"Қазақстан Республикасының Теңiз кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз iс-әрекеттермен күрес туралы конвенцияға және Құрлықтық шельфте орналасқан стационарлық платформалар қауіпсiздігiне қарсы бағытталған заңсыз iс-әрекеттермен күрес туралы хаттамаға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 12 шілде N 768

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Теңiз кеме қатынасы қауiпсiздiгiне

 

қарсы бағытталған заңсыз iс-әрекеттермен күрес туралы конвенцияға және

Құрлықтық шельфте орналасқан стационарлық платформалар қауiпсiздiгiне

қарсы бағытталған заңсыз iс-әрекеттермен күрес туралы хаттамаға қосылуы

туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының

Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                              жоба

                      Қазақстан Республикасының Заңы


    Қазақстан Республикасының Теңiз кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қарсы

     бағытталған заңсыз іс-әрекеттермен күрес туралы конвенцияға және

         Құрлықтық шельфте орналасқан стационарлық платформалар

         қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз iс-әрекеттермен

                   күрес туралы хаттамаға қосылуы туралы

     Қазақстан Республикасы 1988 жылғы 10 наурызда Рим қаласында жасалған

Теңiз кеме қатынасы қауіпсiздігiне қарсы бағытталған заңсыз

iс-әрекеттермен күрес туралы конвенцияға және Құрлықтық шельфте орналасқан

стационарлық платформалар қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз

iс-әрекеттермен күрес туралы хаттамаға қосылсын.

     Қазақстан Республикасының

            Президентi

           Теңiз кеме қатынасы қауiпсiздігіне қарсы бағытталған

                    заңсыз iс-әрекеттермен күрес туралы

                                 КОНВЕНЦИЯ

     Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер,


 
       Халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қолдауға және мемлекеттер арасындағы достастық қатынастар мен ынтымақтастықты дамытуға қатысты Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарын назарға ала отырып,
      атап айтқанда Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы мен Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакетiнде көрсетiлгендей өмiр сүруге, бостандыққа және жеке қол сұқпаушылыққа әркiмнiң құқығы бар екендiгiне мойындай отырып,
      қауiп төндiретiн немесе кiнәсiз адамдардың өмiрiн әкететiн, негiзгi бостандықтарға қауiп төндiретiн және адамзаттың қадiр-қасиетiн қорлайтын оның барлық нысандарында әлемдегi терроризм iс-әрекеттерiнiң күшеюiне алаңдай (қатты) отырып,
      теңiздегi кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз iс-әрекеттер адамдар мен мүлiктiң қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiнiн, теңiз қатынасын бұзатынын және теңiздегi кеме қатынасы қауiпсiздiгiне әлем халықтарының сенiмiн қазбалайды деп есептей отырып,
      сол сияқты iс-әрекеттер бүкiл әлемдiк қауымдастықтың қамдану себебi болып табылады деп санай отырып,
      болашақта теңiздегi кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қарсы және оларды жасайтын тұлғаларды қудалауға және жазаға тартуға бағытталған барлық заңсыз iс-әрекеттердiң алдын алу жөнiндегi тиiмдi және iс жүзiндегi шараларды әзiрлеудегi және қабылдаудағы мемлекеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың табанды қажеттiлiгiне сене отырып,
      басқаларының арасында "барлық мемлекеттердi бiр жақты тәртiппен және басқа мемлекеттермен, сондай-ақ Бiрiккен Ұлттар Ұйымының тиiстi органдарымен ынтымақтаса отырып, халықаралық терроризм негiзiнде жатқан себептердi бiртiндеп жоюға көмектесуге және отаршылдық, нәсілшілдiк және адам құқықтарын және негiзгi еркiндiктерiн жаппай және дөрекi бұзумен байланысты жағдайларды қоса алғанда барлық жағдайларға, сондай-ақ халықаралық терроризмдi тудыру және халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiкке қауiп келтiруi мүмкiн шетелдiң басқыншылық нәтижесiнде қалыптасқан жағдайларға ерекше көңiл бөлуге шақыратын" Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1985 жылғы 9 желтоқсандағы 40/61 қарарына жүгiне отырып,
      бұдан әрi Халықаралық теңiз ұйымының 40/61 қарарында "тиiстi шараларға қатысты ұсынымдар енгiзу мақсатында бортта немесе теңiз кемелерiне қарсы терроризм iс-әрекеттерiнiң проблемаларын зерделеу" ұсынылып отырғанына сүйене отырып,
      кемелер қауiпсiздiгiне және олардың жолаушылары мен экипаждарының қауiпсiздiгiне қатер келтiретiн заңсыз іс-әрекеттердiң алдын алу жөнiндегi шараларды әзiрлеуге шақыратын Халықаралық теңіз ұйымы Ассамблеясының 1985 жылғы 20 қарашадағы А. 584 (14) қарарын назарға ала отырып,
      осы Конвенцияның кеме бортында әдеттегi тәртiптi қолдау нормаларымен регламенттелетін экипаж iс-әрекеттерiне таратылмайтынын атай отырып,
      кемеге қарсы және осындай iс-әрекеттермен күреске бағытталған заңсыз iс-әрекеттердiң алдын алуға қатысты нормалар мен стандарттар мониторингiнiң ниеттiлiгiн растай отырып, бұл қажет болғанда оларды жаңарту мақсатында және осыған байланысты Халықаралық теңiз ұйымының Теңiздегi қауiпсiздiк жөнiндегi комитетi ұсынған кеме бортындағы жолаушылар мен экипажға қарсы заңсыз iс-әрекеттердiң алдын алу жөнiндегi шараларды қанағатпен назарға ала отырып,
      одан әрi осы Конвенциямен реттелмейтiн мәселелер жалпы халықаралық

 

құқық нормаларымен және қағидаттары мен реттелудi жалғастыратынын растай

отырып,

     теңiздегi кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз

iс-әрекеттермен күресте жалпы халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарын

барлық мемлекеттердiң қатаң сақтау қажеттiгiн мойындай отырып,

     төмендегілер туралы келiстi:

     1-бап

     Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн "кеме" ұстаудың динамикалық қағидаты

бар кеменi, су асты аппараттарын немесе кез келген басқа да жүзгiш

құралдарды қосқанда теңiз түбiнде тұрақты бекiтiлмеген кез келген кеменi

бiлдiредi.

     2-бап

     1. Осы Конвенция:

     а) әскери корабльге; немесе

     b) мемлекетке тиесiлi немесе ол әскери-қосалқы ретiнде не болмаса

кедендiк немесе саяси мақсаттары үшiн қолданылған кезде олар пайдаланатын

кемеге; немесе

     с) пайдаланудан шығарылған немесе қазыққа қойылған кемеге

қолданылмайды.

     2. Осы Конвенциядағы ешнәрсе әскери корабльдердiң және коммерциялық

емес мақсаттарда пайдаланылатын басқа да мемлекеттiк кемелердiң

иммунитетiн қозғамайды.

     3-бап

     1. Кез келген тұлға, егер ол заңсыз немесе қасақана:


 
       а) кеменi басып алса немесе оған күш көрсету қаупiмен немесе қорқытудың кез келген басқа да нысандары арқылы бақылауды жүзеге асырса; немесе
      b) кеме бортындағы тұлғаға қарсы зорлық iс-әрекет жасаса, егер бұл iс-әрекет осы кеменiң қауiпсiз жүзуiне қауiп төндiретiн болса; немесе
      с) кеменi бұзса немесе кемеге немесе оның жүгiне осы қауiпсiз жүзуiне қауiп төндiретiн зиян келтiрсе; немесе
      d) қандай да болсын әдiспен осы кеменi бұзу мүмкiн, осы кемеге немесе оның жүгiн зиян келтiру немесе осы кеменiң қауiпсiз жүзуiне қауiп төндiретiн немесе қауiп төндiруi мүмкiн құрылғыны немесе затты кеменiң бортына орналастырса немесе орналастыру мақсатында iс-әрекет жасаса; немесе
      e) теңiз навигациялық жабдығын бұзса немесе оған едәуiр зиян келтiрсе немесе оны пайдалануға айтарлықтай кедергілер жасаса, егер кез келген осындай iс-әрекет кеменiң қауiпсiз жүзуiне қауiп төндiруi мүмкiн болса; немесе
      f) осы арқылы кеменiң қауiпсiз жүзуiне қауiп төндiре отырып, алдын ала жалған мәлiметтер берсе; немесе
      g) кез келген тұлғаны жарақаттандырса немесе оны "а" - "f" тармақшаларында көрсетілген қылмыстардың қайсысын болмасын жасауына немесе жасау әрекетiне байланысты өлтiрсе қылмыс жасайды.
      2. Кез келген тұлға сондай-ақ егер ол:
      а) 1-тармақта көрсетiлген қылмыстардың қайсысын болмасын жасауға әрекет қылса; немесе
      b) 1-тармақта көрсетiлген кез келген тұлға жасаған қылмыстардың қайсысын болмасын жасауға итермелесе немесе өзге бiр жолмен осындай қылмысты жасаған тұлғамен бiрге қатысушы болса; немесе
      с) жеке немесе заңды тұлғаның қандай да болмасын iс-әрекет жасауға немесе одан тартынуға, 1-тармақтың "b", "с" және "e" тармақшаларында көрсетілген қылмыстардың қайсысын болмасын жасауға зорлық қылу мақсатында ұлттық заңнамада көзделгендей шартпен немесе онсыз қорқытса, егер осы қауiп айтылып отырған кеменiң қауiпсiз жүзуiне қауiп төндiретiн болса қылмыс жасайды.
 
      4-бап
 
      1. Осы Конвенция егер кеме жүзу жасаса немесе оның бағыты қандай да болмасын мемлекеттiк аумақтық теңiздiң сыртқы шекарасынан тыс немесе шекаралас мемлекеттермен оның аумақтың теңiзiнiң бүйiрлiк шекарасынан тыс орналасқан суларға, сулар арқылы немесе судан жүзудi қамтыса қолданылады.
      2. Осы Конвенция 1-тармаққа сәйкес қолданылмаған жағдайларда ол соған

 

қарамастан қылмыскер немесе болжанған қылмыскер 1-тармақта айтылған

мемлекеттен өзге қатысушы мемлекеттiң аумағында болса қолданылады.

     5-бап

     Әрбiр қатысушы мемлекет 3-бапта көрсетiлген қылмыстардың ауыр сипатын

ескере отырып, қылмыстар үшiн үшiн тиiстi жазаларды көздейді.

     6-бап

     1. Әрбiр қатысушы мемлекет қылмыс:

     а) осы қылмыс жасалу кезiнде осы мемлекеттiң жалауы астында жүзген

кемеге қарсы немесе бортында; немесе

     b) осы мемлекеттiң аумағында, оның аумақтық теңiзiн қоса алғанда;

немесе


 
       с) осы мемлекеттiң азаматымен жасалғанда 3-бапта көрсетiлген қылмыстарға қатысты өзiнiң заңдық иелiгiн орнату үшiн қажет болуы мүмкiн шараларды қабылдайды.
      2. Қатысушы мемлекет сондай-ақ:
      а) әдетте осы мемлекетте тұратын азаматтығы жоқ тұлға; немесе
      b) оны жасау кезiнде осы мемлекеттiң азаматы ұсталса, қорқытуға әрекет жасаса, жарақаттанса немесе өлтiрiлсе; немесе
      с) ол осы мемлекеттi қандай да болмасын iс-әрекет жасауға немесе одан бас тартуға мәжбүр ету мақсатында жасаса кез келген осындай қылмысқа қатысты өзiнiң заңдық иелігiн орната алады.
      3. 2-тармақта айтылған заңдық иелiктi белгiлеген кез келген қатысушы мемлекет бұл туралы Халықаралық теңiз ұйымының Бас хатшысын (төменде "Бас хатшы" деп аталған) хабарландырады.
      4. Әрбiр қатысушы мемлекет 3-бапта көрсетiлген қылмыстарға қатысты оның заңды иелігiн белгiлеу үшiн болжамды қылмыскер оның аумағында болған немесе ол осы баптың 1 және 2 тармақтарына сәйкес өзiнiң заңдық иелігiн белгiлеген қандай да бiр мемлекеттердiң бiрiне бермеген жағдайда қажеттi болып табылуы мүмкiн осындай шараларды қабылдайды.
      5. Осы Конвенция ұлттық заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын ешқандай қылмыстық заңдық иелiктi жоймайды.
 
      7-бап
 
      1. Оны жағдайлары талап ететiнiне көз жеткiзе отырып, аумағында қылмыскер немесе болжамды қылмыскер бар кез келген қатысушы мемлекет, өзiнiң заңнамасына сәйкес оны қамауға алады немесе қылмыстық қудалау немесе беру бойынша iс-қимылдар қабылдау үшiн қажет уақыт iшiнде оның бар болуын қамтамасыз ететiн басқа да шаралар қабылдайды немесе басқа да шаралар қолданады.
      2. Осындай мемлекет дереу өзiнiң заңнамасына сәйкес деректерге алдын ала тексеру жүргiзедi.
      3. Оған қатысты 1-тармақта айтылған шаралар қолданылатын кез келген тұлға:
      а) ол азаматы болып табылатын немесе өзге де тәсiлмен осындай байланысты орнатуға құқылы мемлекеттiң тиiстi өкілімен немесе ол азаматтығы жоқ тұлға болса, әдетте ол аумағында тұратын мемлекеттiң өкiлiмен байланысуға;
      b) оған осы мемлекеттiң өкiлi келуге құқылы.
      4. 3-тармақта айтылған құқықтар аумағында қылмыскер немесе болжамды қылмыскер бар мемлекеттiң заңдарына және ережелерiне сәйкес, айтылған заңдар мен ережелер 3-тармаққа сай ұсынылатын құқықтарға арналған мақсаттарды толығымен жүзеге асыруға мүмкiндiк берген жағдайда жүзеге асырылады.
      5. Осы бапқа сәйкес қатысушы мемлекет тұлғаны қамауға алған кезде, баптың 1-тармағына сәйкес ол заңдық иелiк орнатқан мемлекеттерге
      6. және егер ол орынды деп есептесе, кез келген басқа да мүдделi мемлекеттерге оларда қамауда осындай тұлға бар екендiгi туралы және оны ұстауды талап ететiн жағдайлар туралы кiдiрiссiз хабарлайды. Осы баптың 2-тармағында көзделген алдын ала тексерудi жүргізетiн мемлекет оның нәтижелерi туралы айтылған мемлекеттерге дереу хабарлайды және құқықтық иелiктi жүзеге асыруға оның ниетi бар ма екендiгiн көрсетедi.
 
      8-бап
 
      1. Қатысушы мемлекет ("ту астындағы мемлекет") кемесiнiң капитаны 3-бапта көрсетілген қылмыстардың бiрiн жасады деп есептеуге оған қатысты сенiмдi негiзi бар кез келген тұлғаны кез келген басқа қатысушы мемлекеттiң ("қабылдайтын мемлекет") құзыреттi органдарына бере алады.
      2. Ту астындағы мемлекет 1-тармаққа сәйкес бортында оның беруге ниетi бар кез келген тұлға бар кеменiң капитаны қабылдаушы мемлекеттiң құзыреттi органдарына өзiнiң осындай тұлғаны беру ниетi туралы және беру себептерi туралы хабарламаны осыны шын мәнiнде жүзеге асыру мүмкiн болғанда және мүмкiндiгiнше кеме қабылдаушы мемлекеттiң аумақтық теңiзiне кiргенге дейiн беруiн қамтамасыз етедi.
      3. Қабылдаушы мемлекет берiлiп отырған тұлғаны осындай берудi тудыратын iс-әрекеттерге осы Конвенция қолданылмайды деп есептеуге оның барлық негiздерi болған жағдайы есептемегенде қабылдайды және 7-баптың ережелерiне сәйкес iс-қимыл жасайды. Берiлетiн тұлғаны қабылдаудан кез келген бас тартуға, бас тартудың себептерi туралы өтiнiш қоса берiледi.
      4. Ту астындағы мемлекет болжанып отырған қылмысқа қатысты, капитанның иелiгiнде бар дәлелдемелердi кеме капитанының қабылдаушы мемлекеттiң құзыреттi органдарына ұсынуын қамтамасыз етедi.
      5. 3-тармаққа сәйкес тұлғаны берудi алған қабылдаушы мемлекет өз кезегiнде ту астындағы мемлекетке осы тұлғаны беру туралы өтiнiш жасайды. Ту астындағы мемлекет осындай кез келген өтiнiштi қарайды және егер ол оны қанағаттандырса онда 7-бапқа сәйкес әрекет жасайды. Егер ту астындағы мемлекет өтiнiшiн қайтарса, ол қабылдаушы мемлекетке бас тартуының себептерi баяндалған өтiнiшiн ұсынады.
 
      9-бап
 
      Осы Конвенция, олардың туы астында жүзбейтiн кемелердiң бортындағы мәжбүрлiк шараларды тексеру немесе қабылдау бойынша құқықтық иелiктi жүзеге асыратын мемлекеттердiң құзыретiне жататын халықаралық құқық нормаларын қозғамайды.
 
      10-бап
 
      1. Аумағында қылмыскер немесе болжанып отырған қылмыскер бар қатысушы мемлекет 6-бап қабылданған жағдайда, егер ол оны бермесе, қандай да болмасын ерекшелiктерсiз және қылмыс оның аумағында жасалған жасалмағанына қарамастан, өзiнiң заңнамасына сәйкес тергеу жүргiзу арқылы қылмыстық тексеру мақсаттары үшiн iстi өзiнiң құзыреттi органдарына кiдiрiссiз беруi тиiс. Бұл органдар ауыр сипаттағы кез келген басқа да қылмыс жағдайындағыдай әдiспен осы мемлекеттiң заңнамасына сәйкес шешiм қабылдайды.
      2. Оған қатысты 3-бапта көрсетiлген қылмыстардың кез келгенiне байланысты тергеу жүзеге асырылған кез келген тұлғаға тергеудiң барлық сатысында әдiл қатынас болатындығына, оның ішінде ол аумағында болған мемлекеттiң заңнамасында осындай тергеу үшiн көзделген барлық құқықтар мен кепiлдiктердi пайдалануға кепілдiк берiледi.
 
      11-бап
 
      1. 3-бапта көрсетiлген қылмыстар қандай да болмасын қатысушы мемлекеттердiң арасында бар беру туралы кез келген шартқа берудi тудыратын қылмыстар ретiнде енгiзiлуге жатады деп есептеледi. Қатысушы мемлекеттер осындай қылмыстарды олардың арасында жасалатын беру туралы барлық шарттарға берудi тудыратын қылмыстар ретiнде енгiзуге мiндеттенедi.
      2. Егер берудi шарттың бар болуымен байланыстыратын қатысушы мемлекет, онымен беру туралы шарты жоқ басқа қатысушы мемлекеттен беру туралы өтiнiш алса, сұрау салған мемлекет осы Конвенцияны 3-бапта көрсетiлген қылмыстарға қатысты беруге заңды негiз ретiнде өз қалауы бойынша қарайды. Беру сұрау салған мемлекеттiң заңнамасында көзделген басқа да шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Берудi шарттың бар болуымен байланыстырмайтын қатысушы мемлекеттер өздерiнiң арасындағы қатынастарда 3-бапта көрсетiлген қылмыстарды сұрау салатын мемлекеттiң заңнамасында көзделген шарттарды сақтай отырып берудi тудыратын қылмыстар ретiнде қарамайды.
      4. Егер қажет болса 3-бапта көрсетiлген қылмыстарды, олар жасалған жерiнде ғана емес, сондай-ақ беру туралы өтiнiшпен шыққан қатысушы мемлекеттiң құқықтық иелiк шегiнде қандай да бiр жерде жасалған болса қатысушы мемлекеттер беру мақсаттары үшiн қарайды.
      5. 6-бапқа сәйкес құқықтық иелiк белгiлеген мемлекеттiң беру туралы бiреуден көп өтiнiш алған және қылмыстық қудалауды қозғамау шешiмiн қабылдаған қатысушы мемлекет қылмыскер немесе болжанып отырған қылмыскер берiлуi тиiс мемлекеттi таңдаған кезде қылмыс жасалған кезде кеме туының астында жүзген қатысушы мемлекеттiң мүдделерi мен мiндеттерiн тиiстi түрде ескередi.
      6. Осы Конвенцияға сәйкес болжанып отырған қылмыскердi беру туралы өтiнiштi қарау кезiнде сұрау салған мемлекет болжанып отырған қылмыскердiң 7-баптың 3-тармағында көрсетiлген құқықтары сұрау салған мемлекетте iске асырылу мүмкiндiгi туралы мәселеге тиiстi назар аударады.
      7. Осы Конвенцияда көрсетiлген қылмыстарға қатысты беру туралы қатысушы мемлекеттердiң арасындағы барлық шарттар мен келiсiмдердiң ережелерi олар осы Конвенцияда үйлеспейтiн шамада қатысушы мемлекеттердiң арасындағы қатынастарда өзгередi.
 
      12-бап
 
      1. Қатысушы мемлекеттер бiр бiрiне 3-бапта көрсетiлген қылмыстарға қатысты басталған қылмыстық қудалауға байланысты, тергеу үшiн қажеттi оларда бар дәлелдемелердi алуға жәрдемдi қоса алғанда, барынша мүмкiн көмек көрсетедi.
      2. Қатысушы мемлекеттер 1-тармақ бойынша олардың арасында болуы мүмкiн өзара құқықтық көмек туралы кез келген шартқа сәйкес өз мiндеттемелерiн орындайды. Осындай шарттар болмаған жағдайда қатысушы мемлекеттер өздерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес бiр бiрiне көмек көрсетедi.
 
      13-бап
 
      1. Қатысушы мемлекеттер 3-бапта көрсетілген қылмыстардың алдын алуда, атап айтқанда:
      а) олардың аумақтарының шегiнде және тысқары осы қылмыстарды жасауға олардың тиiстi аумақтарының шегiнде дайындықтың алдын алу жөнiнде iс жүзiнде жүзеге асырылатын барлық шараларды қабылдау;
      b) олардың ұлттық заңнамасына сәйкес ақпаратпен алмасу және 3-бапта көрсетiлген қылмыстардың жасалуының алдын алу мақсатында қажет болғанда қабылданатын әкiмшілiк және басқа да шараларды үйлестiру арқылы ынтымақтасады.
      2. 3-бапта көрсетiлген қандай да бiр қылмысты жасау нәтижесiнде кеменiң рейсi кідiрсе немесе үзiлсе кеме, жолаушылар немесе экипаж аумағында тұрған кез келген қатысушы мемлекет кеменiң, оның жолаушыларының, экипажының немесе жүгiнiң негiзсiз кідiруiн болдырмау үшiн мүмкiндiгiнше барлық күшiн салуы тиiс.
 

 

     14-бап

     3-бапта көрсетiлген қандай да бiр қылмыс жасалуы мүмкiн деп есептеуге

негiзi бар кез келген қатысушы мемлекет өзiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес,

оның пiкiрi бойынша 6-бапқа сәйкес құқықтық иелiктi белгiлейтiн мемлекет

болып табылатын сол мемлекеттерге өзiнде бар кез келген тиiстi ақпаратты

мүмкiндiгiнше жедел бередi.

     15-бап

     1. Қатысушы мемлекеттердiң әрқайсысы өздерiнiң ұлттық заңнамасына

сәйкес Бас хатшыға мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде:

     а) қылмыстың жағдайларына;

     b) 13-баптың 2-тармағына сәйкес қабылданған iс-әрекеттерге;


 
       с) қылмыскерге немесе болжанып отырған қылмыскерге қатысты қолданылған шараларға және атап айтқанда беру және басқа да құқықтық iс-әрекеттер бойынша кез келген iс-қимылдардың нәтижелерiне қатысты өзiнде бар кез келген ақпаратты хабарлайды.
      2. Аумағында болжанып отырған қылмыскер қылмыстық қудалауға тартылған қатысушы мемлекет өзiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес тергеудiң соңғы нәтижелерi туралы Бас хатшыға хабарлайды.
      3. 1 және 2-тармақтарға сәйкес берiлген ақпаратты Бас хатшы барлық қатысушы мемлекеттерге, Халықаралық теңiз ұйымы мүшелерiне (төменде "Ұйым" деп аталатын), барлық мүдделi мемлекеттер мен тиiстi халықаралық үкiметаралық ұйымдарға хабарлайды.
 
      16-бап
 
      1. Осы Конвенцияны түсiндiруге немесе қолдануға қатысты екi немесе одан артық қатысушы мемлекеттердiң арасындағы ақылға қонымды уақыт iшiнде келiссөздер арқылы реттелмейтiн кез келген дау-дамай олардың бiреуiнiң өтiнiшi бойынша төрелiк сотқа берiледi. Егер төрелiк сот туралы өтiнiш берiлген күннен бастап алты ай iшiнде тараптар төрелiк сотты ұйымдастыру туралы келiсе алмаса, осы тараптардың кез келгенiнiң өтiнiшi бойынша дау-дамай Сот Мәртебесiне сәйкес Халықаралық Сотқа берiлу мүмкiн.
      2. Әрбiр мемлекет осы Конвенцияға қол қою, ратификациялау қабылдау немесе бекiту немесе оған қосылу кезiнде 1-тармақтың қандай да бiр ережесiмен немесе барлық ережелерiмен шектелмейтiндiгi туралы өтiнiш жасай алады. Басқа қатысушы мемлекеттер осындай ескертпе жасаған кез келген қатысушы мемлекетке қатысты осындай ережелермен шектелмейтiн болады.
      3. 2-тармаққа сәйкес ескертпе жасаған кез келген мемлекет кез келген уақытта Бас хатшыны хабардар ету арқылы осы ескертпенi алып тастай алады.
 
      17-бап
 
      1. Осы Конвенцияны Римде 1988 жылғы 10 наурызда Теңiздегi кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз iс-әрекеттермен күрес жөнiндегi халықаралық конференцияға қатысушы мемлекеттер және Ұйымның штаб-пәтерінде 1988 жылғы 14 наурыздан бастап 1989 жылғы 9 наурызға дейiн барлық мемлекеттер қол қою үшiн ашты. Осыдан кейiн Конвенция қосылу үшiн ашық болып қала бередi.
      2. Мемлекеттер осы Конвенцияның олар үшiн мiндеттi екендiгiне өзiнiң келiсiмiн:
      а) ратификациялауға, қабылдауға немесе бекiтуге ескертпесiз қол қою; немесе
      b) кейiннен ратификациялаумен, қабылдаумен немесе бекiтумен ратификациялауға, қабылдауға немесе бекiтуге қатысты ескертпемен қол қою; немесе
      с) қосылу арқылы бiлдiре алады.
      3. Ратификациялау қабылдау бекiту немесе қосылу Бас хатшыға тиiстi құжаттарды сақтауға тапсыру арқылы жүзеге асырылады.
 
      18-бап
 
      1. Осы Конвенция он бес мемлекет ратификациялау, қабылдау немесе бекiтуге қатысты ескертпесiз қол қойған, не болмаса ратификациялау, қабылдау бекiту немесе қосылу туралы тиiстi құжаттар сақтауға тапсырылған күннен бастап тоқсан күннен кейiн күшiне енедi.
      2. Осы Конвенцияны ратификациялау, қабылдау немесе бекiту немесе оған қосылу туралы құжатты сақтауға тапсырған мемлекет үшiн Конвенцияның күшiне енуi, ратификациялануы, қабылдануы, бекiтiлуi немесе оған қосылуы үшiн қажеттi шарттар орындалғаннан кейiн осындай сақтауға тапсыру күнiнен тоқсан күннен кейiн күшiне енедi.
 
      19-бап
 
      1. Осы Конвенцияның күшiн кез келген қатысушы мемлекет бұл мемлекет үшiн осы Конвенция күшiне енген күнiнен бастап бiр жыл өткеннен кейiн кез келген уақытта жоя алады.
      2. Күшiн жою Бас хатшыға күшiн жою туралы құжатты сақтауға тапсыру арқылы жүзеге асырылады.
      3. Күшiн жою Бас хатшы күшiн жою туралы құжатты алған күннен бiр жыл

 

өткеннен кейiн немесе күшiн жою туралы құжатта көрсетiлуi мүмкiн үлкен

мерзiм бiткеннен кейiн күшiне енедi.

     20-бап

     1. Ұйым осы Конвенцияны қайта қарау немесе оған түзетулер енгiзу

мақсатында конференция шақыра алады.

     2. Бас хатшы қатысушы мемлекеттердiң үштен бiрiнiң немесе он қатысушы

мемлекеттiң, қайсысының саны көп болуына байланысты, өтiнiшi бойынша

Конвенцияны қайта қарау немесе оған түзетулер енгiзу мақсатында қатысушы

мемлекеттердiң конференциясын шақырады.

     3. Осы Конвенцияға түзету күшiне енген күнiнен кейiн сақтауға

тапсырылған ратификациялау, қабылдау, бекiту немесе қосылу туралы кез

келген құжат оған енгiзiлген түзетумен бiрге Конвенцияға қатысты ретiнде

қаралады.

     21-бап

     1. Осы Конвенция Бас хатшыға сақтауға тапсырылады.

     2. Бас хатшы:


 
       а) осы Конвенцияға қол қойған немесе оған қосылған барлық мемлекеттердi, сондай-ақ ұйымның барлық мүшелерiн:
      i) Конвенцияға әрбiр жаңа қол қою немесе, олардың күндерiн көрсете отырып ратификациялау, қабылдау, бекiту немесе қосылу туралы құжатты сақтауға тапсыру;
      іi) осы Конвенцияның күшiне ену күнi;
      ііі) осы Конвенцияның күшiн жою туралы кез келген құжатты оны алған

 

күнiн және күшiн жоюдың күшiне ену күнi көрсетiле отырып, сақтауға тапсыру;

     iv) осы Конвенцияға сәйкес жасалған кез келген өтiнiш немесе

хабарландыруды алғаны туралы хабарлар етедi;

     b) осы Конвенцияның түпнұсқа мәтiнiнiң расталған көшiрмелерiн

Конвенцияға қол қойған немесе оған қосылған барлық мемлекеттерге жiбередi.

     3. Депозитарий осы Конвенция күшiне енiсiмен оның түпнұсқа мәтiнiнiң

расталған көшiрмесiн Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына Бiрiккен

Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес тiркеу және жариялау үшiн

жiбередi.

     22-бап

     Осы Конвенция бiр түпнұсқа данада ағылшын, араб, испан, қытай, орыс

және француз тiлдерiнде жасалды және барлық мәтiндерi бiрдей болып

табылады.

     Осыны куәландыру үшiн тиiстi үкiметтермен тиiстi түрде осыған

уәкілеттендiрілген төменде қол қоюшылар осы Конвенцияға қол қойды.

     Римде бiр мың тоғыз жүз сексен сегізінші жылғы оныншы наурызда

жасалды.

           Құрлықтық шельфте орналасқан стационарлық платформалар

    қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз iс-әрекеттермен күрес туралы

                                 ХАТТАМА

     Осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттер,


 
       Теңiз кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз іс-әрекеттермен күрес туралы конвенцияның қатысушысы бола отырып,
      Конвенцияның әзiрлену себептерi құрлықтық шельфте орналасқан стационарлық платформаларға да қатысы бар екендiгiн мойындай отырып,
      осы Конвенцияның ережелерiн назарға ала отырып,
      осы Хаттама реттемейтiн мәселелер жалпы халықаралық құқықтың нормаларымен және қағидаттарымен регламенттеле беретiндiгiн растай отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:
 
      1-бап
 
      1. Теңiз кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз iс-әрекеттермен күрес туралы конвенцияның (төменде "Конвенция" деп аталатын) 5 және 7 және 10-16 баптарының ережелерi осындай қылмыстар бортта немесе қылмыстық шельфте орналасқан стационарлық платформаларға қарсы жасалғанда осы Хаттаманың 2-бабына көрсетiлген қылмыстарға да mutatis mutandis қолданылады.
      2. 1-тармаққа сәйкес осы Хаттама қолданылмаған жағдайларда, егер қылмыскер немесе болжанып отырған қылмыскер iшкі суларында немесе аумақтық теңiзiнде стационарлық платформа орналасқан [мемлекеттен]1 өзге қатысушы мемлекеттiң аумағында болса, ол сонда да болса қолданылады.
      3. Осы Хаттаманың мақсаттары үшiн "стационарлық платформа" ресурстарды барлау немесе өндiру үшiн немесе басқа да экономикалық мақсаттар үшiн теңiз түбiнде тұрақты бекiтiлген жасанды аралды, қондырғыны немесе ғимаратты бiлдiредi.
 
      2-бап
 
      1. Кез келген тұлға егер ол заңсыз және қасақана:
      а) стационарлық платформаны басып алса немесе оған күшпен немесе күш көрсету қаупiмен немесе қорқытудың кез келген басқа түрi арқылы бақылауды жүзеге асырса; немесе
      b) стационарлық платформадағы тұлғаға қарсы зорлық-зомбылық iс-әрекетiн жасаса, егер бұл iс-әрекет оның қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн болса; немесе
      с) стационарлық платформаны бұзса немесе оның қауiпсiздiгiне қауiп келтiруi мүмкін зиян келтiрсе; немесе
      d) осы стационарлық платформаны бұзуы немесе қауiпсiздiгiне қауiп төндiруi мүмкiн құрылғыны немесе затты қандай да болмасын әдiспен стационарлық платформаға орнатса, немесе орнату мақсатында іс-әрекет жасаса; немесе
      е) "а" - "d" тармақшаларында көрсетiлген қылмыстардың қандай да бiрiн жасауға немесе жасау әрекетiне байланысты кез келген тұлға жарақат әкелсе немесе оны өлтiрсе қылмыс жасайды.
      2. Кез келген тұлға, сондай-ақ егер ол:
      а) 1-тармақта көрсетiлген қылмыстардың қандай да бiрiн жасауға әрекеттенсе; немесе
      b) кез келген тұлға жасайтын осындай қылмыстардың қандайын болмасын жасауға итермелесе немесе өзге бiр тәсiлмен осындай қылмысты жасаған тұлғамен бiрге қатысушы болып табылса; немесе
      с) бұл ұлттық заңнамада көзделгендей шартпен немесе онсыз жеке немесе заңды тұлғаны қандай да болмасын iс-әрекет жасауға немесе одан бас тартуға "b" және "с" тармақшаларында көрсетiлген қылмыстардың қандай да бiрiн жасауға мәжбүр ету мақсатында қорқытса, егер осы қорқыту стационарлық платформаның қауiпсiздiгiне қауiп төндiруi мүмкiн болса, қылмыс жасайды.
 
      3-бап
 
      1. Қылмыс:
      а) стационарлық платформа осы мемлекеттiң құрлықтық шельфiнде орналасқанда оған қарсы немесе бортында; немесе
      b) осы мемлекеттiң азаматымен жасалғанда әрбiр қатысушы мемлекет 2-бапта көрсетiлген қылмыстарға қатысты оның құқықтық иелігiн орнату үшiн қажет болуы мүмкiн шараларды қабылдайды.
      2. Қатысушы мемлекет кез келген қылмысқа қатысты өзiнiң құқықтық иелiгiн орната алады, егер:
      а) оны әдетте осы мемлекетте тұратын азаматтығы жоқ тұлға жасаса; немесе
      b) оны жасау уақытында осы мемлекеттiң азаматы ұсталса, қорқытылса, жарақат алса немесе өлсе; немесе
      с) ол осы мемлекеттi қандай да болмасын әрекеттi жасауға немесе одан бас тартуға мәжбүр ету әрекетiнде жасалса.
      3. 2-тармақта айтылған құқықтық иелiктi орнатқан кез келген қатысушы мемлекет бұл туралы Халықаралық теңiз ұйымының Бас хатшысын (төменде "Бас хатшы" деп аталатын) хабардар етедi. Егер осындай қатысушы мемлекет осындай құқықтық иелiктен кейiннен бас тартса, ол бұл туралы Бас хатшыны хабардар етедi.
      4. Әрбiр қатысушы мемлекет 2-бапта көрсетiлген қылмыстарға қатысты өзiнiң құқықтық иелiгiн орнату үшiн қажет болуы мүмкiн шараларды қабылдайды, егер болжанып отырған қылмыскер оның аумағында болса және ол оны осы баптың 1 және 2 тармақтарына сәйкес өзiнiң құқықтық иелiгiн

 

орнатқан қатысушы мемлекеттердiң қайсысына болса да бермесе.

     5. Осы Хаттама ұлттық заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын қылмыстық

иелiктiң ешқайсысын да есептен алмайды.

     4-бап

     Осы Хаттамадағы еш нәрсе де құрлықтық шельфте орналасқан стационарлық

платформаларға қатысты халықаралық нормаларды ешқандай да әдiспен

қозғамайды.

     5-бап

     1. Осы Хаттама Римде 1983 жылғы 10 наурызда және Халықаралық теңiз

ұйымының (төменде "Ұйым" деп аталатын) штаб-пәтерiнде 1988 жылғы 14

наурыздан бастап 1989 жылғы 9 наурызға дейiн Конвенцияға қол қойған кез

келген мемлекет қол қою үшiн ашық. Бұдан кейiн хаттама қосылу үшiн ашық

болып қала бередi.

     2. Мемлекеттер өздерiнiң олар үшiн осы Хаттаманың мiндеттi екендiгiне:

     а) ратификациялауға, қабылдауға немесе бекітуге ескертпесiз қол қою;

немесе


 
       b) кейiннен ратификациялаумен, қабылдаумен немесе бекiтумен ратификациялауға, қабылдауға немесе бекiтуге қатысты ескертпемен қол қою; немесе
      с) қосылу арқылы бiлдiре алады.
      3. Ратификациялау, қабылдау, бекiту немесе қосылу Бас хатшыға тиiстi құжаттарды сақтауға тапсыру арқылы жүзеге асырылады.
      4. Осы Хаттамаға тек қана ратификациялауға, қабылдауға немесе бекiтуге қатысты ескертпесіз қол қойған не болмаса Конвенцияны ратификациялаған, қабылдаған, бекiткен немесе оған қосылған мемлекеттер осы Хаттаманың қатысушысы бола алады.
 
      6-бап
 
      Осы Хаттама үш мемлекет ратификациялау, қабылдау немесе бекiтуге қатысты ескертпесiз қол қойған, не болмаса ратификациялау, қабылдау, бекiту немесе қосылу туралы тиiстi құжаттар сақтауға тапсырылған күннен бастағы тоқсан күннен кейiн күшiне енедi. Бiрақ осы Хаттама Конвенция күшiне енбейiнше, күшiне енбейдi.
      2. Осы Хаттаманы ратификациялау қабылдау немесе бекiту немесе оған [қосылу] туралы құжатты сақтауға тапсырған мемлекет үшiн Хаттаманың күшiне енуi, ратификациялануы, қабылдануы, бекiтiлуi немесе оған қосылуы үшiн қажеттi шарттар орындалғаннан кейiн осындай сақтауға тапсыру күнiнен тоқсан күннен кейiн күшiне енедi.
 
      7-бап
 
      1. Осы Хаттаманың күшiн кез келген қатысушы мемлекет бұл мемлекет үшiн осы Хаттама күшiне енген күнiнен бастап бiр жыл өткеннен кейiн кез келген уақытта жоя алады.
      2. Күшiн жою Бас хатшыға күшiн жою туралы құжатты сақтауға тапсыру арқылы жүзеге асырылады.
      3. Күшiн жою Бас хатшы күшiн жою туралы құжатты алған күннен бiр жыл

 

өткеннен кейiн немесе күшiн жою туралы құжатта көрсетiлуi мүмкiн үлкен

мерзiм бiткеннен кейiн күшiне енедi.

     4. Қатысушы мемлекеттiң Конвенцияның күшiн жоюы осы қатысушы осы

Хаттаманың күшiн жойғаны деп қаралады.

     8-бап

     1. Ұйым осы Хаттаманы қайта қарау немесе оған түзетулер енгiзу

мақсатында конференция шақыра алады.

     2. Бас хатшы қатысушы мемлекеттердiң үштен бiрiнiң немесе бес

қатысушы мемлекеттiң, қайсысының саны көп болуына байланысты, өтiнiшi

бойынша Хаттаманы қайта қарау немесе оған түзетулер енгiзу мақсатында

қатысушы мемлекеттердiң конференциясын шақырады.

     3. Осы Хаттамаға түзету күшiне енген күнiнен кейiн сақтауға

тапсырылған ратификациялау, қабылдау, бекiту немесе қосылу туралы кез

келген құжат оған енгiзiлген түзетумен бiрге Хаттамаға қатысты ретiнде

қаралады.

     9-бап

     1. Осы Хаттама Бас хатшыға сақтауға тапсырылады.

     2. Бас хатшы:


 
       а) осы Хаттамаға қол қойған немесе оған қосылған барлық мемлекеттердi, сондай-ақ ұйымның барлық мүшелерiн:
      i) Хаттамаға әрбiр жаңа қол қою [немесе] олардың күндерiн көрсете отырып ратификациялау, қабылдау, бекiту немесе қосылу туралы құжатты сақтауға тапсыру;
      ii) осы Хаттаманың күшiне ену күнi;
      ііі) осы Хаттаманың күшiн жою туралы кез келген құжатты оны алған

 

күнiн және күшiн жоюдың күшiне ену күнi көрсетiле отырып, сақтауға тапсыру;

     iv) осы Хаттамаға немесе Конвенцияға сәйкес жасалған және осы

Хаттамаға қатысты кез келген өтiнiш немесе хабарландыруды алғаны туралы

хабардар етедi;

     b) осы Хаттаманың түпнұсқа мәтiнiнiң расталған көшiрмелерiн

Конвенцияға қол қойған немесе оған қосылған барлық мемлекеттерге жiбередi.

     3. Депозитарий осы Хаттама күшiне енiсiмен оның түпнұсқа мәтiнiнiң

расталған көшiрмесiн Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына Бiрiккен

Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес тiркеу және жариялау үшiн

жiбередi.

     10-бап

     Осы Хаттама бiр түпнұсқа данада ағылшын, араб, испан, қытай, орыс

және француз тілдерiнде жасалды және барлық мәтiндерi бiрдей болып

табылады.

     Осыған куәландыру үшін тиісті үкіметтермен тиісті түрде осыған

уәкілеттендірілген төменде қол қоюшылар осы Хаттамаға қол қойды.

     Римде бір мың тоғыз жүз сексен сегізінші жылғы оныншы наурызда

жасалды.



     Мамандар:

            Омарбекова А.Т.

            Шарипова М.Е.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады