"Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамының жекелеген мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 маусымдағы N 582 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен Арман Ғалиасқарұлы Дунаевтың "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы болып сайлануын қамтамасыз етсін, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады