"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2003 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытындыны бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 28 желтоқсан N 1401

      1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарларын ұсынудың және қорытынды (келiсу) алудың тәртiбi туралы келiсiмге сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2003 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытынды (бұдан әрi - Қорытынды) бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қорытындыны Ресей тарабына дипломатиялық арналар бойынша жiберсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң        
2002 жылғы 28 желтоқсандағы 
N 1401 қаулысымен      
бекiтiлген      

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2003 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытынды

      Қазақстан Республикасының Yкiметi Ресей тарабы ұсынған 2003 жылға арналған ғарыштық аппараттарды ұшырулар жоспарын қарап, "Протон-К", "Союз-ФГ", "Союз", "Зенит", "Циклон-М" зымыран-тасығыштарымен ғарыштық аппараттарды ұшыруларды келiседi. "Протон-М" зымыран тасығыштары мен ғарыштық аппараттарды ұшыруларды келiсу туралы мәселе Қазақстан Республикасының "Протон-М" зымыран тасығышының жобалық-конструкторлық құжаттамасына мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын және "Протон-М" зымыран тасығышын ұшырудың қоршаған ортаға әсерiн құралдармен бақылау жүргiзу жөнiндегi есептiк материалдарды ұсынғаннан кейiн қаралады.
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссияның ұсынымдарын және "Байқоңыр" кешенiнде орналасқан құрлықаралық баллистикалық зымырандардың шахталық ұшыру қондырғыларының (бұдан әрi - ҚБЗ ШҰҚ) құқықтық мәртебесiн реттеу бойынша мәселенi шешудiң ұзаққа созылғанын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Yкiметi "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды сынақтық ұшырудың 2003 жылдың бiрiншi жарты жылдығына арналған жоспарын келiседi.
      Бұл ретте Қазақстан Республикасының Yкiметi инспекциялық және хабарлаушылык қызметтi келiсудi және Ресей тарабының:
      - 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiн жалға алу шартына сәйкес оларды тағайындаулар бойынша пайдалануды аяқтаған соң ҚБЗ ШҰҚ-ты жою бойынша;
      - аталған ҚБЗ ШҰҚ орналасқан жерлердегi жер телiмдерiн қалпына келтiру бойынша жұмыстарды қаржыландыру және жүргiзу жөнiндегi кепiлдiктердi беруiн қамтуы тиiс "Байқоңыр" ғарыш айлағында орналасқан ҚБЗ ШҰҚ-тың құқықтық мәртебесi түпкiлiктi шешiлгеннен кейiн ғана "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды сынақтық ұшырудың 2003 жылдың екiншi жарты жылдығына арналған жоспарын келiсу мәселесiн Қазақстан тарабы қарайтындығын атап көрсетедi.
      1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келiсудi) ұсынудың және алудың тәртiбi туралы келiсiмнiң 2-бабының 2-абзацында мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргізу және жалға берiлген мүлкiне ажырамас жақсарту енгiзудi келiсу үшiн "Байқоңыр" кешенiнiң жаңа объектiлерiн салу мен пайдаланылатын объектiлерiн қайта жаңарту жобаларын ұсыну көзделуiне байланысты Ресей тарабы ұсынған "Байқоңыр" кешенiнiң жалға берiлген мүлкiне ажырамас жақсарту енгiзу жоспары 2003 жылы және "Байқоңыр" кешенiнiң жалға берiлген мүлкiне ажырамас жақсарту енгiзу туралы есеп 2002 жылы қарауға қабылданбайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады