Уран өнiмiнің экспорты туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 4 наурыздағы N 261 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы N 778 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.28  N 778 Қаулысымен.

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы  Z960009_ Заңына және "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037  P971037_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрі - "Қазатомөнеркәсiп" ҰАК ЖАҚ) "Қазатомөнеркәсiп" ҰАК ЖАҚ пен "ТВЭЛ" ашық акционерлiк қоғамы (Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы) арасындағы 2000 жылғы 17 қарашадағы N 18 ұзақ мерзімді келiсiм-шарттың талаптарына сәйкес 235-уранның изотопы бойынша 3,0% + 0,05% байытылған 
                                                     - 4004 кг U мөлшеріндегі отындық таблеткалардың (СЭҚ ТН коды 2844 20 290) экспортына рұқсат берiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен "Қазатомөнеркәсiп" ҰАК ЖАҚ-қа осы қаулының 1-тармағында көрсетілген уран өнімін Қазақстан Республикасынан экспорттауға лицензия берсін. 
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті осы қаулының 1-тармағында көрсетілген өнімді кедендік бақылауды және кедендік ресімдеуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнің Атом энергетикасы жөнiндегi комитетіне жүктелсiн.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады