Жауынгерлiк қару мен патрондардың импортына рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 маусымдағы N 546 қаулысы

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Victory LTD" ЖШС мен "Аспап жасау конструкторлық бюросы" мемлекеттік бiртұтас кәсiпорны (Тула қаласы, Ресей Федерациясы) арасында жасалған 2003 жылғы 28 ақпандағы N KBP 6156120909 келiсiм-шартқа сәйкес "Victory LTD" ЖШС-ға жауынгерлiк қару мен патрондар импортына рұқсат берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгiленген тәртіппен "Victory LTD" ЖШС-ға қосымшаға сәйкес номенклатура мен сан бойынша жауынгерлiк қару мен патрондардың импортына лицензия берсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігi Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен жоғарыда көрсетiлген өнiмді бақылау мен кедендiк ресімдеудi қамтамасыз етсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2003 жылғы 10 маусымдағы 
N 546 қаулысына     
қосымша       

"Аспап жасау конструкторлық бюросы" мемлекеттік біртұтас кәсіпорнымен 2003 жылғы 28 ақпандағы N КВР 6156120909 жасалған келісім-шартқа сәйкес "Victory LTD" ЖШС импорттайтын тауарлардың номенклатурасы мен саны

__________________________________________________________________
Р/с   Тауардың атауы   Өлшем   СЭҚ ТН   Саны   Бір дана    Құны
N                     бірлігі   коды             үшін      АҚШ
                                                бағасы  долларымен
                                                 АҚШ
                                              долларымен
__________________________________________________________________
1    ВСК-94 9 мм      жиынтық 930100000  11      1400     15400
     мергендік
     винтовка

2    ПКН-03 мерген-    дана   9305900100  1      3000     3000
     дік оптикалық
     қарауыл

3    Дыбыссыз ату     жиынтық 930100000   70      560     39200
     аспабы бар
     ПП-90М1 9 мм
     тапанша-пулемет

4    СП-5 9 мм патрон  дана   930621000   26680   2,9     77372

5    СП-6 9 мм патрон  дана   930621000    5600   2,9     16240

6    Тесу қабілетті-   дана   930621000   20000   0,5     10000
     лігі жоғары
     оқтары бар 9х19
     мм тапанша
     патрондары (ПБП)
__________________________________________________________________
     Жиыны                                                 161212
__________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады