Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 18 қазан N 1131

      "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 P020041_ қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Жоғарыда көрсетілген қаулыға сәйкес бюджеттік сала қызметкерлеріне жалақы төлеуге қаражат жетіспеушілігін жабуға 2002 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 2128058000 (екі миллиард бір жүз жиырма сегіз миллион елу сегіз мың) теңге, оның ішінде Ақмола облысының әкіміне - 508574000 (бес жүз сегіз миллион бес жүз жетпіс төрт мың) теңге, Жамбыл облысының әкіміне - 741459000 (жеті жүз қырық бір миллион төрт жүз елу тоғыз мың) теңге, Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміне - 878025000 (сегіз жүз жетпіс сегіз миллион жиырма бес мың) теңге бөлінсін.
      2. Ақмола, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері:
      бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын ағымдағы жылы толық төлеу үшін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген сомаларға, сондай-ақ әлеуметтік салық пен жеке табыс салықтарының түсімдері көлеміне (оларды кірістер және шығыстар бөлігінде көрсетіп) барлық деңгейдегі жергілікті бюджеттерді нақтылауды ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін қамтамасыз етсін;
      бюджеттерді нақтылаған кезде барлық деңгейдегі жергілікті

 

бюджеттердің кірістері жоспарының асыра орындалуынан түскен қаражатты

бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын төлеуге бірінші кезекте жіберсін.

     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген

тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге

асырсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады