Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық жауапкершiлігiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 14 қазандағы N 1257 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 41, 391-құжат);
2) "Автокөлiк құралдары иелерiнің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн міндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 31 қазандағы N 1319 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 43, 415-құжат);
3) "Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 29 шілдедегi N 718 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 25, 216-құжат).
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі