Оңтүстiк Қаэақстанның тұтынушыларын 2002-2003 жылдардың күзгi-қысқы кезеңінде электрмен жабдықтау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 10 желтоқсан N 1298.

      2002-2003 жылдардың күзгi-қысқы кезеңiнде Оңтүстiк Қазақстанның тұтынушыларын электрмен тұрақты жабдықтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының энергетикалық тәуелсiздiгi мен экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. <*>
      Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.11. N 1123 қаулысымен .

      2. Жамбыл облысының әкiмi "KEGOC" ААҚ-тың есеп айырысу шотына Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Оңтүстiк Қазақстанның тұтынушыларын электрмен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету жөнiндегi шұғыл шаралар туралы" 2001 жылғы 15 желтоқсандағы N 1649 және "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 15 желтоқсандағы N 1649 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" 2002 жылғы 19 наурыздағы N 334 қаулыларымен бөлiнген және 2001-2002 жылдардың күзгi-қысқы кезеңінде ЖМАЭС-тың iске қосылуы мен тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз етумен байланысты шығыстарды қаржыландыру үшiн көзделген қаражаттың қалдығын аударсын.

      3. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгi "КЕGОС" ААҚ-қа ЖМАЭС үшiн отын сатып алу және Оңтүстiк Қазақстанның тұтынушылары үшiн ЖМАЭС шиналарынан электр энергиясын сатып алу-сату жөнiндегi функцияларды жүзеге асыруға рұқсат етсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады