Қауiптi жүктердiң халықаралық жол тасымалы туралы еуропалық келiсiмдi қолдану бойынша Қазақстан Республикасының құзыреттi органын тағайындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 14 маусым N 651

      Қауiптi жүктердiң халықаралық жол тасымалы туралы 1957 жылғы 30 қыркүйектегi еуропалық Z010193_ келiсiмге (ҚЖХЖТ) қатысушы елдердiң құзыреттi органдарымен практикалық өзара iс-қимылды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасында оның талаптарын қолдануды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қауiптi жүктердiң халықаралық жол тасымалы туралы 1957 жылғы 30 қыркүйектегi еуропалық келiсiмдi (ҚЖХЖТ) қолдануға және автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердiң тасымалдарын ұйымдастыру мәселелерi бойынша орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардың (келiсiм бойынша) қызметiн үйлестiруге жауапты Қазақстан Республикасының құзыреттi органы болып Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi тағайындалсын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi қабылданған

 

шешiм туралы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясының

Хатшылығын хабардар етсiн.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады