Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 24 желтоқсан N 1349

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнімдер транзитiнің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына 2002 жылғы 12 қазандағы N 02/104 келiсiм-шарт бойынша қосымшаға сәйкес номенклатурада және санда Өзбекстан Республикасының Геология және минералдық ресурстар жөнiндегі мемлекеттiк комитетiне (Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы) "Искра" Новосибирск механикалық зауыты" федералдық мемлекеттiк бiртұтас кәсiпорны (Ресей Федерациясы, Новосибирск қаласы) беретiн жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігі, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiн бақылауды қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi осы қаулыны iске асыру мақсатында қажеттi шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2002 жылғы 24 желтоқсандағы    
N 1349 қаулысына қосымша     

2002 жылғы 12 қазандағы N 02/104 келiсiм-шарт бойынша Өзбекстан Республикасының Геология және минералдық
ресурстар жөнiндегі мемлекеттiк комитетi үшін (Өзбекстан
Республикасы, Ташкент қаласы) "Искра" Новосибирск
механикалық зауыты" (Ресей Федерациясы, Новосибирск
қаласы) федералдық мемлекеттiк бiртұтас кәсiпорны
беретiн жарылғыш материалдардың
номенклатурасы және саны

------------------------------------------------------------------
Р/с!  Жарылғыш  !  СЭҚ ТН  ! Өлшем ! Саны !  Бірлік  ! Құны АҚШ
N !материалдың !   коды   !бірлігі!      !бағасы АҚШ! долларымен
   !   атауы    !          !       !      !долларымен!
------------------------------------------------------------------
1   ДША           360300100   мың    100,0    184,0     18400,0
    тұтандырғыш               дана
    бауы,
    МЕМСТ 6196-78

2   ОШП от        360300100   мың    500,0    120,0     60000,0
    өткізгіш                  дана
    бауы,
    МЕМСТ 6196-78

3   ЭЗ-ОШ-М       360300100   мың     20,0    384,0      7680,0
    электр                    дана
    жандырғыш,
    ТУ 84-207-81
 
      Жиыны:                                              86080,0
------------------------------------------------------------------

      Жөнелту пункті: Пашино станциясы, Батыс Сібір темір жолы (Ресей Федерациясы).
      Баратын пункті: Ташкент тауар станциясы, Өзбекстан темір жолы (Өзбекстан Республикасы).
      Шекаралық өту пункттері: Локоть станциясы - Шеңгелді станциясы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады