiгiнің ақпараты

негiзiнде бюджеттiк бағдарламаларды одан әрi iске асыру жөнiндегi

ұсыныстарды қарайды және әзiрлейдi;

     10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да функцияларды

жүзеге асырады.


                   IV. Комиссияның құқықтары


     6. Комиссия өзiнің мiндеттерiне сәйкес:


 
       1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауға, сондай-ақ Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн мамандарды және сарапшыларды жұмысқа тартуға;
      2) оның құзыретiне енетiн мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауға және ұсыныстар енгiзуге;
      3) Заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк және басқа да

 

ұйымдардан Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды

сұратуға және оларды алуға;

     4) Комиссияның мiндеттерiн iске асыруға байланысты мәселелер бойынша

мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың бiрiншi басшыларын, ал олар болмаған

кезде - бiрiншi басшысының мiндетiн атқарушы тұлғаларды Комиссияның

отырыстарына шақыруға және тыңдауға құқығы бар.


        V. Комиссияны қалыптастыру және оның қызметiнiң тәртiбi


     7. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасы Үкiметiнің ұсынуы

бойынша Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.

     8. Комиссияның органдары:

     1) Комиссияның жұмыс органы;

     2) Комиссияның төрағасы;

     3) Комиссия төрағасының орынбасарлары;

     4) Комиссияның хатшысы.

     9. Комиссия отырыстары арасындағы кезеңде оның қызметінің ұйымдастыру

мәселелерiн Комиссияның жұмыс органы шешедi.


 
       10. Комиссияның төрағасы оның қызметiн басқарады, Комиссияның отырыстарына төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн жауап бередi. Комиссияның төрағасы болмаған кезде оның функцияларын төраға тағайындаған орынбасары орындайды.
      11. Комиссияның хатшысы комиссия отырысының күн тәртiбi жөнiнде ұсыныстар, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындайды және оны өткiзгеннен кейiн хаттамаларды ресiмдейдi.
      12. Жұмыстың жоспар-кестесiн Комиссия белгiлейдi. Республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу кезеңiнде Комиссия жұмысының жоспар-кестесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесiнде айқындалған мерзiмдерге сәйкес белгiленедi.
      13. Комиссия мүшелерінің отырыстарға қатысу жөнiндегi өздерiнiң өкiлеттiктерiн басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
      14. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыспен, сондай-ақ комиссия мүшелерiне сауал қою жолымен қабылданады және егер олар үшiн Комиссия мүшелерiнің жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданған болып саналады. Комиссия мүшелерi шешiмдер қабылдау кезiнде тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссияның төрағасы дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.
      15. Комиссия отырыстарының күн тәртiбi мәселелерiн қараудың нәтижелерi әрбiр мәселе бойынша дауыс берудің қорытындысын көрсете отырып, тиiстi хаттамаларға енгiзiледi және төраға анықтайтын жағдайларда Комиссияның отырысқа қатысқан мүшелерi бұрыштама қояды. Комиссияның қабылданған шешiмi төраға мен хатшы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Комиссияның мүшелерi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда, отырыстың хаттамасына қоса берiлетiн өзiнiң ерекше пiкiрiн жазбаша түрде бiлдiруге құқығы бар.
      16. Комиссияның оған жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында қабылданған шешiмдерi барлық мемлекеттiк органдардың мiндеттi түрде қарауына және көрсетiлген мерзiмде орындауына жатады.
      17. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасының

 

Қаржы министрлiгiне жүктеледi.

     18. Комиссия анықтайтын мерзiмдерге және күн тәртiбiне сәйкес

Комиссияның отырыстарына материалдар дайындау, оларды Комиссияның

мүшелерiне, республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне және

жергiлiктi атқарушы органдарға тарату, Комиссия отырыстарының хаттамаларын

дайындау, сондай-ақ нормативтік құқықтық актiлерден және осы Ережеден

туындайтын басқа да функциялар жұмыс органдарының функциялары болып

табылады.


              VI. Комиссияның қызметiн тоқтату


     19. Комиссияның қызметiн тоқтатуға Қазақстан Республикасы

Президентінің Комиссияның қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдауы негiз

болады.

     20. Осы Ереженің 19-тармағында көрсетiлген, Комиссияның қызметiн

тоқтатуға әкеп соғатын жағдайлар туындаған кезде Қазақстан Республикасының

Президентiне және Қазақстан Республикасының Yкiметiне жасалған жұмыс

туралы есеп-хат жiберiледi.



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады