Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 ақпандағы N 118 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 тамыздағы N 856 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 ақпандағы N 118 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 5, 56-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасында:
      5-бөлімнің 5.1-бөлімшесінің он сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ұлттық компаниялар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ведомстволық бағыныстағыларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметтерінің жоспарларын және мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық қызметтерінің жоспарларын әзірлеу және ұсыну ережесі";
      "Бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:
      реттік нөмірі 2.3-жолда 2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ұлттық компаниялар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ведомстволық бағыныстағыларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарларын және мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің жоспарларын әзірлеу және ұсыну ережесін әзірлеу және бекіту".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады