"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 16 наурыздағы N 573 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 мамырдағы N 425 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнің 2001 жылғы 16 наурыздағы N 573 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнің қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасы Президентiнің 2001 жылғы 16 наурыздағы N 573 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы N 573 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 10, 108-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетiлген Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасында:
      мәтiндегі "2001-2002 жылдар", "2001-2003 жылдар", "2001-2003 жылдарда", "2001-2003 жылдарға", "2002-2003 жылдар" және "2001 жыл", "2001 жылға" деген сөздер тиiсiнше "2001-2005 жылдар", "2001-2005 жылдарда", "2001-2005 жылдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-бөлімдегі "Орта мерзім " деген сөздер алынып тасталсын;
      5-бөлiмнің 4-тармағының бiрiншi абзацындағы "шешiмдер қабылдауды қолдаудың ақпараттық-талдау жүйелерi" деген сөздер "оның iшiнде геоақпараттық жүйелер пайдаланылатын, геоақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, шешiмдер қабылдауды қолдаудың ақпараттық-талдау жүйелері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-бөлімде:
      бiрінші абзацтағы "кезең-кезеңмен" деген сөз алынып тасталсын;
      "1-КЕЗЕҢ. 2001 жыл - 2002 жылғы шiлде" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердiң жай-күйiнің мониторингi" деген 1-шағын бағдарламада:
      мынадай мазмұндағы бiріншi абзацпен толықтырылсын:
      "Шағын бағдарламаны iске асырудың негiзгi мақсаты ақпараттандыру саласындағы тиiмдi мемлекеттiк басқару жүйесiн құру болып табылады.";
      бесiншi абзацтағы "қаржы-экономикалық және заң мақсатындағы бағдарламалар мен деректердi" деген сөздер "ақпараттық жүйелер мен ресурстарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      сегiзінші абзацтағы "Мемлекеттік құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгiмен" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Деректердiң электрондық алмасу стандарттарын жасау" деген 2-шағын бағдарламаның екiншi абзацының қазақ тiлiндегi мәтiнi өзгерiссiз қалады;
      "Электрондық сауда-саттықты, аукциондар мен тендерлерді енгiзу" деген 3-шағын бағдарлама мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Электрондық сауда-саттықтың дамуына мемлекеттiк экономикалық ықпалын ескере отырып, республиканың нарықтық экономикасы идеологиясының негiзiнде Қазақстан Республикасының электрондық саудасын қалыптастыру тұжырымдамасын әзiрлесiн;";
      "Мемлекеттiк органдардың ақпараттық инфрақұрылымын жасау" деген 4-шағын бағдарламада:
      3) тармақшаның бiріншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) мемлекеттік органдардың бiрыңғай электрондық құжат айналымының жүйесiн құру";
      5) тармақшаның алтыншы абзацынан кейiн мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6) Мемлекеттiк органдар үшiн бiрыңғай резервтiк сервер орталығын құру.
      Мемлекеттiк органдардың ақпараттық инфрақұрылымын құру үшiн тек ақпараттық-телекоммуникациялық жабдықтар сатып алу ғана емес, сонымен бiрге оны монтаждау, орнату, сапалы техникалық және ақпараттық қолдау талап етiледi, бұл мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарына шектеулi қол жеткiзуге, олардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптарды арттыруға әкеп соғады. Қойылған мiндеттердi iске асыру мақсатында мемлекеттік органдарға аумақтық жақын орналасқан жеке режимдік ғимарат салуды көздейтiн мемлекеттiк органдар үшiн бiрыңғай резервтiк сервер орталығын құру қажет. Сервер орталығында осы Бағдарламаның iс-шараларын iске асыру және қолдау жөнiндегi аппараттық-ұйымдастыру кешенi орналасатын болады;
      7) энергетика және минералдық ресурстар саласындағы ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту.
      Энергетика және минералдық ресурстар саласында мемлекеттiк басқарудың тиiмдiлігі мен сапасын арттыру үшiн автоматтандырылған ақпараттық-телекоммуникациялық және ақпараттық-талдау жүйелерiн құру және олардың мемлекеттік органдардың қазiр қолда бар әрi әзiрленiп жатқан ақпараттық жүйелерiмен бiріктiрiлуiн қамтамасыз ету қажет.";
      отыз алтыншы абзацта:
      "Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесi, Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "2-KE3EҢ. 2002-2003 жылдар" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Мемлекеттік қаржының ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерінің интеграциялануы" деген 5-шағын бағдарламада:
      тақырыбындағы "қаржының" деген сөз "органдардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
      бiрiншi абзацта:
      "салық және кеден қызметтерінің," деген сөздер "салық, кеден қызметтерiнің және жер ресурстарын басқару жөніндегi органдардың," деген сөздермен ауыстырылсын;
      "(бұдан әрi - қаржы органдары)" деген сөздер алынып тасталсын;
      екiншi, үшiншi, төртiншi және сегiзiншi абзацтардағы "қаржы" деген сөз "мемлекеттiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
      бесiншi абзацтағы "қаржы" деген сөз "мемлекеттiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
      "мемлекеттік органдардың ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерiн бiрiктірудің тұжырымдамасын әзірлеуді;";
      он екіншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шағын бағдарламаның орындаушылары - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Қаржы министрлiгi.";
      "Мемлекеттiк деректер базасын құру" деген 6-шағын бағдарламада:
      жиырма екiншi абзацта:
      "Табиғи ресурстар және", "Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi" деген сөздер "Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгі, Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Дамудың әлеуметтік-экономикалық мониторингi" деген 7-шағын бағдарламада он үшiншi абзац "Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi, Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгі" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-бөлім мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Бағдарламаны iске асыруға республикалық бюджеттен мынадай көлемде оның iшiнде мына жылдар бойынша қаражат көзделеді:
      2001 жылы - 100 млн. теңге;
      2002 жылы - 1 087,277 млн. теңге;
      2003 жылы - 1 256,49 млн. теңге;
      2004 жылы - 10 086,63 млн. теңге;
      2005 жылы - 5 223,01 млн. теңге.
      Бұл ретте Бағдарламаны қаржыландырудың жыл сайынғы көлемi тиiстi жылға арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.";
      8-бөлiмнің бiрiншi абзацында:
      бiрiншi, екiншi, үшінші сөйлемдер алынып тасталсын;
      "2002 жылдан бастап" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына тиiстi өзгерiстер енгізсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады