Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 28 желтоқсан N 1398

      "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына және "Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi N 1408 қаулысына сәйкес және материалдық әрі моральдық залалды өтеу туралы азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiнде шығарылған сот шешiмдерiн орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қосымшаға сәйкес сот шешiмдерiн орындау үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне сот шешiмдерi бойынша 2002 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкiметiнің, орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң мiндеттемелерiн өтеуге көзделген Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнен 4278781,33 (төрт миллион екі жүз жетпiс сегiз мың жетi жүз сексен бір теңге отыз үш тиын) бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2002 жылғы 28 желтоқсандағы
N 1398 қаулысына    
қосымша         

Азаматтық iстер бойынша орындалуға тиiстi
сот шешiмдерiнiң тiзбесi

------------------------------------------------------------------
Р/с! Сот органының атауы ! Талапкердің ! Мемлекеттік  !Мемлекеттік
N !  мен шешiмнің күнi  !    Т.А.Ә.   !    бажды     !баж (теңге)
   !                     !             ! шегергендегі !
   !                     !             ! сома (теңге) !
------------------------------------------------------------------
1.  Алматы қаласы N 2    М.М. Әбдiкәрiмов   1 000 000       -
    Бостандық аудандық
    сотының 21.11.2001 ж.
    шешiмi

2.  Алматы қалалық        А.М. Баландин      464 934        -
    сотының Азаматтық
    iстер жөнiндегі сот
    алқасының 23.08.2001
    ж. апелляциялық
    қаулысы

3.  Алматы облысы         А.Д. Баяхметов     500 000        -
    Талдықорған қалалық
    сотының 20.12.2001 ж.
    сырттай шешiмi

4.  Ақтөбе қалалық          Г.Г. Бельц       190 798        -
    сотының 11.05.1999 ж.
    шешiмi
    Ақтөбе облысы
    Ақтөбе қалалық
    сотының 29.08.2001 ж.
    және 12.10.2001 ж.
    ұйғарымы

5.  Жамбыл облысы         В.Б. Галимуллин    800 000        -
    Тараз қалалық
    сотының 28.06.2001 ж.
    шешiмi

6.  Ақтөбе облысы           П.Г. Гупалов      5 252         -
    Ақтөбе қалалық
    сотының 22.02.2001 ж.
    шешiмi
    Ақтөбе облысы
    Ақтөбе қалалық
    сотының 30.07.2001 ж.
    ұйғарымы

7.  Алматы қаласының        Г.А. Ломанов      75 000        -
    Бостандық ауданы
    Алатау сот
    учаскесiнiң
    18.12.2000 ж. шешiмi
    Алматы қаласының
    Бостандық ауданы
    Алатау сот
    учаскесiнiң
    18.07.2001 ж.
    ұйғарымы

8.  Алматы қаласы             А. Хадаев     1 063 300       -
    Алмалы аудандық
    сотының 24.09.2001 ж.
    шешiмi

9.  Жамбыл облысы            А.Г. Чмель     179 497,33      -
    Тараз қалалық
    сотының 14.03.2000 ж.
    шешiмi
    Жамбыл облысы
    Тараз қалалық
    сотына 27.08.2001 ж.
    ұйғарымы

Жиыны                                     4 278 781,33

Жалпы сомасы                                     4 278 781,33
------------------------------------------------------------------

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады