"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы қаржылық ынтымақтастық туралы келісімді (2000 ж.) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 30 наурыз N 380

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік

Республикасының Үкіметі арасындағы қаржылық ынтымақтастық туралы келісімді

(2000 ж.) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан

Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі



                                                        ЖОБА


        "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия Федеративтiк

          Республикасының Үкiметi арасындағы қаржылық ынтымақтастық

      туралы келiсiмдi (2000 ж.) бекiту туралы" Қазақстан Республикасының

                                   Заңы


     2001 жылғы 2 қазанда Берлин қаласында (Германия Федеративтiк

Республикасы) жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия

Федеративтiк Республикасының Үкiметi арасындағы қаржылық ынтымақтастық

туралы келiсiм (2000 ж.) бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

           Президентi


         Қазақстан Республикасының Yкіметi мен Германия Федеративтiк

       Республикасының Yкіметi арасындағы қаржылық ынтымақтастық туралы

                                  Келiсiм


                                (2000 ж.)


     Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия Федеративтік

Республикасының Үкіметі,

     Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы

арасында қалыптасқан достық қарым-қатынастар рухында iс-қимыл жасай

отырып,

     осы достық қарым-қатынастарды әрiптестік қаржылық ынтымақтастық

жолымен нығайтуға және тереңдетуге ерiк білдiре отырып,

     осы қарым-қатынастарды қолдау осы Келiсiмнің негiзiнде жатқанын ұғына

отырып,

     Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға

ниет ете отырып,

     2000 жылғы 28 қыркүйекте өткен үкiметаралық келiссөздерге сүйене

отырып,

     төмендегiлер туралы келiстi:


                              1-бап



 
       (1) Германия Федеративтік Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Yкіметiне немесе басқа алушыларға таңдау ұсынып отыр, егер жобаны қарау қорытындысында оны жүзеге асыруға қаражат бөлудің орындылығы анықталса және егер оның әлеуметтік инфрақұрылым жобасы бола отырып, қайтарымсыз қаржы салымын бөлу үшiн алғышарт болып табылатын ерекше талаптарға сай болатындығы қуатталса, "II-Туберкулезге қарсы күрес жөніндегi денсаулық сақтау бағдарламасы" жобасын жүзеге асыруға Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегi кредит институтынан (Майндағы Франкфурт қаласы) 5 000 000 (жазумен: бес миллион немiс маркасы, Евромен есептегенде: 2 556 459,41) немiс маркасын алу мүмкiндiгiн екi Үкiмет бiрлесiп жүзеге асырады.
      (2) Егер, осы баптың 1-тармағында аталған қуаттау осында көрсетiлген жобаға қатысты мүмкiн болмаса, Германия Федеративтік Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Үкiметiне Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегi кредит институтынан (Майндағы Франкфурт қаласы) қайтарымсыз қаржы салымы ретiнде көзделген сомаға дейiнгі мөлшерде осы жобаны қаржыландыруға несие ұсынады.
      (3) Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жоба Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия Федеративтiк Республикасы Үкiметiнің келiсуi бойынша басқа жобамен ауыстырылуы мүмкiн.
      (4) Егер, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жоба қоршаған орта немесе әлеуметтiк инфрақұрылым саласындағы жобамен не орта кәсiпорындарды кредитпен қамтамасыз ету жөнiндегi кепілдiк қормен немесе әйелдердiң қоғамдағы жағдайын жақсартуға, не кедейлiкпен күрес жөнiндегi өзiндiк көмектесудi дамытуға бағытталған шаралармен ауыстырылса және егер, осы жаңа жоба, қор немесе осы шаралар қайтарымсыз қаржы салымын бөлуге алғышарт болып табылатын ерекше талаптарға сай болса, онда мұндай салымның берiлуi мүмкiн; өзге жағдайда, несие берiлуi мүмкiн.
      (5) Егер, Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi мейлiнше кеш мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жобаны дайындау мақсатымен Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегi кредит институтынан (Майндағы Франкфурт қаласы) қосымша несие немесе қосымша қайтарымсыз қаржы салымын алу, не осы жобаны жүзеге асыру және оған қызмет қылу үшiн қажеттi тетелес шаралар қолдану мақсатымен қосымша қайтарымсыз қаржы салымын алуға мүмкiндiк берген жағдайда, осы Келiсiм қолданылатын болады.
      (6) Егер, дайындық және тетелес шаралар өткiзу үшiн осы баптың 5-тармағына сәйкес бөлiнген қайтарымсыз қаржы салымдары мұндай шараларды жүзеге асыруға пайдаланылмаса, несиеге ресiмделедi.
 
                            2-бап
 
      (1) Осы Келiсiмнің 1-бабында көрсетiлген сомалар, оларды бөлу шарттары, сондай-ақ тапсырыстарды орналастыру рәсiмi Германия Федеративтiк Республикасындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегi кредит институты мен несиенi және/немесе қайтарымсыз қаржы салымын алушылар арасында жасалған келiсiм-шарттармен реттеледi.
      Егер несие және қайтарымсыз қаржы салымын беру туралы тиiстi келiсiм-шарттар осы мiндеттеме күшiне енген жыл өтiсiмен сегiз жыл мерзімде жасалмаса, осы Келiсiмнің 1-бабында көрсетiлген сомаларды беру жөнiндегi мiндеттеме өз күшiн жояды. Осы сомаларға қатысты мерзiм 2008 жылғы 31 желтоқсанда өтедi.
      (2) Егер, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің өзi несие алушы болып табылмаса, Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегi кредит институтына осы баптың 1-тармағына сай жасалатын келiсiм-шарттарға сәйкес несие алушылардың мiндеттемелерi жөнiндегi барлық төлемдердің немiс маркасымен орындалуын кепілдi етедi.
      (3) Егер, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің өзi қайтарымсыз қаржы салымын алушы болып табылмаса, Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегi кредит институтына осы баптың 1-тармағына сай жасалатын қаржыландыру туралы келiсiм-шарттар негiзінде туындауы мүмкiн қаражатты қайтару туралы мүмкiн талаптарын қанағаттандыруды кепiлдi етеді.
 
                              3-бап
 
      Қазақстан Республикасының Үкiметi Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегi кредит институтын осы Келiсiмнің 2-бабында көрсетiлген келiсiм-шарттардың жасалуымен және жүзеге асырылуымен байланысты Қазақстан Республикасында алынатын барлық салықтан және басқа да мемлекеттiк алымдардан босатады.
 
                             4-бап
 
      Несие және қайтарымсыз қаржы салымын берумен байланысты жолаушыларды және жүктi құрлықпен, теңiзбен және әуе жолымен тасымалдау кезінде Қазақстан Республикасының Үкiметi жолаушылардың және жеткiзушiлердің тасымалдаушыны еркiн таңдауын қамтамасыз етедi, Германия Федеративтік Республикасында орналасқан тасымалдаушылардың тең құқықты қатысуын болдырмайтын және күрделендiретiн ешқандай шаралар қолданбайды және егер, қажет болса, олардың қатысуы үшiн қажеттi рұқсат бередi.
 
                              5-бап
 
      Осы Келiсiм Қазақстан Республикасының Үкiметi Германия Федеративтік

 

Республикасының Yкiметiне Келiсiмнің күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi

мемлекеттiк рәсiмдердiң орындалуы туралы хабар берген күнi күшiне енедi.

Хабарлама түскен күн Келiсiмнің күшiне енетiн күнi болып саналады.

     Берлин қаласында 2001 жылғы әрқайсысы қазақ, немiс және орыс

тiлдерiнде екi данамен жасалды және барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Қазақ

және немiс мәтiндерiн түсiндiруде алшақтық болған жағдайда, орысшасы

негiзгi мәтiн болып табылады.


     Қазақстан Республикасының      Германия Федеративтiк Республикасының

           Yкiметi үшін                          Yкiметi үшін

Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады