"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне жергiлiкті мемлекеттік басқару мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 шілдедегі N 652 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне жергiлiктi мемлекеттiк басқару мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiн
жергiлiктi мемлекеттiк басқару мәселелерi бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"

      1-бап. Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат, N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 1-12, 178-құжат; N 7-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; N 20, 731-құжат; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 7-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат):
      105-баптың 2-тармағында "астана, облыстар, республикалық маңызы бар қала әкiмдерiн" деген сөздер "астана, облыстар, республикалық маңызы бар қала (облыстық маңызы бар қалалар әкiмдiктерiн" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 23-24, 507-құжат; 1995 ж., N 23, 146-құжат):
      2-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "400 мың адамнан астам халқы бар республикалық маңызы бар қаладағы, облыстық маңызы бар қаладағы және Қазақстан Республикасының астанасындағы аудан қаладағы аудан болып табылады.".

      3. "Қазақстан Республикасындағы жергілiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 3, 17-құжат; N 9, 86-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 103-құжат):
      6-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) тиiстi аумақтың даму жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк даму бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттi және олардың атқарылуы туралы есептердi бекiту оның iшiнде қаладағы аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерi орындайтын (әрбiр қаладағы аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ бойынша жеке) бюджеттiк бағдарламалар мен кiшi бағдарламаларды бекiту;";
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың үлгiлiк құрылымы негiзiнде қалыптастырылған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстi басқару схемасын әкiмнiң ұсынымы бойынша бекiту;";
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Қазақстан Республикасы облыстарының, республикалық маңызы бар қаласының және астанасының мәслихаттары қоршаған ортаның ластану лимиттерiн (аудандар және қалалар шегiнде) белгiлейдi, қоршаған ортаның ластанғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төленетiн төлемдердiң ставкаларын бекiтедi.";
      22-бапта "сессиялар" деген сөзден кейiн ", мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге органдарының отырыстары" деген сөздермен толықтырылсын;
      27-бапта:
      1-тармақта:
      6) тармақшада "әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектiлер" деген сөздердiң алдынан "облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың)" деген сөздер қосылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамалар нормаларының сақталуына мемлекеттiк бақылауды, бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес құрылыс жобаларының iске асырылуына, қала құрылысы талаптарының, құрылыс салудың аумақтық ережелерiнiң сақталуына қадағалауды жүзеге асырады, салынып жатқан (салыну жоспарланып отырған) объектiлерге мониторинг жүргiзедi және ведомствоға қарасты аумақта салынып жатқан (қайта жаңғыртылатын, кеңейтiлетiн, жаңартылатын, күрделi жөндеуден өткiзiлетiн) объектiлердiң және кешендердiң сапасы мен барысына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;";
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) су құбырларын, электр бepу байланыс желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын салу мен пайдалануды ұйымдастырады;";
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) өз құзiретi шегiнде экологиялық сараптаманы, табиғат қорғау объектiлерiнiң құрылысы мен олардың қайта жаңғыртылуын ұйымдастырады, қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады, табиғат пайдалануды реттейдi және қоршаған ортаның ластануына белгiленген лимиттер шегiнде ластану квоталарын белгiлейдi;";
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "14) белгiленген мемлекеттiк стандарттарды сақтай отырып, азаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi жөнiндегi құқықты iске асыруын қамтамасыз етедi";
      15) тармақша алынып тасталсын;
      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "19) өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiктер, қаладағы аудан әкiмдерiнiң жұмысын үйлестіреді;";
      22) тармақшада "бюджеттiң" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн штат санының лимитi шегiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 22-3)-22-6) тармақшалармен толықтырылсын:
      "22-3) заңнамамен белгiленген жағдайларда және тәртiппен лицензиялауды ұйымдастырады;
      22-4) облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) бюджетке толық көлемде түсетiн салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемелерiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы салық төлеушiнi есепке алуды тiркеу орны бойынша салық органының шешiмiн келiседi;
      22-5) табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектерде табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн бақылайды және реттейдi;
      22-6) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгiленген шектерде тауар рыногындағы рынок субъектiлерiнiң үстем (монополиялық) жағдайына бақылауды жүзеге асырады.";
      29-бапта:
      1-тармақта:
      8) тармақшадағы "әкiмшiлiк-аумақты бөлiнiстi" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың үлгiлiк құрылымы негiзiнде қалыптастырылған" деген сөздер қосылсын;
      10-тармақша алынып тасталсын;
      31-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақшада "аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi" деген сөздерден кейiн "(оның iшiнде қаладағы аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерi орындайтын (әрбiр қаладағы аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ бойынша жеке) бюджеттік бағдарламалар мен кiшi бағдарламалар)" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) осы аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағындағы кенттер мен ауылдарды салудың бас жоспарларын әзiрлейдi және оларды аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихаттың бекiтуiне ұсынады, коммуналдық меншiк объектiлерi мен әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектiлер құрылысы бойынша тапсырысшы болады, кентiшiлiк (қалаiшiлiк) коммуналдық желiлер мен құрылыстарды салуға рұқсат бередi;";
      9) тармақшада "тасымалын" деген сөздiң алдынан "кентiшiлiк (қалаiшiлiк) және ауданiшiлiк" деген сөздер қосылсын;
      10) тармақшада "реттеудi" сөзiнен кейін ", оның ішiнде жерлердi аймақтарға бөлу жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады" деген сөздермен толықтырылсын;
      14) тармақшада "ана мен баланы қорғау" деген сөздер алынып тасталсын;
      16) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 18)-24) тармақшалармен толықтырылсын:
      "18) тиiстi аумақтарда ветеринарлық iс-шараларды жүргiзудi, өсiмдiк шаруашылығында және мал шаруашылығында пайдаланылатын қоймалар (көмбелер) салуды және қалыпты жағдайда ұстауды ұйымдастырады;
      19) азаматтардың тегiн орта білiм алу құқығының іске асырылуын қамтамасыз етедi;
      20) мемлекеттiк мекемелер және кәсiпорындар құрады, облыстық атқарушы орган белгiлеген штат санының лимиті шегiнде аудандық (қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитiн белгiлейдi;
      21) аудандық (қалалық) бюджетке толық көлемде түсетiн (оның iшiнде облыстық және аудандық (қалалық) бюджеттер арасында бөлiнетiн) салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемелерiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы салық төлеушiнi есепке алуды тiркеу орыны бойынша салық органының шешiмiн келiседi;
      22) заңнамамен белгiленген жағдайларда және тәртiппен лицензиялауды ұйымдастырады;
      23) табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектерде табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн бақылайды және реттейдi;
      24) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгiленген шектерде тауар рыногындағы рынок субъектiлерiнiң үстем (монополиялық) жағдайына бақылауды жүзеге асырады.";
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "Аудандық (қалалық) әкiмдiкке жүктелген және осы бапта көрсетілмеген өкiлеттiктер астанада (республикалық маңызы бар қалада) қала әкiмдiгi жүзеге асырады.";
      33-бапта:
      1-тармақта:
      7) тармақша алынып тасталсын;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) орта, бастапқы және кәсiби бiлiм беру мекемелерiн, әлеуметтiк-мәдени сала мекемелерiн материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдайды және көмек көрсетедi;";
      9) тармақша алынып тасталсын;
      11) тармақшада "әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстi" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың үлгiлiк құрылымы негiзiнде қалыптастырылған" деген сөздер қосылсын;
      35-бапта:
      баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "35-бап. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң құзыретi";
      1-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы)" деген сөздер алып тасталсын;
      4) тармақшада "тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстi ұстауға арналған шығыстарды қамтитын әкiм аппараты сметасын" деген сөздер "өздерi әкiмшiлерi болып табылатын бюджеттiк бағдарламалар мен кiшi бағдарламалардың қаржы жоспарларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) тұрмысы төмен азаматтарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға атаулы әлеуметтiк көмек көрсету бойынша ұсыныс енгiзедi, жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер жасауды, жалғызiлiктi қарияларға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi, сондай-ақ халықтың әлеуметтiк осал топтарына қайырымдылық көмек көрсетудi ұйымдастырады;";
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "14) аудандық атқарушы органға аудан орталығымен көлiк қатынасын ұйымдастыру бойынша ұсыныс енгiзедi;";
      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "14-1) қатты науқастанған адамдарды дәрiгерлiк көмек көрсететiн жақын арадағы денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды төтенше жағдайларда ұйымдастырады;";
      мынадай мазмұндағы 16)-21) тармақшалармен толықтырылсын:
      "16) әр шаруашылық бойынша статистикалық есептi жүзеге асырады;
      17) жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессиясының жұмысына қатысады;
      18) мектепке дейiнгi тәрбие мекемелерiн, мәдениет мекемелерiн материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау және көмек көрсетедi;
      19) елдi мекендердi сумен қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады, су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
      20) елдi мекендердi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
      21) зираттарды, өзге де мола, туған-туысы жоқ адамдарды жерлеу орындарын күтiп ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.";
      мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "1-1. Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң құзiретiне сондай-ақ аудан орталығымен көлiк қатынасын ұйымдастыру жөнiнде аудандық атқарушы органға ұсыныс енгiзу, сонымен бiрге ауылдық (селолық) жерде оқушыларды мектепке және одан үйлерiне тегiн жеткiзiп салуды ұйымдастыру жатады.
      1-2. Облыстық маңызы бар қалада аудандар болмаған жағдайда осы баптың 1-тармағында аталған функцияларды облыстық маңызы бар қаланың әкiмдiк жүзеге асырады.";
      2-тармақта:
      "республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы)" деген сөздер алып тасталсын;
      "заңдармен" деген сөз "заң актiлерiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      "республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы)" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Қаладағы аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң қазынашылық органдарында демеушiлiк және қайырымдылық көмек шоттарын ашуға және оның бюджет заңдарына сәйкес жұмыс iстеуiне құқығы бар.";
      36-баптың мәтiнi бойынша "республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы)" деген сөздер алып тасталсын;
      38-бапта:
      бап атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "38-бап. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң аппараты";
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      2. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң аппаратын тиiстi облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгi құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.
      Қаладағы аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң аппараттың аудан (облыстық маңызы бар қала), республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдiгi құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.";
      4-тармақтағы "әкiмi" деген сөз "әкiмдiгi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      39-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарды тиiстi мәслихат бекiткен әкiмшiлiк-аумақтық өлшемнiң басқару схемасы шеңберiнде облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгi құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.";
      2-тармақтағы "облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi" деген сөздер "тиiстi әкiмдiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2-бап. Осы Заң 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн Осы Заңның қалалардағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерiне қатысты 1-бабының 2-тармағынан және 3-тармағының бесiншi, отыз жетiншi және алпыс бiрден бастап сексен алтыға дейiнгi абзацтарынан басқасы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады