"ҚазТрансОйл" жабық акционерлiк қоғамының объектiлерiн топографиялық аэрофото суретке түсiру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 22 тамыз N 940

      "ҚазТрансОйл" жабық акционерлiк қоғамының магистралдық құбыр желiлерiн пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру, мұнай құбырлары мен су ағызғыларды пайдалану кезiнде экологиялық қатерлердi төмендету, олар орналасқан аумақтарда жедел топографиялық ақпарат пен орын алып отырған жағдай карталарын жаңарту және мұнай мен су тасымалдау кезiнде шығындарды азайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Топографиялық аэрофото суретке түсiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге тартылған "Интеринж - Алматы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң әуе кемелерiмен "ҚазТрансОйл" жабық акционерлiк қоғамының объектiлерiн топографиялық аэрофото суретке түсiрудi жүргiзуiне рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiне келiсу үшiн авиациямен аралап ұшу кестесiн ұсынсын.
      3. Алғашқы фото материалдарды өңдеу Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгi, Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi өкiлдерiнiң

 

қатысуымен жүргiзiлсiн.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының

Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Омарбекова А.Т.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады