Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 20 қыркүйек N 1038 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.07.2015 № 597 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
 

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 тамыздағы N 983  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 33, 311-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1-тармақта "сыйлығы" деген сөз "сыйлығын беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы туралы ережеде:
      1-тармақта:
      "қоғамдық, кәсіби жағынан танылған" деген сөздер алынып тасталсын;
      "беріледі." деген сөзден кейін мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Сыйлық талантты жастарды ынталандыру және олардың айрықша сіңірген еңбегін тану мақсатында беріледі.";
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Сыйлық мынадай (саны 10): ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, классикалық музыка, қоғамдық қызмет атаулары бойынша екі жылда бір рет беріледі.";
      4-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Сыйлық беруге қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті саланы және тұтастай алғанда қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар ұсынылады.";
      екінші абзацта:
      "жұмысты" деген сөз "кандидатураны" деген сөзбен ауыстырылсын;
      ", сондай-ақ еңбектерінің жиынтығы бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
      5-тармақтың бірінші абзацында:
      "Шығармалар мен еңбектерді ұсыну, оларды", "сараптау және" деген сөздер алынып тасталсын;
      "қабылдау" деген сөздің алдында "Конкурстық құжаттарды" деген сөздермен толықтырылсын;
      "сыйлығы" деген сөз "сыйлығын беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кандидатураларды сыйлыққа ұсыну тәртібі мен мерзімі туралы хабарландыру, сондай-ақ жекелеген атаулар бойынша Комиссияның қарауына берілетін қажетті конкурстық материалдардың тізбесі осы Ереженің 13-тармағына сәйкес сыйлық ресми тапсырылғанға дейін төрт айдан кешіктірмей баспасөзде жарияланады.
      Конкурсқа қатысатын кандидатуралар тізімі мен оларды ұсынған ұйымдарда да баспасөзде жарияланады.";
      7-тармақта: 
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Кандидатураларды сыйлыққа орталық, жергілікті және өзге де мемлекеттік органдар, шығармашылық және кәсіби одақтар, қоғамдық жастар бірлестіктері және өзге де ұйымдар ұсынады."; 
      мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын: 
      "Ғылым" атауы бойынша үміткерлерге міндетті мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы қосымша беріледі."; 
      8-тармақта: 
      "қатысатын жұмыстар" деген сөздер "қатысушы кандидаттардың қызметі" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "көпшілік алдында көрсетілуі және" деген сөздер алынып тасталсын; 
      9-тармақтағы "басқа да жұмыстарымен" деген сөздер "қызметімен" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      10-тармақ алынып тасталсын; 
      12-тармақтағы "өзара" деген сөз "олардың мүшелері арасында" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы жөніндегі Комиссиясы туралы ережеде:
      тақырыбында "сыйлығы" деген сөз "сыйлығын беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Комиссия қызметінің ұйымдық, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі жүзеге асырады.";
      2-тармақтың үшінші абзацындағы "25" деген сан "17" деген санмен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      екінші абзацтағы "жұмыстарды" деген сөз "кандидатуралардың конкурстық құжаттарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацта:
      "жұмыстарды" деген сөз "кандидатураларды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "авторлар мен" деген сөздер алынып тасталсын;
      төртінші абзацта:
      "жұмыстардың" деген сөз "кандидатуралардың қызметін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      "жұмыстарды" деген сөз "кандидатураларды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "үшін, олар жөнінде қорытындылар мен ұсыныстар әзірлеу" деген сөздер алынып тасталсын;
      5-тармақтың бірінші және екінші абзацтарындағы "жұмыстарды" деген сөз "кандидатураларды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      6-тармақтағы "жұмысы" деген сөз "кандидатурасы" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. <*>
       Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.08.26. N 897   қаулысымен .

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы жөніндегі комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 шілдедегі N 1074  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 29, 365-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады