Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 наурыздағы N 312 қаулысы

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

      1. Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына 2002 жылғы 12 қыркүйектегі N 12/2003-Э келiсiм-шарты бойынша және қосымшаға сай номенклатура мен санда "Уголь" акционерлік қоғамы (Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы) үшiн "Искра" Новосибирск механикалық зауыты" федералдық мемлекеттiк бiртұтас кәсіпорны (Ресей Федерациясы, Новосибирск қаласы) беретiн жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне рұқсат берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігі, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлiгi және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне бақылауды қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi осы қаулыны iске асыру мақсатында қажеттi шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2003 жылғы 31 наурыздағы
N 312 қаулысына    
қосымша        

2002 жылғы 12 қыркүйектегі N 12/2003-Э келiсiм-шарты
бойынша "Уголь" акционерлік қоғамы (Өзбекстан Республикасы,
Ташкент қаласы) үшiн "Искра" Новосибирск механикалық
зауыты" федералдық мемлекеттiк бiртұтас кәсіпорны
(Ресей Федерациясы, Новосибирск қаласы) беретiн
тауарлардың номенклатурасы мен саны

------------------------------------------------------------------
P/c!    Тауардың атауы   !  СЭҚ ТН   ! Өлшем  ! Саны ! Құны АҚШ
N !                     !   коды    ! бiрлігi!      ! долларымен
------------------------------------------------------------------
1   ДШЭ-12 MEMCT
    6196-78 тұтандырғыш
    бау                    360300100    мың м.  400,0   73600,0

2   ОШП МЕМСТ 3470-80 от
    өткiзгiш бау           360300100    мың м.  100,0   12000,0

3   ЭД-КЗ-0-ПКМ
    MEMCT 21806-76 электр
    тұтандырғыштары        360300900  мың дана  135,0   43200,0

4   ЭД-КЗ-ПКМ ТУ
    84-1162-87 электр
    тұтандырғыштары        360300900  мың дана  270,0   116100,0

5   ЭД-ЗН ДИШВ
    773.951.300ТУ электр
    тұтандырғыштары        360300900  мың дана   16,2     8100,0

6   КД-8МА ДИШВ
    773.941.008ТУ капсюль
    тұтандырғыштары        360300900  мың дана    5,0      525,0

    ЖИЫНЫ                                               253525,0
------------------------------------------------------------------

      Жөнелту пункті: Пашино станциясы, Батыс Сiбiр темiр жолы (Ресей Федерациясы).
      Баратын пункті: Ангрен станциясы, Өзбек темiр жолы (Өзбекстан Республикасы)
      Шекаралық өту пункттерi: Локоть станциясы - Шеңгелдi станциясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады