"Ішкi жүзудегi кемелердiң соқтығысуынан туындайтын жауапкершілiкке қатысты кейбiр ережелерді бiрiздендіру туралы конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Yкiметiнің қаулысы 2002 жылғы 31 шілде N 855

 


     Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

     1. "Ішкi жүзудегi кемелердiң соқтығысуынан туындайтын жауапкершiлiкке

қатысты кейбiр ережелердi бiрiздендiру туралы конвенцияға Қазақстан

Республикасының қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі



                                                                     Жоба


                    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ


                Iшкi жүзудегі кемелердiң соқтығысуынан

              туындайтын жауапкершiлiкке қатысты кейбiр

              ережелердi бірiздендiру туралы конвенцияға

               Қазақстан Республикасының қосылуы туралы


      Қазақстан Республикасы 1960 жылғы 16 наурызда Женева қаласында

жасалған Iшкi жүзудегi кемелердiң соқтығысуынан туындайтын жауапкершiлiкке

қатысты кейбiр ережелердi бiрiздендiру туралы конвенцияға қосылсын.



      Қазақстан Республикасының

            Президентi


                IШКI ЖҮЗУДЕГI КЕМЕЛЕРДІҢ СОҚТЫҒЫСУЫНАН

              ТУЫНДАЙТЫН ЖАУАПКЕРШIЛIККЕ ҚАТЫСТЫ КЕЙБIР

               ЕРЕЖЕЛЕРДI БIРIЗДЕНДIРУ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ

                                 1-бап



 
       1. Осы Конвенциямен Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң суларында iшкi жүзудегi кемелер арасындағы соқтығысудан, келтiрiлген зиянды не кемелерге не онда болған адамдарға немесе заттарға өтеу белгiленедi.
      2. Осы Конвенциямен маневрдi орындау не орындамау салдарынан, не Уағдаласушы Тараптардың бiрiнің суларында iшкi жүзудегi кеменiң бiрiнiң ережелердi сақтамауы салдарынан не басқа iшкi жүзудегi кемелерiне, тiптi соқтығыс болмаған жағдайда да осындай кемелердiң бортында болған тұлғаларға немесе заттарға келтiрiлген әр тектi шығындарды өтеу белгiленедi.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған кемелердiң сол бiр керуеннің құрамына кiру дерегi осы Конвенцияның қолданылуына әсер етпейдi.
      4. Осы Конвенцияны қолдану кезінде,
      а) "кеме" терминi шағын кемелердi де бiлдiредi;
      b) гидроглиссерлер, плоттар, паромдар мен понтондық көпiрлердің жылжымалы бөлiктерi, сондай-ақ жер қазғыштар, көтергiштер, элеваторлар мен барлық жүзетiн құралдар немесе сол тектi тетiктер кемелерге теңестiрiледi.
 
                                2-бап
 
      1. Зиянды өтеу міндеттемесi, егер зиян кiнәнің салдары болып табылған

 

жағдайда ғана болады. Кiнәнiң заңды презумпциясы жоқ.

     2. Егер зиян жағдайдың салдары болып табылса, егер ол дүлей күш

жағдайларынан туындаса, немесе оның себептерiн анықтау мүмкiн болмаса,

зиян онда жәбiрленушi тұлғаларға түседi.

     3. Бiрнеше кемелердi сүйреген жағдайда олардың әрқайсысы ол кiнәлi

болған жағдайда жауапты болады.


                                3-бап


     Егер зиян бiр кеменің кiнәсiнен келтiрiлген болса, оны өтеу осы

кемеге түседі.


                              4-бап



 
       1. Егер екi кеме немесе бiрнеше кемелер өз кiнәсiнен зиян келтiруге тең қатысқан жағдайда олар тұлғаларға, сондай-ақ осы кемелердің бортындағы кiнәсiз кемелер мен заттарға келтiрiлген зиян үшiн ортақ жауап бередi, бiрақ осы кiнәлi кемелердiң бортындағы басқа да кемелермен заттарға келтiрiлген зияндарға ортақ емес.
      2. Егер ортақ жауапкершілік болмаған жағдайға зиян келтiруге өз кiнәсiмен қатысқан кемелер жәбiрленушілердiң алдында олардың әрқайсысының кiнәсiнiң мағынасына қарай жауап бередi; алайда егер жағдайға қарай ара қатынас белгiленуi мүмкiн болмаса немесе жасалған қатерлiктер тең дәрежеде болса, олар тең шамада жауапты болады.
      3. Ортақ жауапкершiлiк болған кезде, әрбiр жауапты тұлға осы баптың 2-тармағында анықталғанға тең өзiне кредитор төлемiнiң бiр бөлiгiн алады. Өз үлесiнен артық төлейтiн кеме өз үлесiнен кем төлеген борыштастарға осы артыққа қатысты талап-арыз беруге құқылы. Борыштастардың бiрінiң төлем

 

қабiлетсiздiгiне байланысты туындаған шығын осы баптың 2-тармағында

белгiленген ара қатынастың негiзiнде басқа борыштастардың арасында

бөлiнедi.


                                5-бап


     Алдыңғы баптармен белгiленген жауапкершiлiк, егер соқтығыс, тiптi

лоцмандық өткiзбе мiндеттi болғанда да, лоцманның кінәсiнен болған

жағдайда да күшiнде қалады.


                                6-бап


     Зиянды өтеу туралы талап-арызды ұсыну үшiн қандай да бiр алдын-ала

арнайы нысаншылықтарды орындау талап етiлмейдi.


                                7-бап


     1. Зиянды өтеу туралы талап-арыз бойынша оқиға болған күннен бастап

есептегенде заңды мерзiм екi жылға белгiленедi.


 
       2. Керi кету талап-арызын ұсыну үшiн мерзiм бiр жылға белгiленедi. Ескiру ағымы ортақ жауапкершiлiк сомасын белгiлейтiн соңғы сот шешiмiн енгiзген күннен, не осындай шешiм болмағандықтан керi кету талап-арызын ұсынуға себеп болатын төлем күнiнен бастап басталады. Дегенмен төлеуге қабылетсiз борыштастың бөлігiн бөлуге қатысы бар талап-арыз беруге қатысы көне мерзiмi талап етуге құқығы бар тұлға борыштастың төлемге қабiлетсiздiгi туралы хабардар болған сәттен басталуы мүмкiн.
      3. Аталған көне мерзімдер ағынының үзiлiсi және уақытша тоқтатылуы iстi қараушы соттың заңымен белгiленедi.
 

                                8-бап



 
 
       1. Осы Конвенцияның ережелерi кеме иеленушiлердiң, кеме иелердің, кеме иелерiнің және тасымалдаушылардың жауапкершілігiне қатысты, кеменiң тоннаж негiзіндегi шектеулер, оның машиналарының немесе оның құндылықтарының қуаты немесе кемеден бас тарту мүмкiндiктерiнен туындайтын шектеулер сияқтыларға халықаралық конвенциялар мен мемлекетiшiлiк заңдарда белгiленетiн жалпы сипаттағы шектеулерге әсер етпейдi. Олар, сондай-ақ тасымалдар шартынан немесе өзге де әртүрлi шарттардан туындайтын мiндеттемелердiң мағынасын түсiрмейдi.
      2. Осы Конвенцияның ережелерi радиоактивтiк заттардың немесе бiр уақытта радиоактивтiк және улы заттардың, сондай-ақ жарылғыш немесе өзгеше мағынада ядролық отынның қауiптi заттары немесе радиоактивтi өнiмдер мен қалдықтардың тiкелей немесе жанама нәтижелерi болып табылатын шығындардың орнын толтыруға қолданылмайды.
 

                                9-бап



 
 
       Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы осы Конвенцияға қол қою немесе бекiту немесе оған қосылу кезiнде:
      а) ол өзiнің заңнамасында немесе халықаралық шарттарында, осы Конвенцияның ережелерi тек мемлекеттiк өкiметтiң функцияларын орындау үшiн арналған кемелерге қолданылмайтын көздеу құқығын өзiне қалдыратынын;
      b) өзiнiң заңнамасында осы Конвенцияның ережелерiн кеме қатынасы тек осы елдiң кемелерiне рұқсат етiлетiн су жолдарында қолданылмайтынын көздеу құқығын өзiне қалдыратынын жариялай алады.
 

                                10-бап



 
 
       1. Осы Конвенция қол қою үшiн немесе Еуропалық Экономикалық Комиссиясының мүше-елдерi үшiн осы Комиссия жүргiзу өрiсi 8-тармаққа сәйкес кеңесушiлiк дауыс құқығымен рұқсат етiлген елдердің оған қосылуы үшiн ашық.
      2. Оның жүргiзу өрiсi туралы ереженiң 11-бабына сәйкес Еуропалық

 

Экономикалық Комиссиясының кейбiр жұмыстарына қатыса алатындар осы

Конвенцияға, оның күшiне енуі бойынша қосылу арқылы Уағдаласушы Тараптары

бола алады.

     3. Конвенция 1960 жылдың 15 маусымына дейiн қол қою үшiн ашық болады.

Осы күннен кейiн оған қосылу үшiн ашық болады.

     4. Осы Конвенция бекiтуге жатады.

     5. Бекiту немесе қосылу актiлерi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас

Хатшысына сақтауға берiледi.


                                11-бап


 
       1. Осы Конвенция 10-баптың 1-тармағында көрсетiлген 5 ел өздерiнің бекiту немесе қосылу актiлерiн бергеннен кейiн тоқсаныншы күнi күшiне енедi.
      2. Осы Конвенцияны бекiтетiн немесе оған қосылатын әрбiр елге қатысты

 

бес ел өздерiнiң бекiту немесе қосылу туралы актiлерiн берiсiмен, осы

Конвенция осы ел бекіту немесе қосылу туралы грамотасын бергеннен кейiн

тоқсаныншы күнi күшіне енедi.


                                12-бап


     1. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына жолданған нотификация

арқылы кез келген Уағдаласушы Тарап осы Конвенцияның күшiн жоя алады.

     2. Күшiн жою Бас Хатшы жоғарыда аталған нотификацияны алғаннан кейiн

он екi айлық мерзiм өтiсiмен күшiне енедi.


                                13-бап


     Егер осы Конвенция күшiне енгеннен кейiн Уағдаласушы Тараптардың саны

күшiн жою салдарынан бестен кем болса, осы Конвенция күшiн жоюдың соңғысы

жарамды болған күннен бастап күшiн жоғалтады.


                                14-бап



 
       Екi немесе бiрнеше Уағдаласушы Тараптардың арасындағы келiссөздер немесе басқа да тәсiлдермен шеше алмайтын осы Конвенцияны түсiндiруге немесе қолдануға қатысты әртүрлi даулар мүдделi Уағдаласушы Тараптардың бiрiнің өтiнiшi бойынша Халықаралық Сотқа олар шешуi үшiн берiледi.
 

                                15-бап



 
 
       1. Әрбiр ел осы Конвенцияға қол қою немесе бекiту грамотасын немесе қосылу актiсiн беру кезінде дауларды Халықаралық Сотқа беруге қатысты Конвенцияның 14-бабымен өзiн байланыстымын деп санамайтынын жариялауы мүмкін. Басқа Уағдаласушы Тараптар осындай ескертпе жасайтын барлық Уағдаласушы Тараптарға қатысты 14-баппен байланысты болмайды.
      2. 1-тармаққа сәйкес ескертпе жасаған әрбiр Уағдаласушы Тарап Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына жолданған нотификация арқылы оны кез келген сәттен керi қайтарып ала алады.
 

                                16-бап



 
 
       Осы Конвенцияның 9-бабының "а" және "b" тармақтарында және 15-бабында көзделген ескертпелердi қоспағанда осы Конвенцияға ешқандай ескертпелерге рұқсат етiлмейдi.
 

                                17-бап



 
 
       1. Осы Конвенцияның үш жылдың қолданысынан кейiн кез келген Уағдаласушы Тарап Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына жолданған нотификация арқылы осы Конвенцияны қайта қарау мақсатымен кеңес шақыру туралы өтiнiш ұсына алады. Бас Хатшы барлық Уағдаласушы Тараптарға осы өтiнiш туралы хабарлайды және егер оның хабарлағанынан кейiн төрт айлық мерзiм iшiнде кемiнде Уағдаласушы Тараптардың төрттен бiрi оны осындай кеңестi шақыруға өзiнiң келiсiмi туралы хабардар етсе, Конвенцияны қайта қарау үшiн кеңес шақырады.
      2. Егер кеңес алдыңғы тармаққа сәйкес шақырылса Бас Хатшы оларды

 

кеңесте қарау қажет деп санайтын ұсыныстарды үш айлық мерзiмде

хабарлауларын өтiнiп бұл туралы барлық Уағдаласушы Тараптарды хабардар

етедi. Аз дегенде кеңестің ашылуына үш ай қалғанда Бас Хатшы барлық

Уағдаласушы Тараптарға кеңестiң күн тәртiбiн, сондай-ақ осы ұсыныстардың

мәтiнiн хабарлайды.

     3. Бас хатшы осы бапқа сәйкес шақырылған кез келген кеңеске 10-баптың

1-тармағында көрсетiлген барлық елдердi, сондай-ақ 10-баптың 2-тармағының

негiзiнде Уағдаласушы тарап болған елдердi шақырады.


                                18-бап


     17-бапта көзделген нотификациялардан басқа Бiрiккен Ұлттар Ұйымының

Бас Хатшысы 10-баптың 1-тармағында көрсетiлген елдерге, сондай-ақ

10-баптың 2-тармағының негiзінде Уағдаласушы Тарап болған елдерге мыналар

туралы хабарлайды:

     а) 9-баптың "а" және "b" тармақтарына сәйкес жасалған өтiнiштер

туралы;

     b) 10-бапқа сәйкес бекiту және Конвенцияға қосылу туралы;

     с) 11-бапқа сәйкес осы Конвенцияның күшiне ену күнi туралы;

     d) 12-баптың күшiн жою туралы;

     e) 13-бапқа сәйкес осы Конвенцияның күшiн жоғалту туралы;

     f) 15-баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес алынған өтiнiштер мен

нотификациялар туралы.


                                19-бап



 
       Осы Конвенция бiр дана болып орыс және француз тiлдерiнде жасалды. Оған немiс және ағылшын тiлдердегi мәтiн де қоса берiледi. Осы Конвенцияға қол қою немесе бекiту грамотасын немесе қосылу туралы актiнi беру сәтiнде кез келген тарап не француз немесе орыс мәтіндерін, не болмаса ағылшын немесе немiс мәтiндерiн қабылдайтынын жариялай алады. Осындай жағдайда аталған мәтiн сол құқықты пайдаланған және сол мәтiндi қабылдаған Уағдаласушы Тараптардың арасындағы қарым-қатынастарда да қолданымды болады. Барлық басқа да жағдайларда француз және орыс мәтiндерi бiрдей болып табылады.
 

                                20-бап



 
 
       1960 жылдың 15 маусымынан кейiн осы Конвенцияның түпнұсқасы, оған

 

ағылшын және немiс тілдерiнде қоса берiлген мәтiндер сияқты Бiрiккен

Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына сақтауға тапсырылады, ол тиiстi түрде осы

түпнұсқаның және 10-баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген елдердің

әрқайсысының осы ағылшын және немiс тiлдерiндегi расталған көшiрмелерiн

жолдайды.


     ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ YШIН соған тиiстi түрде уәкiлеттi болған төменде қол

қоюшылар Женевада бiр мың тоғыз жүз алпысыншы жылғы он бесiншi наурызда

осы Конвенцияға қол қойды.




     Мамандар:

            Омарбекова А.Т.

            Икебаева Ә.Ж.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады