Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мен Канада арасында Қылмыстық iстер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт жасасу туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 маусымдағы N 583 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мен Канада арасында Қылмыстық iстер бойынша өзара құқықтық көмек
туралы шарт жасасу туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Жоба

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы Қазақстан Республикасы мен Канада арасында
Қылмыстық iстер бойынша өзара құқықтық
көмек туралы шарт жасасу туралы

      Қазақстан Республикасы мен Канада арасында құқықтық қатынастар саласындағы өзара тиiмдi ынтымақтастықты орнату мақсатында қаулы етемін:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мен Канада арасында Қылмыстық iстер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарттың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасы мен Канада арасында Қылмыстық iстер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт жасалсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы мен Канада арасындағы
Қылмыстық iстер бойынша өзара құқықтық көмек туралы
шарт

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Канада,
      ынтымақтастық және қылмыстық iстер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету негiзiнде екi елде қылмыстарды тергеудiң, қылмыстық қудалау мен олардың алдын алудың тиiмдiлiгiн арттыруға ниет бiлдiре отырып,
      мына төмендегiлер туралы уағдаласты:

I тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Өзара құқықтық көмек көрсету

      1. Тараптар осы Шартқа сәйкес қылмыстық iстер бойынша бiр-бiрiне өзара құқықтық көмек көрсетуге мiндеттенедi.
      2. Өзара құқықтық көмек деп ол сұратылғанына не сот немесе қандай да болмасын басқа орган көрсетуiне тиiс екендiгiне қарамастан, сұрау салған Тарапта жүргiзiлiп жатқан қылмыстық тергеу немесе қудалау мәселелерi бойынша сұрау салынған Тарап көрсететiн кез келген көмек түсiндiрiледi.
      3. "Қылмыстық iстер" деген термин мынаны бiлдiредi:
      Қазақстан Республикасы үшiн - қаралуы қылмыстық қудалау мәселелерi бойынша соттар мен құқық қорғау органдарының құзыретiне жататын iстер;
      Канада үшiн - Парламент шығарған заңға немесе провинцияның заңнамасына сәйкес қылмыс болып табылатын әрекеттерге қатысты тергеу мен соттық қудалау.

      2-бап. Құқықтық көмектiң көлемi

      Құқықтық көмек:
      1) адамдар мен заттардың табылуы мен сәйкестендiрiлуiн;
      2) адамның жеке келуi туралы сұраныс жасалған құжаттарды қоса алғанда, құжаттарды тапсыруды;
      3) ақпарат пен құжаттарды берудi;
      4) заттай айғақтарды уақытша берудi қоса алғанда, заттарды берудi;
      5) тiнтудi және алып қоюды;
      6) дәлелдер мен көрсетпелердi жинауды;
      7) құқықтық көмектi көрсету туралы өтiнiштердi орындау кезiнде сұрау салынған Тараптан адамның қатысуына рұқсат берудi;
      8) көрсетпе беруге немесе тергеуде көмек көрсетуге қамауда отырған адамдардың келуiн қамтамасыз етудi;
      9) куәгерлердiң келуiн қамтамасыз етуге көмек көрсетудi не тергеу жүргiзiп жатқан адамдарға жәрдемдесудi;
      10) қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi табу, оларға тыйым салу және тәркiлеу жөнiнде шаралар қабылдауды;
      11) егер бұл осы Шарттың мақсаттарына қайшы келмейтiн болса, өзге де құқықтық көмек берудi қамтиды.

      3-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiштердi орындау

      1. Құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiштер сұрау салынған Тараптың заңнамасына сәйкес және егер бұған олар тыйым салмаса, сұрау салған Тарап көрсеткен тәртiппен дереу орындалады.
      2. Сұрау салынған Тарап тиiстi сұрату бойынша сұрау салған Тарапқа құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiштiң орындалу күнi мен орны туралы ақпарат бередi.
      3. Сұрау салынған Тарап заңнамасымен тыйым салынбаған көлемде құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiште көрсетiлген адамдарға оның орындалуы кезiнде қатысуға рұқсат етiледi.

      4-бап. Құқықтық көмек көрсетуден бас тарту
              немесе оның мерзiмiн ұзарту

      1. Егер сұрау салынған Тараптың пiкiрi бойынша құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiштiң орындалуы оның егемендiгiне, қауiпсiздiгiне, қоғамдық тәртiбiне, елеулi мемлекеттiк мүдделерiне зиян келтiретiн болса не қандай болмасын адамның қауiпсiздiгiне қатер төндiрiлетiн болса, құқықтық көмек көрсетуден бас тартылуы мүмкiн.
      2. Егер құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiштiң орындалуы сұрау салынған Тарап жүргiзетiн тергеуге немесе соттық қудалауға кедергi жасауы мүмкiн болса, сұрау салған Тарап құқықтық көмек көрсетудiң мерзiмiн ұзартуы мүмкiн.
      3. Сұрау салынған Tapaп құқықтық көмек көpceту туралы өтiнiштi толық не iшiнара орындамауға не оның орындалуының мерзiмiн ұзартуға өзiнiң шешiмi туралы сұрау салған Тарапқа мұндай шешiмнiң себебiн хабарлай отырып, дереу ақпарат бередi.
      4. Құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiштi орындаудан бас тартар не оны орындаудың мерзiмiн ұзарту алдында сұрау салынған Тарап өзi қажет деп санаған шарттармен құқықтық көмек берудiң барлық мүмкiндiктерiн қарастырады. Егер сұрау салған Тарап көмектi осы шарттармен қабылдаса, ол соларды сақтауы тиiс.

II тарау. Арнайы ережелер

      5-бап. Адамдар мен заттарды табу және сәйкестендiру

      Сұрау салынған Тараптың құзыреттi органдары құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiште көрсетiлген адамдар мен заттардың орналасқан жерiн анықтау және сәйкестендiру үшiн бар күш-жiгерiн салады.

      6-бап. Құжаттарды тапсыру

      1. Сұрау салынған Тарап осы мақсатта өзiне берiлген құжаттарды тапсыруға мiндеттенедi.
      2. Сұрау салған Тарапқа жауап берудi немесе келудi ұйғаратын құжатты, мұндай жауап беру немесе келу үшiн тағайындалған мерзiмге дейiнгi уақыттың орынды шегiнде тапсыру туралы өтiнiштi сұрау салған Тарап бередi.
      3. Сұрау салған Тараптың көрсеткен әдiспен құжаттарды тапсырудың расталуын сұрау салынған Тарап жолдайды.

      7-бап. Ақпаратты, құжаттарды және заттарды беру

      1. Сұрау салынған Тарап мемлекеттiк мекемелер мен органдардың құжаттарын қоса алғанда, ашық рұқсаты бар ақпаратты және құжаттардың көшiрмелерiн беруге мiндеттенедi.
      2. Сұрау салынған Тарап мемлекеттiк органда немесе мекемеде бар, бiрақ ашық рұқсаты жоқ ақпаратты, құжаттарды және заттарды, егер олар өзiнiң жеке құқық қорғау және сот органдарына берiлетiн сол көлем мен сондай шарттарда беруi мүмкiн.
      3. Егер сұрау салған Тарап түпнұсқаларды сұратып алмаса, cұpaу салынған Тарап құжаттардың расталған көшiрмелерiн беруi мүмкiн.
      4. Сұрау салған Тарапқа берiлген құжаттардың немесе заттардың түпнұсқалары сұрау салынған Тарапқа соңғысының сұратуы бойынша дереу қайтарылады.
      5. Сұрау салынған Тараптың заңнамасына қаншалықты бұл тыйым салынбаған болса, құжаттар немесе заттар сұрау салған Тараптың заңнамасына сәйкес олардың рұқсат етiлуiн қамтамасыз ету мақсатында, сұрау салған Тарап көрсеткен күйде берiледi немесе сол бетiнде расталады.

      8-бап. Тiнту және алып қою

      1. Сұрау салынған Тарап тiнтудi және алып қоюды жүргiзу туралы өтiнiштi орындауға мiндеттенедi.
      2. Тiнтудi және алып қоюды жүргiзу туралы өтiнiштi орындаған құзыреттi орган құжаттар мен заттарды сәйкестендiруге, олардың жағдайына, толықтығы мен иелiлiгiне қатысты, бiрақ тек қана олар емес және оларды алып қою жүргiзiлген кезiндегi жағдайға қатысты сұрау салған Tapaп cұpaу салуы мүмкiн ақпаратты бередi.

      9-бап. Дәлелдердi жинау

      1. Көрсетпелердi беруге және құжаттарды немесе заттарды көрсетуге сұрау салынатын сұрау салынған Тараптың адамы қажет болған кезде сұрау салынған Тараптың заңнамасына сәйкес құзыреттi органға немесе сотқа көрсетпелердi беруге және осы құжаттарды немесе заттарды көрсетуге шақырылады.
      2. Сұрау салынған Тараптың заңнамасында тыйым салынбаған көлем мен тәртiппен сұрау салған Тараптың мемлекеттiк қызметшiлерiне және құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiште көрсетiлген басқа адамдарға Сұрау салынған Тараптың аумағында өтiнiштiң орындалуы кезiнде және өткiзiлетiн iс жүргiзуге қатысуға рұқсат етiледi.
      3. Іс жүргiзуге қатысу құқығына сұрақтар қою құқығы жатады. Құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiштiң орындалуы кезiнде қатысушы адамдарға iс жүргiзу iс-әрекеттерiнiң сөзбе-сөз жазбасын жүргiзуге рұқсат етiледi. Осындай сөзбе-сөз жазбаны жүзеге асыру үшiн техникалық құралдарды пайдалануға рұқсат етiледi.

      10-бап. Дәлелдердi келтiру немесе тергеуге көмек көрсету

      Сұрау салған Тараптың өтiнiшi бойынша сұрау салған Тарап тергеуге көмек көрсетуге немесе сұрау салған Тарапқа куәгер ретiнде келуге адам шақырады және оның келiсiмiн сұратып алады. Бұл ретте өтiнiште сұрау салған Тарап барлық төленетiн шығыстар туралы ақпарат бередi.

      11-бап. Көрсетпе беру немесе тергеуге көмек көрсету
               мақсатында қамауда отырған адамдардың келуiн
               қамтамасыз ету

      1. Сұрау салынған Тараптың заңи құзыретi шегiнде сұрау салған Тараптың талабы бойынша қамауда отырған адам тергеу жүргiзуге жәрдем көрсету үшiн немесе iс жүргiзуде куәгерлiк көрсетпелер беру үшiн, мұндай адам беруге еркiмен келiсiм берген кезде және егер мұндай адамды тапсыруға кедергi келтiретiн негiз болмаса, сұрау салған Тарапқа уақытша тапсырылуы тиiс. Сұрау салған Тарап мұндай адамды қамауда ұстайды және оны сұрау салудың орындалуы аяқталған соң сұрау салынған Тарапқа қайтаруы тиiс.
      2. Шығарылған үкiмнiң мерзiмi өткен жағдайда немесе сұрау салынған Тарап осы адамды қамауда ұстау қажетiнiң жоқ екендiгiн сұрау салған Тарапқа хабарлаған кезде, бұл адам босатылуы тиiс және оған қатысты осы Шарттың 10-бабының ережелерi қолданылады.

      12-бап. Қауiпсiздiктiң кепiлдiктерi

      1. Сұрау салған Тараптың аумағындағы адам, осы аумақта оның болуы қажеттiгi туралы өтiнiшке сәйкес 11-баптың 1-параграфында көзделгендерден басқа, ешқандай жағдайда қамауға алынуы немесе жеке бостандығының кез келген басқа да шектелуi мүмкiн емес; бұл адам, сондай-ақ қандай болмасын әрекеттерi немесе осы адамның сұрау салынған Тараптың заңи құзыретiнен шығуды тудыратын әрекетсiздiгi үшiн соттық қудалауға душар болуы мүмкiн емес. Мұндай кепiлдiктер осы адам сұрау салған Тараптың аумағында осындай әрекеттердi немесе әрекетсiздiктердi жасағаны үшiн өзiн кiнәлi деп таныған жағдайда да берiледi, сондай-ақ мұндай адам осы өтiнiш жататыннан басқа, ешқандай басқа iс бойынша көрсетпе беруге мiндеттi емес.
      2. Егер адам сұрау салған Тараптың заңи құзыретi тастап кетуi не мүмкiндiгi бола тұра, оның ендi болуы бұдан былай талап етiлмейтiнi туралы ресми хабарлама алған сәттен бастап отыз күн iшiнде оны тастап кетпесе немесе мұндай заңи құзыреттен кетiп қалып, бұл адам өз еркiмен оған қайтып келген жағдайда, осы Баптың 1-параграфы қолданылуға жатпайды.
      3. Сұрау салған Тараптың заңи құзыретiмен келуден бас тартқан кез келген адамға бұл үшiн сұрау салынған немесе сұрау салған Тараптарда ешқандай санкцияларға немесе мәжбүрлеу шараларына тартылуы мүмкiн емес.

      13-бап. Қылмыстық жолмен алынған кiрiстер

      1. Сұрау салынған Тарап өтiнiш бойынша, оның аумағында қылмыстық жолмен алынған қандай да болмасын кiрiстердiң анықталғандығын белгiлеу үшiн барлық күш-жiгерiн жұмсайды және өзiнiң күш-жiгерiнiң нәтижелерi туралы сұрау салған Тарапқа хабарлайды.
      2. Осы Баптың 1-параграфына сәйкес жобамен қылмыстық жолмен алынған кiрiстер табылса, сұрау салынған Тарап оларды тұтқындау және кейiннен тәркiлеудi қамтамасыз ету мақсатында оның заңнамасында рұқсат берiлген шараларды қабылдайды.
      3. Тараптар әрбiр нақты жағдайда:
      1) қылмыстық жолмен алынған;
      2) құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiшке байланысты тәркiленген, осы кiрiстерге үшiншi адамдардың құқықтарын ескере отырып, осы Баптың ережелерiне сәйкес бағытталған кiрiстердi тапсыру туралы уағдаласады.

ІІІ тарау. Рәсiм

      14-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiштердiң
               мазмұны

      1. Барлық жағдайда құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiште:
      өтініш жасаған тергеу немесе соттық қудалау жүргiзетiн құзыретті орган;
      iс жүзiндегi жағдайлардың қысқаша мазмұны мен қолданылатын заңдар мәтiндерiнiң көшiрмесiн қоса алғанда, тергеудiң немесе соттық қудалаудың сипаты;
      өтiнiштi беру мақсаты мен сұрау салынған көмектiң мазмұны;
      сақтауды талап етушi құпиялылықтың дәрежесi және тиiстi негiздемелер;
      өтiнiштiң орындалу мерзiмдерi көрсетiлуi тиiс.
      2. Мынадай жағдайларда құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiш:
      дәлелдердi жинау туралы өтiнiштi жолдаған жағдайда тiнту және алып қоюды жүргiзгенде не қылмыстық жолмен алынған кiрiстер анықталғанда, оларға тыйым салғанда немесе тәркiлегенде - қылмыстық жолмен алынған дәлелдердi немесе кiрiстердi сұрау салынған Тараптың аумағында табылуы мүмкiндiгiн растайтын ақпаратты;
      адамдардың көрсетпелерiн жинау туралы өтiнiштi жолдаған жағдайда - антпен айтылған көрсетпелер талап етiлетiнi немесе салтанатты өтiнiшпен немесе заңда көзделген басқа тәсiлмен расталған нұсқауды, сондай-ақ сұратылатын көрсетпелердiң немесе өтiнiштердiң түрiн мазмұндауды;
      заттай айғақтарды уақытша тапсырған жағдайда - сұрау салынған Тараптың аумағындағы заттай айғақтардың нақты орналасқан жерiн және сұрау салған Тарапта заттай айғақтарды сақтайтын адамды немесе адамдардың санатын көрсетудi, заттай айғақтарды жеткiзу жерлерiн, жүргiзiлуi тиiс кез келген тексерулердi және заттай айғақтардың қайтарылу күнін;
      қамауда отырған адамдардың келуiн қамтамасыз еткен жағдайда - оларды тапсыру кезiнде қамауда ұстайтын адамды немесе адамдардың санатын, жеткiзу жерiн және оларды қайтару күнiн көрсетудi қамтуы тиiс.
      3. Қажет болған кезде және мүмкiндiгiне қарай құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiште:
      адамның немесе тергеу немесе соттық қудалау жүргiзiлiп жатқан адамдардың жеке тұлғасы, азаматтығы және тұрғылықты жерi;
      сұрау салынған Тараптың пiкiрi бойынша орындалуға тиiстi кез келген нақты рәсiмнiң немесе талаптың толық мазмұны және тиiстi негiздемесi көрсетiлуi қажет.
      4. Егер сұрау салынған Тарап құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiштi орындау үшiн ақпарат жеткiлiксiз деп санаса, ол қосымша мәлiметтердi сұратып алуына болады.
      5. Өтiнiш жазбаша нысанда жасалады. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiш ауызша айтылуы мүмкiн, бiрақ содан кейiн жазбаша түрде дереу расталуы тиiс.

      15-бап. Орталық органдар

      1. Осы Шарттың мақсаттары үшiн құқықтық көмек көрсету туралы барлық өтiнiштердi орталық органдар бередi және алады. Орталық органдарға:
      Қазақстан Республикасының тарапынан - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;
      Канада тарапынан - Әдiлет министрi немесе ол өкiлеттiк берген ресми адам жатады.

      16-бап. Құпиялылық

      1. Сұрау салған Тараппен консультациядан кейiн сұрау салынған Тарап ақпарат не дәлелдер, сондай-ақ олардың көздерi құпия ретiнде сақталуын не тек қана сұрау салынған Тарап көрсете алатын шарттарға сәйкес жариялауын немесе пайдаланылуын талап етуi мүмкiн.
      2. Сұрау салған Тарап өтiнiштің, оның мазмұнының, ілеспе құжаттардың және өтiнiшке сәйкес қабылданған кез келген әрекеттердiң құпия түрде сақталуын талап етуi мүмкiн. Егер өтiнiш құпиялылықты бұзбай орындалмайтын бoлca, онда сұрау салынған Тарап өтiнiштi орындамастан бұрын, осы туралы сұрау салған Тарапты хабардар ету тиiс және соңғысы өтiнiш кез келген жағдайда мiндеттi түрде орындалу тиiс екендiгiн айқындайды.

      17-бап. Ақпаратты және айғақтық материалдарды
               пайдалануды шектеу

      Сұрау салған Тарап ақпаратты немесе дәлелдердi сұрау салынған Тараптың орталық органының алдын ала келiсiмiнсiз, құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiште көрсетiлгеннен өзге мақсаттарда жарияламауы не пайдаланбауы тиiс.

      18-бап. Куәлік

      Осы Шарттың 7-бабында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, осы Шартқа сәйкес тапсырылған құжаттар мен заттар қандай болмасын куәлiктiң нысанын талап етпейдi.

      19-бап. Тілі

      Қазақстан Республикасынан жолданған сұрау салулар мен оларға қоса берiлетiн құжаттар ағылшын немесе француз тiлдерiндегi аудармаларымен бiрге жүруi тиiс. Канададан жолданған сұрау салу мен оған тiркелетiн құжаттар қазақ немесе орыс тiлдерiндегi құжаттармен бipгe жүруi тиiс.

      20-бап. Құқықтық көмек көрсетуге байланысты шығыстар

      1. Құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiштердiң орындалуына байланысты шығыстарды сұрау салынған Тарап төлейдi, сұрау салған Тарап мынадай жағдайларда төлейдi:
      - сұрау салған Тараптың өтiнiшi бойынша сұрау салған Тараптың аумағынан немесе аумағына адамды жеткiзуге байланысты шығыстарды және сұрау салған Тараптың аумағында болған уақытында осы Шарттың 10 немесе 11-баптарына сәйкес бұл адамға төленетiн барлық шығыстардың сарапшылардың шығыстары мен олардың қаламақыларын;
      - жазбаша, ауызша аудармаға және хаттамаларды толтыруға байланысты шығыстарды.
      2. Егер құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiштi орындау қосымша төтенше шығыстарды талап ететiнi анықтала бастаса, сұрату алған құқықтық көмек көрсетiлуi мүмкiн Тараптар шарттарды айқындау мақсатында консультация жүргiзедi.

IV тарау. Қорытынды ережелер

      21-бап. Өзге құқықтық көмек

      Осы Шарт басқа шарттарға, келiсiмдерге және өзге де уағдаластықтарға сәйкес Тараптардың мiндеттемелерiн қозғамайды, сондай-ақ басқа шарттар мен келiсiмдерге сәйкес Тараптардың бiр-бiрiне көмек көрсетуiне не көмек көрсетудi жалғастыруына кедергi жасамайды.

      22-бап. Консультация

      Тараптардың бiреуiнiң өтiнiшi бойынша Тараптар дереу осы Шартты түсiндiруге және қолдануға қатысты консультациялар жүргiзедi.

      23-бап. Өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу

      Тараптар өзара келiсiм бойынша осы Шарттың мәтiнiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуi мүмкiн.

      24-бап. Шарттың күшiне енуi және оның қолданылуын тоқтату

      1. Осы Шарт Тараптар оның күшiне енуi үшiн қажеттi өзiнiң барлық iшкi заңды рәсiмдерiнiң орындалғандығы туралы жазбаша түрде бiрiн-бiрi хабардар еткен соң 30 күннен кейiн күшiне енедi.
      2. Осы Шарт ол күшiне енгеннен кейiн осыған байланысты құқық бұзушылықтар осы сәтке дейiн болса да, құқықтық көмек көрсету туралы жолданған барлық өтiнiштерге де қолданылады.
      3. Кез келген Тарап осы Шарттың қолданылуын тоқтата алады. Тараптардың бipeуi Шарттың қолданылуының тоқтатылғандығы туралы ресми жазбаша хабарлама алған күннен бастап алты ай өткен соң осы Шарт өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
      4. Осы Баптың 3-параграфына сәйкес Шарттың қолданылуын тоқтату туралы хабарлама алғанға қарамастан, Тараптар мұндай хабарламаны алғанға дейiн жасалған құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды орындауды жалғастырады.

      2003 жылғы "___" ________ екi данада, әрқайсысы қазақ, орыс, ағылшын және француз тiлдерiнде жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.

     Қазақстан Республикасы үшiн         Канада үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады