"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне сақтандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 16 қыркүйек N 1016

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

     "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне сақтандыру

мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан

Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi

Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі

                                                              Жоба


                    Қазақстан Республикасының Заңы

           Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілеріне

                      сақтандыру мәселелерi бойынша

              өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

     Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен

толықтырулар енгiзiлсiн:


 
       1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық K990409_ кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2002 жылы 25 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Мемлекеттiк мүлiк мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2002 жылы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Z020323_ Заңы):
      1) 825-бапта:
      1-тармағының 3) тармақшасында "сақтанушыға" деген сөзден кейiн "(сақтандырылған адамға)" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мiндет сақтандыру бойынша жазбаша шарттың нысаны мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiнде, ал ерiктi сақтандыру бойынша - сақтандырушы белгiлейдi не тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.";
      2) 829-баптың 1-тармағының екiншi бөлігіндегi және 2, 3-тармақтарындағы "сақтанушы", "сақтанушыға", "сақтанушымен", "сақтанушымен", "сақтанушы" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "(сақтандырылған адам)", "(сақтандырылған адамға)", "(сақтандырылған адаммен)", "(сақтандырылған адаммен)", "(сақтандырылған адам)" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 833-бапта:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "833-бап. Сақтандыру тәуекелiн және келтiрiлген зиянды бағалау";
      1-тармақ "қарап тексеруге" деген сөздерден кейiн "және бағалауға" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Сақтандырушының сақтандырылатын мүлiктi және келтiрiлген зиянды бағалау сақтандырудың құрамдас бөлiгi болып табылады және қосымша лицензиялауды қажет етпейдi.";
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Сақтандыру жағдай салдарынан келтiрiлген залалдың мөлшерiн сақтандырушы немесе оның бастамасы бойынша бағалаушы (тәуелсiз сарапшы) анықтайды. Сақтанушы залалды бағалау нәтижелерiне келiспеген жағдайда өзгеше дәлелдеуге құқылы.".
      4) 835-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлігінiң екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Егер шартта немесе мiндеттi сақтандыру туралы заң актiсiнде ескерту мерзiмi және (немесе) тәсiлi көзделсе, ол келiсiлген мерзiмде және шартта немесе заң актiсiнде көрсетiлген тәсiлмен жасалуы тиiс.";
      5) 839-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Егер бұл заң актiлерiне қайшы келмесе, мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiнде не сақтандыру шартының талаптарында сақтандыру төлемiнен бас тарту үшiн басқа да негiздер көзделуi мүмкiн.";
      6) 924-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "924-бап. Сақтандыру кезiнде зиянды өтеу
      1. Азамат немесе заңды тұлға өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін ерiктi немесе мiндеттi сақтандыру тәртiбiмен сақтандырған сақтандырушы келтiрiлген зиянды сақтандыру сомасы мөлшерiнде өтейдi.
      2. Өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлігін ерiктi немесе мiндеттi сақтандыру тәртiбiмен сақтандырған азамат немесе заңды тұлға келтiрiлген зиянды толық өтеу үшiн сақтандыру сомасы жеткiлiксiз болған жағдайда сақтандыру сомасы мен залалдың нақты мөлшерi арасындағы айырманы өтейді.".
      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы K010155_ кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат):
      1) 173-бап мынадай мазмұндағы он бесiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "15. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық есептілiк пен өзге де мәлiметтердi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мiндеттiлiгi туралы талаптарды бұзуы -
      бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      2) 174-бапта "дейiнгi" деген сөз алынып тасталсын;
      3) 175-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сақтандыру ұйымының заң актiлерiнде көзделген мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы -
      лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға - бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Көлiк құралдары иелерiнiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өздерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандырудан жалтаруы -
      азаматтарға - бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Темiр жол көлiгiнде тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы өз азаматтық-құқықтық жауапкершiлігін Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес мiндеттi сақтандырудан жалтаруы -
      азаматтарға - жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Теңiз көлiгінде тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы өз азаматтық-құқықтық жауапкершiлігін Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес мiндетті сақтандырудан жалтаруы -
      азаматтарға - жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Iшкi су көлігінде тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы өз азаматтық-құқықтық жауапкершілігін Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес мiндетті сақтандырудан жалтаруы -
      азаматтарға - елу айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Әуе көлiгінде тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы өз азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес мiндетті сақтандырудан жалтаруы -
      азаматтарға - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Автомобиль көлiгiнде және қалалық электркөлiкте тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы өз азаматтық-құқықтық жауапкершiлігін Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес мiндеттi сақтандырудан жалтаруы -
      азаматтарға - он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      4) 470-бап мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "3. Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру жөнiндегi және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисi жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы -
      бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      5) 543-бапта:
      бiрiншi бөлігіндегі "165" деген сөз "165, 175 (екiншi және жетiншi бөлiктерiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiктiң 7) тармақшасында:
      "Кодекстiң" деген сөзден кейiн "175 (екiншi және жетiншi бөлiктерiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;
      "470 (бiрiншi бөлігінде)" деген сөздер "470 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 545-баптың бiрiншi бөлiгi "Кодекстiң" деген сөзден кейiн "175 (үшiншi бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 546-баптың бiрiншi бөлiгi "Кодекстiң" деген сөзден кейiн "175 (төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) 547-баптың бiрiншi бөлiгi "Кодекстiң" деген сөзден кейiн "175 (алтыншы бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;
      9) 573-бапта:
      бiрiншi бөлiгіндегi "173-175-баптарда" деген сөздер "173-175-баптарда

 

(бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

     мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:

     "3. Сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi

мемлекеттік органның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға

құқығы бар лауазымды тұлғаларының құзыретi осы Кодекске сәйкес

белгiленедi.";

     10) 630-баптың бiрiншi бөлiгi "466-469" деген сөзден кейiн ", 470

(үшіншi бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;

     11) 636-баптың екiншi бөлiгiнiң екiншi абзацындағы "баптың екiншi

бөлiгi" деген сөздер "175-баптың үшiншi - жетiншi бөлiгі, баптың екiншi

бөлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.

     Қазақстан Республикасының

            Президентi


Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады