Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 ақпандағы N 239 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 29 желтоқсан N 239б

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 ақпандағы N 239 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      1-тармақта:
      "251048 мың теңге (Екі жүз елу бір миллион қырық сегіз мың теңге)" деген сөздер "250709 (Екі жүз елу миллион жеті жүз тоғыз мың теңге)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 1-тармағындағы "32" деген сандар "31" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады