Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 12 қараша N 1196

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына 2002 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен литерлік рейстерді қамтамасыз етуге 187000000 (бір жүз сексен жеті миллион) теңге бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды белгіленген тәртіппен жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады