"Тәуелсіздік Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер экономикасының, әскери және қайырымдылық тасымалдауларының мұқтаждары үшін көлік коммуникациялары желілерін пайдалану және дамыту туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 тамыздағы N 818 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер экономикасының, әскери және қайырымдылық тасымалдауларының мұқтаждары үшiн көлiк коммуникациялары желiлерiн пайдалану және дамыту туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзілсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Mинистрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы
мемлекеттер экономикасының, әскери және
қайырымдылық тасымалдауларының мұқтаждары
үшiн көлiк коммуникациялары желiлерiн пайдалану
және дамыту туралы келiсiмдi бекiту туралы

      2001 жылғы 31 мамырда Минск қаласында жасалған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер экономикасының, әскери және қайырымдылық тасымалдауларының мұқтаждары үшiн көлiк коммуникациялары желiлерiн пайдалану және дамыту туралы келiсiм бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Ресми түрде
куәландырылған мәтін

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы
мемлекеттер экономикасының, әскери және
гуманитарлық тасымалдауларының мұқтаждары
үшiн көлiк коммуникациялары желiлерiн
пайдалану және дамыту туралы
Келісім

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң үкiметтерi,
      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер экономикасының, әскери және гуманитарлық тасымалдауларының мұқтаждары үшiн көлiк коммуникациялары желілерiн пайдалану және дамыту жөнiндегi келісілген iс-қимылдардың объективтi қажеттiлiгiн сезiне отырып,
      төмендегілер туралы келiстi:

1-бап

      Тараптар мемлекеттерi көлiк коммуникацияларының желiсi деп қызмет етуi олардың ұлттық заңнамасының негiзiнде жүзеге асырылатын, Тараптар мемлекеттерi аумақтарындағы әртүрлi көлiк түрлерiнiң өзара байланысты қатынас жолдарының жиынтығы түсiнiледi.
      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн төмендегi көрсетiлген терминдердiң мынадай мағынасы бар:
      әскери тасымалдаулар - әскерлердiң, командалардың, жеке әскери қызметшiлердiң, сондай-ақ әскери жүктердiң көлiктiң әр түрiн пайдалана отырып бiр ауданнан (пункттен) басқасына жылжуы. Ауқымы бойынша тасымалдаулар - стратегиялық, жедел және тактикалық; мазмұны, мақсаты және тағайындалуы бойынша - адам тасымалдайтын, жұмылдыру, жедел, жабдықтаушы және эвакуациялық; көлiк түрлерi бойынша - темiр жол, су (теңiз және өзен), әуе, автомобиль және құрастырылған болуы мүмкiн;
      гуманитарлық тасымалдаулар - төтенше жағдай нәтижесiнде зардап шеккендерге көмек көрсету шеңберiнде жүктердi және адамдарды тасымалдау, адамдардың өмiрiн қорғауға және денсаулығын сақтауға, қоршаған табиғи ортаға келтiрілген залалдың және материалдық шығындардың көлемiн төмендетуге, төтенше жағдай аймағын шектеуге және оған тән қауiптi факторлардың әсерiн жоюға бағытталған апаттық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзуге, сондай-ақ гуманитарлық көмектi жеткiзу жөнiндегi операцияларды жүргiзуге және эвакуациялық iс-шараларды жүзеге асыру шеңберiнде мемлекетке көмек көрсету;
      төтенше жағдайлар - Тараптар мемлекеттерiнiң белгiлi бiр аумағында адам шығындарына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған табиғи ортаға зиян келтiруiне, елеулi материалдық шығындарға және адамдардың тiршілiк әрекетi жағдайларының бұзылуына әкелiп соққан немесе әкелiп соғуы мүмкiн апат, қауiптi табиғи құбылыс, опат, табиғи немесе өзге де апат нәтижесiнде қалыптасқан жағдай;
      қатынас жолдарын техникалық бүркемелеу - бейбiт және соғыс уақытында қатынас жолдарында қираудан кейiн тез жұмыс iстеуiн және қалпына келуiн қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiлетiн арнайы iс-шаралар кешенi. Техникалық бүркемелеуге темiр жол мен автомобиль жолдарының тораптары, көпiрден өту жолдары, тоннельдер, теңiз және өзен айлақтары, ішкi су жолдарындағы гидротехникалық құрылыстар, көлiк авиациясын орналастыру әуеайлақтары, далалық магистральдық және стационарлық құбырлар, ал қажет болса - басқа да көлiк объектiлерi жатады.

2-бап

      Тараптар мемлекеттерi экономикасының, әскери және гуманитарлық тасымалдауларының мұқтаждары үшiн, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында қарулы қақтығыстар, төтенше жағдайлар және табиғи апаттар туындаған кезде кейбiреулерi басым болып табылатын көлiк коммуникацияларының желiсi пайдаланылады.
      Тараптар мемлекеттерi экономикасының, әскери және гуманитарлық тасымалдауларының мұқтаждары үшiн, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатындағы Тараптардың тиiсті органдары әзiрлеген басым көлiк коммуникацияларының тiзiлiмiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы үкiметтерi басшыларының Кеңесi бекiтедi.

3-бап

      Тараптар экономикасының, әскери және гуманитарлық тасымалдауларының мұқтаждарына тасымалдауларды қамтамасыз ету үшiн Бiрiккен уақытша көлiк комиссиясы арқылы қолда бар көлiк коммуникацияларын пайдалануда және дамытуда күштердi үйлестiредi, оның құрамына өз қызметiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Қорғаныс министрлерi кеңесiнiң ұсынуы бойынша Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы үкiметтерi басшыларының кеңесi бекiтетiн осы комиссия туралы Ереже негiзiнде жүзеге асыратын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң әскери ынтымақтастығын үйлестiру жөнiндегi штабының, Жол қызметкерлерiнiң үкiметаралық кеңесiнiң, Авиация және әуе кеңiстiгiн пайдалану жөнiндегi кеңестiң, Достастыққа қатысушы мемлекеттердiң темiр жол көлiгi жөнiндегi кеңестiң өкiлдерi кiредi.

4-бап

      Тараптар оларға қойылатын әскери-техникалық талаптарға сәйкес ұсталуын, жөнделуiн, дамыту мен техникалық бүркемеленуiн мемлекеттiк қаржыландыруды қоса алғанда өз мемлекеттерiнiң аумағында көлiк коммуникациялары желiлерiн жұмыс жағдайында ұстауды қамтамасыз етедi.

5-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың олар қатысушысы болып табылатын, бұдан бұрын қол қойылған, соның iшiнде Тараптар арасында жасалған басқа да халықаралық шарттары мен келiсiмдерiнен туындайтын құқықтары мен мiндеттемелерiне нұқсан келтiрмейдi және осы келiсiмдi орындауға шарттары қайшы келмейтiн басқа да халықаралық шарттарды жасасуға кедергi жасамайды.

6-бап

      Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы үшiншi хабарламаны депозитарийге сақтауға тапсырған сәттен бастап күшiне енедi.
      Мемлекетiшiлiк рәсiмдердi кешiрек орындаған Тарап үшiн Келiсiм тиiстi құжаттарды депозитарийге тапсырған күннен бастап күшiне енедi.

7-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша оның ажырамас бөлiгi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн және осы Келiсiмнiң 6-бабында көзделген тәртiппен күшiне енетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

8-бап

      Осы Келiсiмдi қолданумен немесе түсiндiрумен байланысты даулы мәселелер мүдделi Тараптардың консультациялары мен келiссөздерi арқылы шешіледi.

9-бап

      Осы Келiсiм 10 жыл мерзiмге жасалды және егер Тараптар өзге шешiм қабылдамаса келесi бес жылдық мерзiмге автоматты түрде ұзартылады.
      Әрбiр Тарап болжанған шығу күнiне дейiнгi алты айдан кешiктiрмей депозитарийге бұл туралы жазбаша хабарлама жiбере отырып осы Келiсiмнен шыға алады.

10-бап

      Осы Келiсiм осындай қосылу туралы құжаттарды депозитарийге тапсыру жолымен барлық Тараптардың келiсуi бойынша оның мақсаттары мен мiндеттерiн бөлiсетiн басқа мемлекеттердiң оған қосылуы үшiн ашық.
      Осы Келiсiм қосылған мемлекеттер үшiн депозитарийлердiң Тараптардың осындай қосылуға келiсiмi туралы соңғы хабарламасын алған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Минск қаласында 2001 жылғы 31 мамырда орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа дана Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiнде сақталады, ол осы Келiсiмге қол қойған мемлекеттiң әрқайсысына оның куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.

      Әзербайжан Республикасының       Молдова Республикасының
      Yкiметi үшiн                     Yкiметi үшiн

      Армения Республикасының          Ресей Федерациясының
      Yкiметi үшiн                     Үкіметі үшін

      Беларусь Республикасының         Тәжiкстан Республикасының
      Үкiметi үшiн                     Yкiметi үшiн

      Грузия Республикасының           Түркменстан Республикасының
      Yкiметi үшiн                     Yкiметi үшiн

      Қазақстан Республикасының        Өзбекстан Республикасының
      Үкiметi үшiн                     Yкiметi үшiн

      Қырғыз Республикасының           Украина Республикасының
      Yкiметi үшiн                     Yкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады