Қазақстан Республикасы Президентінің "Гонконг қаласында (Қытай Халық Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 мамырдағы N 493 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Гонконг қаласында (Қытай Халық Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Жоба     

                Қазақстан Республикасы Президентінің
                              Жарлығы

Гонконг қаласында (Қытай Халық Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы

      Қаулы етемін:
      1. Гонконг қаласында (Қытай Халық Республикасы) Қазақстан
Республикасының Бас консулдығы ашылсын.
      2. Гонконг қаласындағы (Қытай Халық Республикасы) Қазақстан
Республикасының Бас Консулына айына 3500 (үш мың бес жүз) АҚШ доллары мөлшерінде шетелдік валютадағы лауазымдық жалақы белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады