Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 4 тамыздағы N 1196 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 30 қыркүйек N 1070

      "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк авиациялық компаниясының (бұдан әрi - "Қазақстан әуе жолы" ҰААК) бiрiншi және үшiншi кезектегi кредиторлардың алдындағы берешектерiн өтеу жөнiндегi мәселелердi реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк авиациялық компаниясының бiрiншi және үшiншi кезектегi кредиторлардың алдындағы берешектерiн өтеу жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 4 тамыздағы N 1196 P001196_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Заңды тұлғаны тоқтатқан және сот мемлекетке тиiстi мiндеттемелердi жүктеген жағдайда Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетiмен бiрлесiп, 044 "Заңды тұлғалар тоқтатылған жағдайда сот мемлекетке жүктеген өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиянды өтеу" бағдарламасы бойынша (бұдан әрi - Бағдарлама) 2002 жылға арналған республикалық бюджет қаражатынан "Қазақстан әуе жолы" ҰААК-тың бiрiншi кезектегi кредиторлардың алдындағы берешектерiн белгiленген тәртіппен төлеудi қамтамасыз етсiн.
      Көрсетiлген берешек 2002 жылы төленбеген немесе толық көлемде төленбеген жағдайда осы тармақтың орындалуы 2003 жылға көшiрiледі және 2003 жылға арналған Бағдарлама бойынша республикалық бюджет қаражатынан қамтамасыз етіледi.
      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi

 

"Эйр Қазақстан" жабық акционерлiк қоғамының акционерлерiмен "Қазақстан әуе

жолы" ҰААК-тың үшіншi кезектегi кредиторлардың алдындағы берешектерiн өтеу

мәселелерiн реттесiн.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы

министрлігіне жүктелсін.".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады