Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Түрікменстан Yкiметiнiң арасындағы кеден iстерiндегi ынтымақтастық пен өзара көмек туралы келiсiмді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 15 шілде N 778

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2679 U952679_ заң күші бар Жарлығының 16-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi

қаулы етеді:
     1. 2001 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында жасалған Қазақстан 
Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметінің арасындағы кеден 
iстерiндегi ынтымақтастық пен өзара көмек туралы келiсiм бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
            Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Түрікменстан
                  Yкiметiнiң арасындағы кеден iстерiндегi
                    ынтымақтастық пен өзара көмек туралы
                                 КЕЛIСIМ
     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен
Түрікменстан Үкiметi,
     достық қатынастарды, оның ішінде кеден iсi саласындағы ынтымақтастық
арқылы да дамытуға тілек бiлдiре отырып,


      кеден қызметтерiнiң ынтымақтастығы жолымен Тараптардың арасындағы

жолаушылар мен жүк қатынасын жеңілдетуге және жеделдетуге ықпал етуге
ұмтыла отырып,
     кедендiк құқық бұзушылықтардың Тараптар мемлекеттерінің экономикалық
мүдделеріне зиян келтіретіндігін ескере отырып,
     кедендiк заңнаманы сақтау мен кедендiк құқық бұзушылықтарға қарсы
күрес Тараптар мемлекеттерi кеден қызметтерiнiң ынтымақтастығы жағдайында
неғұрлым табысты жүзеге асырылатындығына көз жеткізе отырып,
     төмендегiлер туралы келiстi:
                                1-бап
                               Анықтама
     Осы Келiсiмнiң мақсаты үшiн қолданылатын терминдер мыналарды
бiлдiредi:


      "кедендiк заңнама" - тауарларды, жолаушылардың қол жүгін және жол жүгін, халықаралық пошталық жөнелтiлiмдердi, валюталық және басқа да құндылықтарды әкелудiң, әкетудiң және транзитінің, кедендiк баждарды, алымдарды және басқа да төлемдердi алудың, кедендiк төлемдер бойынша жеңiлдiктер берудiң, тыйым салулар мен шектеулер орнатудың, сондай-ақ тауарлардың Тараптар мемлекеттерiнiң кедендiк шекарасы арқылы өтуiн бақылаудың тәртiбiн реттейтiн Тараптардың нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң жиынтығы;
      "кедендік құқық бұзушылық" - кедендік заңнаманы бұзу немесе бұзуға әрекеттену;
      "кеден қызметтерi" - Тараптар мемлекеттерiнiң орталық кеден органдары;
      "тұлға" - кез келген жеке немесе заңды тұлға;
      "есірткі құралдары" - кейінгі өзгерістерімен және толықтыруларымен бiрге БҰҰ-ның 1961 жылғы Есiрткi құралдары туралы бірыңғай конвенциясының Z980257_ , сондай-ақ кейiнгi өзгерiстерiмен және толықтыруларымен бiрге БҰҰ-ның 1988 жылғы Есiрткi құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес туралы конвенциясының Z980246_ тiзiмдерiне енгiзiлген заттар;
      "психотроптық заттар" - кейінгі өзгерістерімен және толықтыруларымен бiрге БҰҰ-ның 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы тiзiмдерiне Z980249_ енгiзiлген заттар;
      "бақыланатын жеткiзiлiм" - есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысты адамдарды анықтау мақсатында құзыреттi органдардың рұқсатымен және бақылауымен Тараптар мемлекеттерiнiң аумағына есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың партияларын әкелуге, әкетуге немесе олардың транзитiне жол берiлетiн әдiс.
                                2-бап



                      Келiсiмнiң қолданылу аясы

      Тараптар осы Келiсiмнiң негiзiнде және кеден қызметтерi арқылы, өздерiнiң құзыреттерiнiң және Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларын сақтау шеңберiнде:
      а) Тараптар мемлекеттерiнiң арасындағы жолаушылар мен жүк қатынастарын, сондай-ақ пошталық жөнелтілімдерді кедендiк бақылауды жетілдiру;
      б) кедендiк құқық бұзушылықтардың алдын-алу, жолын кесу және тергеу;
      в) Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес кедендiк баждардың, алымдардың, басқа да төлемдер мен салықтардың алынуын, сондай-ақ кедендiк жеңiлдiктердiң қолданылуын қамтамасыз ету;
      г) кедендiк ресiмдеу рәсiмдерiн оңайлату мақсатында ынтымақтасады.
                                3-бап

Шынайылығын растау


      Бiр Тарап мемлекетi кеден қызметiнiң сұрау салуы бойынша екiншi Тарап мемлекетiнiң кеден қызметi алғашқы кеден қызметiне:
      а) сұрау салушы Тарап мемлекетінің кеден қызметіне ұсынылған жүк декларациясына қатысты берілген ресми құжаттардың түпнұсқалылығына;
      б) тауарлардың сұрау салынған Тарап мемлекетiнiң аумағынан сұрау салушы Тарап мемлекетiнiң аумағына әкелiнуінің заңдылығына;
      в) тауарлардың сұрау салушы Тарап мемлекетiнiң аумағынан сұрау салынған Тарап мемлекетiнiң аумағына әкелiнуiнiң заңдылығына қатысты ақпаратты бередi.
                                4-бап



                    Сұрау салудың нысаны мен мазмұны

      1. Осы Келiсiмге сәйкес жәрдем көрсету жөнiндегi сұрау салулар жазбаша нысанда жасалады. Сұрау салуларға оларды жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттар қоса берiледi. Кешiктiруге болмайтын жағдайларда ауызша сұрау салулар қабылдануы мүмкiн, алайда олар кешіктірілмей жазбаша нысанда расталуы тиiс.
      2. Мұндай сұрау салулар мынадай деректердi:
      а) сұрау салушы кеден қызметiн;
      б) сұрау салынатын iс-әрекеттi;
      в) сұрау салудың нысанасы мен негiздемесiн;
      г) iстiң мәнi мен оған қатысты жағдаяттың қысқаша сипаттамасын;
      д) iске қатысы бар заңдарды, ережелердi және басқа да заңнамалық кесiмдердi;
      е) сұрау салудың объектiлерi болып табылатын жеке және заңды тұлғалар туралы мүмкіндiгiнше неғұрлым дәл және түбегейлi мәлiметтердi қамтуы тиiс.
      3. Сұрау салу орыс тiлiнде не орыс тiлiне ресми аудармасы қоса беру арқылы сұрау салынатын Тарап мемлекетiнiң мемлекеттiк тiлiнде жасалады.
      4. Қажет болған жағдайда сұрау салынатын Тарап мемлекетінің кеден қызметі сұрау салудың түзетілімін немесе оған толықтыруды сұратуы мүмкін.
                                5-бап

Сұрау салуды орындау


      1. Сұрау салу бойынша көрсетiлетiн кез-келген жәрдем сұрау салынатын Тарап мемлекетiнiң аумағында қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Бiр Тарап мемлекетi кеден қызметiнiң сұрау салуы бойынша екiншi Тарап мемлекетiнiң кеден қызметi өз құзыретiнiң шеңберiнде тергеу сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағында жүргiзiлетiн құқық бұзушылықтарға қатысы бар жағдайларды тексерудi немесе анықтауды жүргiзедi.
      3. Құжаттарды беру сұрау салуды орындау түрлерiнiң бiрi болып табылады. Куәландырылған көшірмелердi беру олардың заңдық күшiнiң шарттары бойынша жеткiлiксiз болатын жағдайларда құжаттардың түпнұсқалары сұратылады. Алынған құжаттардың түпнұсқалары алғашқы мүмкiндiк туындай қалған жағдайда қайтарылады.
      4. Сұрау салынған Тарап мемлекетiнiң кеден қызметi өз мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес сұрау салуды орындау үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдайды.
      5. Егер сұрау салынатын Тарап мемлекетiнiң кеден қызметi орындалуы өз құзыретіне кірмейтін сұрау салуды алса, ол оны сұрау салынатын Тараптың тиiстi органына бередi және ол туралы, сондай-ақ осы сұрау салуды орындаудың нәтижелері туралы сұрау салушы Тарап мемлекетiнiң кеден қызметiне хабарлайды.
      6. Егер сұрау салуды орындаудан бас тартылса, сұрау салынатын Тарап мемлекетiнiң кеден қызметi ол туралы бас тартудың себептерiн көрсете отырып, сұрау салушы Тарап мемлекетiнiң кеден қызметiне жазбаша түрде хабарлайды. Сұрау салынған Тарап мемлекетiнiң кеден қызметi мұндай сұрау салуда көрсетiлген iстердi одан әрi жүргiзуге пайдасын тигізуге мүмкiндігі бар барлық қолда бар ақпаратты бередi.
                                6-бап



                  Ақпараттар мен құжаттарды пайдалану

      1. Осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес алынған ақпараттар, құжаттар және басқа да мәлiметтер осы Келiсiмнiң 1-бабында белгіленген мақсаттар үшiн ғана пайдаланылады.
      2. Ақпараттар, құжаттар және басқа да мәлiметтер соттық немесе әкiмшiлiк іс қарау кезiнде айғақ ретiнде пайдалануды қоса алғанда, өзге де мақсаттарға оларды ұсынған мемлекеттің кеден қызметiнiң жазбаша келiсiммен және осы кеден қызметi белгiлеген кез келген шектеулердiң сақталуы шартымен ғана пайдаланылады.
                                7-бап

Құпиялылық


      Осы Келiсiмнің ережелерiне сәйкес алынған кез келген ақпараттарға, құжаттарға немесе мәлiметтерге сұрау салушы Тарап мемлекетiнде оның өз аумағында алынған сол мемлекеттiң осындай ақпараттары, құжаттары немесе мәлiметтерi сияқты әйгіленуден қорғалудың тап сондай дәрежесi берiледi.
                                8-бап



          Жәрдем көрсету жөніндегi жағдайларға қатысты ерекшелік

      1. Егер бiр Тарап мемлекетiнiң кеден қызметi сұрау салу бойынша жәрдем көрсету өз мемлекетiнiң егемендiгiне, қауiпсiздiгiне немесе басқа да елеулi мүдделерiне нұқсан келтiруi мүмкін, не кез келген мемлекеттiк немесе жеке меншік кәсiпорынның заңды коммерциялық мүдделерiне нұқсан келтiруi, не сұрау салынатын Тарап мемлекетiнiң аумағында қаралып жатқан іске кедергі жасауы мүмкiн деп есептесе, ол жәрдем көрсетуден бас тарта алады не ол жәрдемді белгiлi бiр шарттар немесе талаптар сақталған жағдайда көрсетеді.
      2. Егер бiр Тарап мемлекетiнiң кеден қызметi өзi осы тақылеттес сұрау салынған жағдайда екiншi Тарап мемлекетінің кеден қызметiне көрсете алмаған жәрдем туралы сұрау салып, өтініш жасаса, өзінің сұрау салуында ол осыған назар аударады. Мұндай сұрау салуды орындау Тараптардың сұрау салынған кеден қызметінің еркіне беріледі.
                                9-бап



              Есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың
                     заңсыз айналымына қарсы күрес

      1. Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi есірткi құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымының алдын алу, тергеу және жолын кесу жөнiндегi iс-қимылдарды жандандыру мақсатында өз бастамасы бойынша және мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде бiр-бiрiне:
      а) есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына тартылғандығы мәлiм немесе сондай әрекеттері жөнінде күдiк туғызған адамдар туралы;
      ә) есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшiн пайдаланылатындығы мәлiм немесе ол туралы күдiк бiлдiрiлген жер үстi, су, әуе немесе басқа да көлiк құралдары, контейнерлер мен жолданған заттар туралы мәлiметтердi хабарлайды.
      2. Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi өздерінің бастамасы бойынша есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымын анықтаудың өздерi қолданатын тәсiлдерi туралы, сондай-ақ контрабандаға қарсы тиiмдi күрестiң жаңа әдiстерi туралы барлық қолда бар ақпараттарды бір-біріне бередi.
      3. Егер Тараптар өзара келiсiм бойынша есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында бақыланатын жеткізілім әдісін пайдалану туралы шешім қабылдаған жағдайда, Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi өз мемлекеттерiнің iшкi заңнамасына сәйкес өз мүмкiндiктерi мен құзыреттерiнің шеңберiнде осы саладағы ынтымақтастыққа жәрдем көрсететiн болады.
      4. Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды өндiру үшiн пайдаланылатын заттарға осы баптың қолданылуын кеңейте алады.
                                10-бап



                    Кедендiк шарттылықтарды оңайлату

      1. Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi өзара келiсiм бойынша тауарлардың транзитiн қоса алғанда, екi мемлекеттiң арасындағы жолаушылар мен жүк қатынасын жеңiлдету және жеделдету мақсатында кедендiк ресiмдеудi оңайлату жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдайды.
      Тауарлар мен көлiк құралдарының қозғалысы өзара уағдаластық бойынша орнатылған өткiзу пункттерi арқылы жүзеге асырылады.
      2. Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi бiр-бiрiнің кедендiк қамтамасыз етулері мен кедендiк құжаттарын танитын болады.
                                11-бап

Тәжiрибе алмасу


      1. Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi өзара түсiнiстiкке қол жеткiзу мақсатында төмендегідей салаларда өз қызметінің тәжірибесімен алмасады, олар:
      а) кедендiк заңнама;
      ә) ұйымдастыру және тауарларды, жолаушыларды және пошталық жөнелтiлiмдерді кедендiк бақылауда қолданылатын әдiстер;
      б) кедендiк бақылаудың техникалық құралдарын пайдалану;
      в) контрабандалық iс-әрекеттер, олардың түрлерi, жасырып қалу

құралдары, құқық бұзушылықтарды жасаудың жаңа әдiстерi, аңғару әдiстерi
мен олардың нәтижелерi туралы ақпараттар;
     г) өзара мүдделілік бiлдiрілетiн басқа да мәселелер.
     2. Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi кеден iсiнiң мынадай 
салаларында ынтымақтасады, олар:
     а) өзара мүдделілік бiлдiрілетiн жағдайларда, оның ішінде кедендiк
бақылаудың техникалық құралдарымен, компьютерлiк техникамен және басқа да 
осы заманғы ғылыми-техникалық құралдармен таныстыру мақсатында кеден
қызметтерiнiң қызметкерлерi және сарапшыларымен алмасу;
     ә) кеден қызметтерінің қызметкерлерiн кәсiби оқыту;
     б) кеден ісіне қатысты кәсіби, ғылыми және техникалық мәлiметтермен 
алмасу.
                                12-бап
                               Шығыстар


      1. Талаптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтері осы Келiсiмнің ережелерiне сәйкес сұрау салуды орындау кезінде жүргізілген шығыстарды, куәлардың болуына, оның ішінде көлікке, сондай-ақ кеден қызметінде жұмыс істемейтін сарапшылар мен аудармашыларға байланысты шығыстарды қоспағанда, осы Келiсiмнiң ережелерiн орындауға байланысты шығыстарды өтеу туралы талап ұсынбайды.
      2. Осы Келiсiмнiң 11-бабының ережелерiн орындауға байланысты шығыстарды өтеудiң тәртiбi Тараптардың кеден қызметтерiнiң арасында әрбір жағдайда жеке ескерілетін болады.
                                13-бап



                         Даулы мәселелердi шешу

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге байланысты Тараптар арасында туындайтын барлық даулы мәселелер консультациялар мен келiссөздер арқылы шешiледi.
                                14-бап



                   Өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу

      Тараптардың келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілуi мүмкiн. Өзгерiстер мен толықтырулар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын және осы Келiсiмнiң 15-бабында белгiленген тәртiппен күшiне енетін жеке хаттамалармен ресiмделедi.
      Осы Келiсiм Тараптар жасасқан басқа да халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен мiндеттемелерге ықпал етпейді.
                                15-бап

Қорытынды ережелер


      Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады және егер Тараптардың бiрде

бiрi кезектi бесжылдық мерзiм аяқталардан алты ай бұрын оның қолданысын 
тоқтату ниеті туралы екiншi Тарапқа жазбаша хабарлама жібермесе, келесi 
бес жылға өздігінен ұзартылады.
     Астана қаласында 2001 жылғы 5 шілдеде әрқайсысы қазақ, түрікмен және 
орыс тiлдерінде екi түпнұсқа дана болып жасалды және де барлық мәтiндердiң 
күшi бiрдей.
     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру мақсаты үшін Тараптар орыс 
тіліндегі мәтінді пайдаланатын болады.
     Қазақстан Республикасының                   Түркіменстан
           Yкiметi үшiн                          Yкiметi үшiн 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Икебаева Ә.Ж. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады