Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекпен және тұрғын үй көмегімен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 17 мамыр N 536

      Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын әлеуметтік қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2002 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Байқоңыр қаласында тұратын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды алуға құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін көрсету үшін Қызылорда облысының әкіміне 99690200 (тоқсан тоғыз миллион алты жүз тоқсан мың екі жүз) теңге бөлінсін.
      2. Қызылорда облысының әкімі Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды алуға құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтарына арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін төлеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Байқоңыр қаласында тұратын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды алуға құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтарына 2002 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген арнаулы

 

мемлекеттік жәрдемақыларды төлеуді қамтамасыз етсін.

     4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады