"Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 8 қазандағы N 235 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 18 наурыз N 319

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 8 қазандағы N 235 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің
өкімі Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 8 қазандағы
N 235 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Жұмыс тобын құру туралы" 2001 жылғы 8 қазандағы N 235 өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      кіріспеде "Қазақстан Республикасы Заңының жобасын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Заңын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақта:
      жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілсін:

Павлов                    - Қазақстан Республикасы
Александр Сергеевич         Премьер-Министрінің орынбасары -
                            Қазақстан Республикасының Қаржы
                            министрі, жетекші

Тәжин                     - Қазақстан Республикасы
Марат Мұхамбетқазыұлы       Президентінің ұлттық қауіпсіздік
                            мәселелері жөніндегі көмекшісі -
                            Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік
                            Кеңесінің хатшысы, жетекшінің
                            орынбасары

Әйімбетов                 - Қазақстан Республикасының
Сейітсұлтан Сүлейменұлы     Әділет вице-министрі

Аймақов                   - Қазақстан Республикасының
Бауыржан Жаңабекұлы         Экономика және сауда вице-министрі

Аманбаев                  - Қазақстан Республикасының
Мұрат Ермұханұлы            ішкі істер вице-министрі

Әмрин                     - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Ғұсман Кәрімұлы             министрінің экономика және қаржы
                            жөніндегі орынбасары

Жақыпов                   - Қазақстан Республикасының
Қабиболла Қабенұлы          Көлік және коммуникациялар
                            бірінші вице-министрі

Қарағұсова                - Қазақстан Республикасының
Гүлжан Жанпейісқызы         Еңбек және халықты әлеуметтік
                            қорғау министрі

Қосжанов                  - Қазақстан Республикасының
Төрехан Бекболұлы           Президенті Әкімшілігінің
                            Әлеуметтік-экономикалық талдау
                            бөлімі меңгерушісінің орынбасары

Мұтанов                   - Қазақстан Республикасының
Ғалымқайыр Мұтанұлы         Білім және ғылым бірінші вице-министрі

Ыбырайым                  - Қазақстан Республикасы
Нұрлан Мұхтарбекұлы         Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық
                            бөлімінің бас сарапшысы;

"Есенбаев                 - Қазақстан Республикасының
Мәжит Төлеубекұлы           Қаржы министрі, жетекшінің орынбасары",

"Бейсембетов              - Қазақстан Республикасы
Ескендір Қалыбекұлы         Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-
                            экономикалық талдау бөлімінің
                            меңгерушісі",

"Наймушина                - Қазақстан Республикасының
Ольга Вадимовна             Денсаулық сақтау іс жөніндегі
                            агенттігі төрағасының бірінші орынбасары"

     деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Есенбаев                 - Қазақстан Республикасының
Мәжит Төлеубекұлы           Экономика және сауда министрі,
                            жетекшінің орынбасары",

"Бейсембетов              - Қазақстан Республикасы
Ескендір Қалыбекұлы         Стратегиялық жоспарлау жөніндегі
                            агенттігінің төрағасы",

"Наймушина                - Қазақстан Республикасының
Ольга Вадимовна             Денсаулық сақтау вице-министрі";

      көрсетілген құрамнан Жандосов Ораз Әлиұлы, Сәрсенбаев Алтынбек Сәрсенбайұлы, Бәйменов Әлихан Мұхамедияұлы, Донақов Талғат Советбекұлы, Ертілесова Жаннат Жұрғалиқызы, Жәмішев Болат Бидахметұлы, Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы, Қощанова Жанаркүл Тоғызбайқызы, Құлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы, Мамин Асқар Ұзақбайұлы шығарылсын;
      2-тармақтағы "екі ай мерзімде" деген сөздер "2002 жылғы 1 сәуірге дейін" деген сөздермен, "Қазақстан Республикасы Заңының жобасын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Заңын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады