"Көкшетау қаласы әкімінің Көкшетау қалалық су құбыры және кәріз басқармасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының конкурстық массасын сатудың ерекше шарттары мен тәртібі туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 20 қараша N 1224

      "Көкшетау қаласы әкімінің Көкшетау қалалық су құбыры және кәріз басқармасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ауыр қаржы-экономикалық жағдайына байланысты, Көкшетау қаласын сумен жабдықтауды жақсарту мақсатында, "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы N 67-1 Заңы 2-бабының 4-тармақшасына сәйкес, оның Қазақстан Республикасының экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәнін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен "Көкшетау қаласы әкімінің Көкшетау қалалық су құбыры және кәріз басқармасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына (бұдан әрі - Кәсіпорын) қатысты оңалту рәсімін тоқтатуға және конкурстық өндіріс ашуға бастамашы болсын.

      2. Сот борышкерді банкрот деп тану туралы шешім шығарған және конкурстық өндірісті ашқан жағдайда, мыналарды көздейтін Кәсіпорынның конкурстық массасын сатудың ерекше шарттары мен тәртібі белгіленсін:
      1) Ақмола облысының әкімімен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетімен, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетімен келісім бойынша Кәсіпорынның конкурстық массасын сату жоспарын бекіту;
      2) өндірістің бірыңғай технологиялық циклын қамтамасыз ететін және оның үздіксіз жұмыс істеуін жүзеге асыру үшін қажетті Кәсіпорынның мүліктік кешенін бірыңғай лотпен (бұдан әрі - лот) сату;
      3) лоттың ең төменгі бағасын әкімшілік шығыстар сомасынан және бірінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасынан төмен емес етіп белгілеу;
      4) Кәсіпорын өндірісі технологиялық циклының үздіксіздігін қамтамасыз ету.

      3. Конкурстық массаны сатып алушыларға мыналарды көздейтін қосымша талаптар көзделсін:
      1) конкурстық массаны сатудан түскен қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, сатып алушының екінші кезектегі кредиторлардың талаптарын өтеу жөніндегі міндеттемелерді қабылдауы; <*>
      2) сатып алушының Кәсіпорын қызметінің бейінін, тұтынушылармен шарттарды және ұсынылатын қызметтер көрсету көлемдерін сақтауы;
      3) сатып алушының қызметкерлермен еңбек шарттарының үздіксіздігін қамтамасыз етуі және осы шарттар бойынша міндеттемелер қабылдауы.
      Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.11.12. N 1135
қаулысымен .

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.С.Есімовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады