Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына спорттық аң аулау патрондарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 29 желтоқсан N 1423

      "Экспорттық бақылау туралы" 1996 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнімдер транзитінің жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына 2001 жылғы 4 қазандағы N 13/601 келісім-шарт бойынша қосымшаға сай номенклатура мен санда "Узмахсусимпэкс" Мемлекеттiк кәсiпорнына (Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы) "Новосибирск төмен вольттi аппаратура зауыты" (Новосибирск қаласы, Ресей Федерациясы) ашық акционерлік қоғамы беретін спорттық аң аулау патрондарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігі, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi және Қазақстан Республикасының Iшкi істер министрлiгі заңнамада белгіленген тәртіппен спорттық аң аулау патрондарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiн бақылауды қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі осы қаулыны iске асыру мақсатында қажеттi шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Yкiметiнің          
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1423 қаулысына       
қосымша           

2001 жылғы 4 қазандағы N 13/601 келiсiм-шарт бойынша "Узмахсусимпэкс" мемлекеттiк кәсіпорнына (Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы) "Новосибирск төмен вольттi аппаратура зауыты" (Новосибирск қаласы, Ресей Федерациясы) ашық акционерлік қоғамы беретiн тауарлардың
номенклатурасы мен саны

-------------------------------------------------------------------
Р/с|  Тауарлардың  | СЭҚ TH | Өлшем | Саны  | 1000 дана |   Құны
N |     атауы     |  коды  |бірлігі|       |үшін бағасы|   АҚШ
   |               |        |       |       | АҚШ долла.|долларымен
   |               |        |       |       |  рымен    |
-------------------------------------------------------------------
1    (.22LR)       930630930  дана   400000,0   26,0    10400,0
     "Сурок"
    экспансивтi
     оқтарымен
    5,6 калибрлi
    спорттық аң
      аулау
    патрондары
2   (.22 LR) 5,6   930630930  дана   1000000,0  24,0    24000,0
     калибрлi
      "Юниор"
    спорттық аң
      аулау
    патрондары
      Жиыны:                          1400000,0  50,0    34400,0
-------------------------------------------------------------------
 
Жөнелту пунктi: Новосибирск батыс станциясы, (Ресей Федерациясы). Баратын жерi: Ташкент тауарлы станциясы, (Өзбекстан Республикасы). Шекаралық өту пункттерi: Локоть станциясы - Шеңгелдi станциясы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады