Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 наурыздағы N 389 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 11 наурыз N 284. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.11. N 1180 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Білім" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 наурыздағы N 389  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 12, 128-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.Ә. Мұхаметжановқа жүктелсін.";
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген "Білім" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      12 "Білім" беру ұйымдарының желісін тұрақтандыру және дамыту" бөлімінде:
      реттік нөмірі 56-жолдың "Орындалу мерзімі" бағанындағы "2001" деген сан "2002" деген санмен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады