Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы "Өскемен қаласында жер асты суларын қорғау және өнеркәсiптiк сарқынды суларды тазарту" жобасын дайындауға грант бөлу туралы келiсiм-хатқа қол қою туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі N 888 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы "Өскемен қаласында жер асты суларын қорғау және өнеркәсiптiк сарқынды суларды тазарту" жобасын дайындауға грант бөлу туралы келiсiм-хатқа қол қою туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзілсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта
Құру және Даму Банкi арасындағы "Өскемен қаласында
жер асты суларын қорғау және өнеркәсiптiк сарқынды
суларды тазарту" жобасын дайындауға грант бөлу
туралы келiсiм-хатқа қол қою туралы

      Қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы "Өскемен қаласында жер асты суларын қорғау және өнеркәсiптiк сарқынды суларды тазарту" жобасын дайындауға грант бөлу туралы келiсiм-хаттың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi Ахметжан Смағұлұлы Есiмовке Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы "Өскемен қаласында жер асты суларын қорғау және өнеркәсiптiк сарқынды суларды тазарту" жобасын дайындауға грант бөлу туралы келiсiм-хатқа Қазақстан Республикасы атынан қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

22 тамыз 2003 ж.

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары -
Ауыл шаруашылығы Министрi
А.С.Есiмов мырзаға
Абай даңғылы 49, 473000
Астана

Жапония Үкiметiнiң Қазақстан Республикасына
арналған Грантына байланысты:
Өскемен қаласының қоршаған табиғи орта
жағдайын қайта қалпына келтiру Жобасы
N TF051352 Графы

      Құрметтi Есiмов Мырза,

      Халықаралық қайта құру және даму банкiнiң тарапынан (Банк) және Жапония Үкiметi бөлген грант әкiмшiлiгi тарапынан, осы хат арқылы Қазақстан Республикасына (Алушы) сегiз жүз алпыс мың жетi жүз (860 700) АҚШ долларынан аспайтын көлемдегi грантты (Грант) бөлуге келiсiмiмiздi бiлдiремiз.
      Грант Алушының қаржылай көмек беру туралы сұранысына жауап ретiнде, сонымен қатар мақсатқа орай және Келiсiм-хаттың қосымшасының тәртiбi мен шарты бойынша берiлiп отыр. Алушы одан әрi өз келiсiмiн растай келiп, келiсiмге келуге және жоғарыда айтылған мақсат пен шарт бойынша Грант қаржысын алуға өкiлеттi екенiн баяндайды.
      Сiзден, Банк саясатына сәйкес, шарт өз күшiне енгеннен кейiн осы Келiсiм-хат және ұсынылып отырған мәселе бойынша кез-келген мәлiмет жарық көретiнiн және Алушы тарапынан мәлiметтi ашуға келiсiм алатынымызға көңiл аударуыңызды сұранамыз. Алушы осы Келiсiм-хатқа қол қоя отырып, осы тәрiздi мәлiметтердi жариялауға келiсiм бередi.
      Алушы тарапынан жоғарыда аталғандарға келiсiм беру белгiсi ретiнде қолыңызды қойып және күнiн жазып, Банкке Келiсiм-хаттың қоса берiлiп отырған данасын жiберуiңiздi өтiнемiз. Осы Келiсiм-хат Банктен Алушыға сiз қол қойған Келiсiм-хаттың көшiрмесiн алғандығы туралы (i) және Алушының атынан Келiсiм-хат лайықты түрде бекiтiлгендiгі немесе ратификацияланғандығы, орындалғандығы мен жеткiзiлгендiгi және Келiсiм-хаттың шарттарына сәйкес Алушы үшiн заңды түрде мiндеттi болуы туралы Банктi қанағаттандырарлық растауды олардың қабылдағаны туралы жазбаша хабарландырған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Шын ниетпен
      ___________________ атынан

Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі
(ХҚҚДБ)

____________________________
Деннис Де Трей

Директор

Орталық Азиядағы аймақтық өкілдігі
Еуропа және Орталық Азия аймағы

Келісілді:

Қазақстан Республикасы

Қолы ___________________

Аты-жөні:___________________

Қызметі:___________________

Күні:___________________

Қосымша

Гранттың мақсаты, шарттары мен ережелерi

      1. Мақсаттары және iс-шаралар

      1.1. Гранттың мақсаты - Өскемен қаласының қоршаған табиғи орта жағдайын қалпына келтiру жобасын даярлауға көмек көрсету болып табылады (бұдан әрi - Жоба). Гранттың негізгi мiндеттерi болып: (1) Өскемен қаласының тұрғын халқы мен өндiрiстiк қызметiн сумен қамтамасыздандырудың сапасын жақсарту; (2) Ертiс өзенiнiң улы металл қалдығымен ластануының алдын алу; (3) аймақтың алғышарттық экологиялық мәселелерiн шешуде iрi өндiрiс кәсiпорындарын iске тарту; (4) қоршаған ортаның ластану мәселесiн басқару жөнiндегі табиғат қорғау органдарының iс-әрекетiн күшейте түсу. Грант берiлетiн iс-шараларға (бұдан әрi - Iс-шаралар) мыналар жатады:

      а) Өскемен қаласындағы өндiрiс кәсiпорындарының жер асты суын ластау оның қазiргi уақыттағы деңгейiн бағалау және талдау үшiн еспе суды оңалту бағдарламасының техникалық-экономикалық негiздемесi: бұл iс-шараның құны шамамен 538 500 АҚШ долларына баламалы сомада;

      b) жер асты суын оңалту бағдарламасы және қалдықтар сақталынған қойма аймағының қоршаған ортасын қайта орнына келтiрудiң қоршаған ортаға әсерiн бағалау: бұл iс-шараның құны шамамен 110 000 АҚШ долларына баламалы сомада;

      с) қазiргі кездегі жер асты суының ластануы, қалдық сақтау қоймаларының, жалпы өндiрiс орындарының қоршаған ортаны ластауы мен басқа да осы мәселеге қатысты факторлардың әсерi мен түсiну деңгейiн анықтау үшiн әлеуметтiк бағалау: бұл iс-шараның құны шамамен 64000 АҚШ долларына баламалы сомада;

      d) қаржыландыру және экономикалық тұрғыдан бағалау: бұл iс-шараны iске асырудың құны шамамен 22 800 АҚШ долларына баламалы сомада;

      e) Грант аудитi: бұл iс-шараның құны шамамен 20 000 АҚШ долларына баламалы сомада;

      f) кадрлap құрамын бағалау, анықтау және ұсыну мен қажеттi заттарды дұрыс сатып алуға үйрету iсi; бұл iс-шараның құны шамамен 25 400 АҚШ долларына баламалы сомада;

      g) басқа да техникалық көмек: бұл iс-шараның құны шамамен 80000 АҚШ долларына баламалы сомада.

      2. Толығымен iске асыру

      2.1 Алушы: (а) талапқа сай және көздеген нәтижеге қол жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi Комитетi арқылы iс-шараларды жүзеге асырады; (b) осы мақсатқа жетуде қажеттi құрал-жабдықтарды, қызмет көрсету мен басқа қажеттi құралдармен қамтамасыздандырады; (с) iс-шараларға және Грант қаржысын пайдалануға қатысты Банк дәлелдi түрде сұраған барлық мәлiметтердi жеткiзедi; (d) iс-шараларды жүзеге асыру барысы мен нәтижесi жөнiнде Банк өкiлдерiмен мерзiмдi түрде пiкiр алмасып отырады; (е) Грант мақсатына байланысты Банк өкiлдiгi Қазақстан Республикасы аймағына баруға қажеттi мүмкiндiктi жасап, шешiм қабылдайды; (f) Грант қорынан қаржыландырылған тауар мен қызмет тек қана Жоба мақсаты үшiн пайдаланылуын қадағалайды.
      Алушы жоғарыда аталған талаптарға шек келтiрместен Банк сұраныс жасауы бойынша iс-шара жүзеге асырылғаннан кейiн тез арада Банкке оның нәтижесi мен әсерi туралы есеп өткiзуi тиiс. Есеп Банк талабының үлгiсi мен мазмұнына сәйкес жазылады.

      3. Сатып алу

      3.1. Ic-шараны жүзеге асыруға қажеттi және Грант қорынан қаржыландыруға тиесiлi кеңес алу қызметi мен тауар сатып алу барысында Банкпен ешбiр келiсiм-шарт жоқ жағдайда, бұл процесс осы Қосымшаның І-Толықтыруының ережесi бойынша реттеледi.
      3.2. Алушы Грант қаржы қорынан сатып алынған импортты тауарларды сатып алу барысындағы тәуекелден, тасымалдау мен пайдаланатын жерiне және оны орнату жөнiнде сақтандыру құжатының болуына шара қабылдайды және сақтандыру төлемi тауарды толық ауыстыруға немесе жөндеу жұмысын толықтай жүргiзуде еркiн конверсиялы валютада төлеуге тиiстi болуы қажет. Алушы iс-шараларға байланысты кез-келген нысандарды пайдалануда және техникалық құралдардың қызмет атқаруында тиесiлi (қалыптасқан) әдiстердi пайдалануы қажет. Себебi, пайдаланып отырған нысандар мен техникалық құралдарға қажеттi жағдайда кез-келген жөндеу жұмысын немесе жаңарту iсiн қолма-қол iске асырылуы үшiн тиiмдi шараны қолдана алу болып табылады.

      4. Грант қаржысын есептен алу

      4.1. Банктiң тiркеу құжаттарында Алушының атына ашылған есепке (Грант есебi) Грант қаржысы аударылады және iс-шараларды жүзеге асыру мен Грант қорынан қаржыландыруға тиесiлi, негiздемесi бар тауар мен қызмет көрсету құнын төлеу үшiн 4 - Бөлiмнiң ережесiне сәйкес Алушы есептен қаржы алуға мүмкiндiгi бар.
      4.2. Одан ары баптарда көрсетiлген шеңбердегi шығындарды Грант қорынан қаржыландыруға болады және бұл қор тек қана iс-шараларды жүзеге асыруға ғана пайдаланылады:

Бап             Грант қорына бөлiнген сома        қаржыландыруға
                  АҚШ доллары бойынша             тиесiлi шығын %
                                         [100%1]

(1) Кеңес беру қызметi   820 700

(2) Тауар                15000                    шет елдiк валюта
                                                  бойынша 100 %
                                                  жергiлiктi валюта
                                                  бойынша 100 %
                                   [(франко-зауыт құны)] және iшкi
                                   нарықта басқа да баптар бойынша
                                   сатып алу шеңберiнде жергiлiктi
                                   валюта бойынша шығынның 85% 
(3) Қосымша эксплуатациялық
шығындар                 25000    90%

Барлығы                  860 700

      Аталған тармақтың мақсаты үшiн:

      (а) "шет елдiк валюта бойынша шығын" терминi Қазақстан Республикасын есепке алмағанда, кез-келген мемлекет аймағынан алынған тауар мен көрсетiлген қызметтiң төлем ақысы Қазақстан Республикасын есепке алмастан, сол шет елдiк валюта бойынша шығын деген мағынаны бiлдiредi.

      (б) "жергiлiктi валюта бойынша шығын" терминi шет елдiк валюта шығынына жатпайтын кез-келген шығын деген мағынаны бiлдiредi, бiрақ, сатып алынған тауар мен көрсетiлген қызмет территориясындағы валюта Қазақстан Республикасының валютасы болып саналатын жағдайда сол валюта бойынша төленген тауар мен қызмет төлемақысы шет елдiк валюта шығыны болып есептеледi.

      (в) "қосымша эксплуатациялық шығындар" терминi Грант шеңберiнде Алушының қосымша жасаған эксплуатациялық шығындар деген мағынаны бiлдiредi, соның iшiнде офистiк құрал-жабдықтар (қағаз, кеңсе тауарлары және басқа да офистiк жабдықтарға қажеттi материал шығындары), бастыру жұмыстары, факс, жазбаша және ауызша аударма iсi, байланыс қызметi және транспорт.

      4.3. 4.2-тармақтың eрежесiне қарамастан:
      (а) Грант есебiнен қаржы ала алмайды: (i) Банктiң келiсiм-хатқа қол қойған күнiне дейiн кеткен шығынды төлеу үшiн; (ii) Алушы төлейтiн немесе Алушының территориясындағы кез-келген салықты төлеу үшiн; (іii) Банк мүшелiгіне жатпайтын басқа бiр мемлекет аймағындағы шығындарды қаржыландыруға, немесе сол сияқты мемлекеттерде өндiрiлген тауарлар мен көрсетiлген қызметке ақы төленбейдi; (iv) БҰҰ қауiпсiздiк Кеңесi шешiмiнiң қабылдауы бойынша БҰҰ Жарғысының VII Тарауына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға немесе импортты тауарларға төлемақы жасауға тиым салынады;

      (b) Банк Алушыға жазбаша түрде ескерту-хатта көрсетуi бойынша (Есептiң жабылу күнi) 2004 жыл 30 мамыр немесе одан кеш мерзiмiнен кейiн Грант Есебiнен қаржы ала алмайды. Бiрақ, шығындарға төлемақы жасау мерзiмi аяқталған Күннен кейiн де есептен қаржы алына алады, егерде жоғарыдағы айтылған тәртiптерге сай есептен қаржы алу туралы арыз аяқталу Күнiнен кейiн төрт ай iшiнде Банкке өткiзiлсе, онда жабылу Күнiне дейiнге жасалған шығындар үшiн есептен қаржы алуға болады. Ал, одан кейiнгi мерзiмде өткiзiлсе (төрт айдан кеш) ол төленбейдi және Есепте қалған кез-келген сома жойылады.

      (с) Егер, 4.2 - тармақта көрсетiлген кестеде берiлген белгiлi бiр бап шеңберiнде бөлiнген Грант сомасы осы бап бойынша шығындарды қаржыландыру қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда, Банк Алушыға жазбаша түрде ескертпе-хат жолдап, Банктiң пiкiрiнше, басқа бапқа бөлiнген қаражат сол баптың шығындарын өтеу қажет емес деп есептеп, Грант қорын қаражат жеткiлiксiз болған бапқа аударады.

      4.4. Егер Алушы Грант қорынан қаржы сомасын алғысы келген жағдайда Банк нұсқауы бойынша берiлген үлгiде қаржы аудару туралы жазбаша арыз бередi. Қаржы алатын Арыздар: (а) қаржы Министрi немесе одан жазбаша түрде өкiлдiк алған басқа тұлға Алушының атынан қол қояды; және (b) Банктiң негiзделген талабына сай дәлелдеушi құжаттармен бiрге өткiзiледi. Қаржы алу Арызына қол қоюға өкiлдi тұлғаның қолы куәландырылған үлгiлер оның қолы қойылған бiрiнші Арызбен бiрге өткiзiледi. Грант қорынан белгiлi бiр соманы алу туралы Арыз және оны қолдайтын құжаттар Алушы Грант қорынан сол соманы алуға құқылы екендiгi және сол сома Iс-шараны жүзеге асыруға пайдаланылатыны жөнiнде Банк сенiм бiлдiретiн деңгейде, формасы мен мазмұны жағынан қанағаттанарлық болуы қажет. Банк Алушы Грант Есебiнен алатын соманы тек қана Алушының өзiне ғана немесе оның тапсырмасы бойынша жауапты басқа жеке тұлғаға ғана берiледi.
      4.5. Банк, Грант есебiнен қаржы алу келiсiм-шарт бойынша шығындарды өтеу үшiн жасалған шығындар ведомостi (тiзiмi) негiзiнде жүзеге асырылуын талап ете алады: (а) құны 100 000 АҚШ долларынан аспайтын кеңес беру фирмаларының қызметiн өтеу үшiн; (b) құны 50 000 АҚШ долларынан аспайтын жеке кеңесшiлер қызметi; (с) тауарлар және (4) қосымша эксплуатациялық шығындар, сонымен қоса бұның бәрi Банк Алушыға ескертпе-хатта анықтап көрсететiн тәртiптер мен шарттар бойынша жүзеге асырылады.
      4.6. Гранттан қаржы алу Грант валютасы бойынша жүргiзiледi. Банк Алушының сұранысы бойынша және Алушының өкiлi ретiнде iс-әрекет жасай отырып, Грант есебiнен алынған Грант валютасына Грант қорынан қаржыландырылатын шығындарды төлеуге қажеттi валютаны сатып алады. Егерде осы келiсiм-хаттың мақсаты үшiн бiр валютаның екiншi валютаға қатысты бағасын анықтау қажет болса, онда ол бағаны негiзделген түрде Банк анықтайды.
      4.7. Іс-шараны жүзеге асыруға көмектесу мақсатында Алушы АҚШ доллары бойынша арнайы депозиттi есеп (Арнайы есеп) ашып, енгiзе алады, сонымен қатар осы есептi өзара төлем есептесуден және осы есептiң басқа есепке қосылып кету немесе қолды болып кету қаупiнен сақтандыратын тиiстi қорғаудың қамтамасыздығын да қарастырады. Арнайы есепке ақша салу және Арнайы есептен ақы төлеу осы Қосымшаға II Толықтырудың ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Бухгалтерлiк есеп және аудит
      5.1 (а) Алушы тiркеу құжаттары мен бухгалтерлiк есептердi қоса қаржылық басқару жүйесiн жүргiзедi және оны қамтамасыздандыруды және Банк талабына сай үлгi бойынша қаржы есебiн даярлайды. Бұл есепте Алушы бухгалтерлiк тәжiрибе есебiне сәйкес Іс-шараларды жүзеге асыруға байланысты барлық шараларды, қорлар мен шығындарды баяндайды.
      (b) Алушы мiндетi: (i) жоғарыда (а) тармақшада көрсетiлген тiркеу құжаттары, бухгалтерлiк шоттар және қаржы есебi болуы, сондай-ақ әрбiр қаржы жылына, арнайы шотқа жататын Банкке тиiмдi, жүйелi қолданылатын аудит стандартына сай, тәуелсiз аудиторлардың аудиторлық тексеруiнен өткен тiркеу құжаттары және бухгалтерлiк шоттар болуы; (іі) есептi даярлағаннан кейiн әрбiр жылдың есебiн жыл аяқталғаннан кейiн алты айдан кешiктiрмей Банкке бiрден өткiзу тиiс: (А) аудиторлық тексеруден өткен әрбiр жыл үшiн осы тараудың (а) тармақшасында көрсетiлген қаржы есептерiнiң куәландырылған көшiрмесi, және (В) осы есеп, тіркеу құжаттары және бухгалтерлiк есеп бойынша жоғарыда айтылған аудиторлардың қорытындысы, сонымен қатар Банк негiздi түрде анықтаған аудиторлық есептiң көлемi мен деңгейi талдап көрсетiлген есеп; және (iii) Банкке оның негiзге сай мезгiлдi сұранысы бойынша, басқа да тiркеу құжаттарына, бухгалтерлiк есеп пен аудиторлық тексеруге, және сол сияқты жоғарыда көрсетiлген аудиторларға байланысты мәлiметтер жеткiзуi тиiс.

      (с) Барлық шығындарды өтеу үшiн шығын ведомостiсi (тiзiмi) негiзiнде Грант есебiнен алынған қаржы бойынша Алушы мiндеттi: (i) шығындарды көрсететiн тiркеу құжаттары және бухгалтерлiк есептердi осы тарау пунктiнiң астындағы (а) пунктiне сай ендiрудi қамтамасыздандыру; (іі) Банк қаржы жылына аудиторлық есептi алғаннан кейiн шығындарға төлемақы жасау үшiн Грант есебiнен алынған соңғы қаржы құжаттары мен шығындарды растайтын барлық тiркеу құжаттарын (келiсiм-шарт, сұраныс, есеп-фактурасы, есеп, квитанция және т.б. құжаттар) кем дегенде бiр жыл сақтау қажет; (iii) Банк өкiлiне аталған тiркеу құжаттарын тексеруiне мүмкiндiк беру; және (іv) бұл тiркеу құжаттары мен бухгалтерлiк есептер осы тараудың (b) пунктiнде көрсетiлгендей жыл сайын аудиторлық тексеруден өтуге шара қабылдау және әрбiр осындай аудиторлық тексерудiң есебi жоғарыда аталған аудиторлардың жеке қорытындысында қаржы жылы барысында берiлген шығын ведомостi (тiзiмдерi), сонымен қатар, қаржы алу үшiн iшкi бақылау процедурасы мен механизмi есептен алуға жеткiлiктi негiздемесi болғандығы жөнiнде болуы тиiс.

      6. Құқығын тоқтата тұру және күшiн жою

      6.1. Егер мынадай оқиғалар болса және одан әрi жалғасатын болса: (а) Алушы осы құжатта белгіленген кез-келген мiндеттемелердiң бiрiн орындамаса; немесе (b) Банк Қазақстан Республикасының кепiлiне берген заем Алушының немесе кез-келген өзге де тұлғаның құқығы, заем туралы кез-келген Банктiк келiсiм немесе дамытуға арналған несие туралы Халықаралық Даму қауымдастығымен кез-келген келiсiм бойынша қаражат алуға берiлген құқық тоқтатыла тұрса, Банк Алушыға тиiстi хабарлама жiбере отырып, кез-келген уақытта Гранттың шотынан Алушының ақша алу құқығын тоқтата алады.
      6.2. (а) осы бөлiмнiң 6.1-тармағының ережелерiне сәйкес Алушының Гранттың шотынан қаражат алу құқығы кез-келген уақытта тоқтатылғанда; немесе (b) iс-шараларды орындау бойынша Банктi қанағаттандыратын әрекеттердi Алушы олардың нақты басталған күнiнен кейiн алты ай iшiнде жасалмағанда; немесе (с) егер Банкi Алушымен кеңескеннен кейiн осы жобаны қолдауды тоқтатқанда; немесе (d) егер Алушы Жобаны қаржыландыруда Банктен көмек сұрағаны туралы өз өтiнiшiн қайтарып алса, Банк Алушыны жазбаша хабардар ете отырып, Гранттың шотынан одан әрi қаражат алу құқығынан Алушыны айыра алады.

І-толықтыру

Сатып алу

Бөлiм I              Кеңесшiлер көрсететiн қызметтер

А - бөлiгi:                  Жалпы eрежелер

      Кеңесшiлер көрсететiн қызметтер 1997 жылғы қаңтарда Банк жариялаған және 1997 жылғы қыркүйекте, 1999 жылғы қаңтарда және 2002 жылғы мамырда қайта қаралған (Кеңесшiлер жөнiндегi басшылық) "Дүниежүзiлiк Банкi қарыз алушыларының кеңесшiлердi iрiктеу мен жалдау" Басшылықтың І және ІV-бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес, сондай-ақ Басшылыққа 1-қосымшаның 1-тармағына, Басшылыққа 2-қосымшаның және осы бөлiмнiң келесi ережелерiне сәйкес сатып алынады.

В-бөлiгi:           Сапасы және құны бойынша іріктеу

      [1.} Осы бөлiмнiң С-бөлiгiндегi өзге ережелердi қоспағанда, кеңесшiлер көрсететiн қызметтер сапа және құн бойынша кеңесшiлердi iрiктеу жағдайында қолданылатын Кеңесшiлер жөнiндегi басшылықтың 11-Бөлiмiнiң ережелерiне және Басшылықтың 3.13-3.18-тармақтарының ережелерiне сәйкес берiлген келiсiм-шарт шеңберiнде сатып алынады.
      2. Келесi ережелер мұның алдындағы тармақтағы ережелерге сәйкес берiлген келiсiм-шарт шеңберiнде сатып алынатын кеңесшiлер көрсететiн қызметтерге қолданылады: бiр келiсiм-шартқа есептелiнетiн бағдарлы құны 100 000 АҚШ долларын құрайтын әлеуметтiк бағасы мен аудит функциясы бойынша қызметтер көрсететiн кеңесшiлердiң қысқа тiзбесiнiң құрамына тек қана ұлттық кеңесшiлер кiре алады, яғни бұл 2.7-тармағының ережелерiнде және кеңесшiлер жөнiндегi басшылықтың 8-сiлтемесiнде көзделген.

С-бөлiгi:     Кeңесшiлерді іріктеудің басқа да процедуралары
1.                  Тiркелген бюджет жағдайында іріктеу

      Техникалық-экономикалық негiздеменi дайындау мен қоршаған ортаға әсердiң бағасы бойынша көрсетiлетiн қызметтер Кеңесшiлер жөнiндегi басшылықтың 3.1 және 3.5 тармақтарының ережелерiне сәйкес берiлген келiсiм-шарт шеңберiнде сатып алына алады.

2.               Кeңесшiлерi бiлiктiлiк бойынша iріктеу

      Бiр келiсiм-шартқа есептелiнетiн бағдарлы құны 100 000 АҚШ долларын құрайтын әлеуметтiк баға мен аудит бойынша көрсетiлетiн қызметтер кеңесшiлер жөнiндегi басшылықтың 3.1 және 3.7-тармақтарының ережелерiне сәйкес берiлген келiсiм-шарт шеңберiнде сатып алына алады.

3.                       Жеке кеңесшілер

      Жеке кеңесшiлердiң көрсететiн қызметтерi кеңесшiлер жөнiндегi басшылықтың 5.1-тармағында жазылған талаптарға жауап беретiн қаржылық және экономикалық бағалар, сатып алуға талдау және техникалық көмектердiң басқа да түрлерi бойынша кеңесшiлер жөнiндегi басшылықтың 5.1 - 5.3-тармақтарының ережелерiне сәйкес берiлген келiсiм-шарт бойынша сатып алынады.

Д-бөлiгi:      Кеңесшілердi Банк тарапынан ірiктеудi қарау
1.    Ірiктеудi жоспарлау
      Кеңесшiлерге торгқа қатысуға қандай да бiр шақыруларды жiбергенге дейiн Банктiң қарауына және бекiтуiне келiсiм-шарттың бағдарлы құнын, келiсiм-шарт пакеттерiнiң және қолданылатын критерийдiң тұтастығын және iрiктеудiң процедураларын қосып кеңесшiлердi iрiктеудiң жоспары ұсынылуы керек. Барлық кеңестiң көрсетiлетiн қызметтердi iрiктеу Банк бекiтетiн осы жоспарға (мерзiмдiк нақтылауды ескере) сәйкес етуге тиiс.

2.    Алдын ала қарау
      (а) Бағдарлы құны 100 000 АҚШ долларын немесе одан жоғарыны құрайтын кеңес фирмасын жалдауды көздейтiн әрбiр келiсiм-шартқа Кеңесшiлер жөнiнде басшылыққа 1-қосымшадағы 2, 3 және 5-тармақтарында жазылған процедуралар қолданылады.

      (b) Көрсетiлетiн қызметтiң бағдарлы құны 50 000 АҚШ долларын немесе одан жоғарыны құрайтын жеке кеңесшiлердi жалдауды көздейтiн әрбiр келiсiм-шартқа Банкке алдын ала қарауға және бекiтуге кандидаттың бiлiктiлiгiн және тәжірибесiн салыстырғандағы нәтиже туралы, сондай-ақ техникалық отырыс және кеңесшiлердi жалдау шарттары туралы есеп берiледi. Келiсiм-шарт тек Банктiң келiсiмiн алғаннан кейiн ғана берiледi. Мұндай келiсiм-шарттарға Кеңесшiлер жөнiндегi басшылыққа 1-қосымшадағы 3-тармақтың ережесi қолданылады.

3.    Келесi қарау
      Осы бөлiктiң 2-тармағында ережелермен реттелмейтiн әрбiр келiсiм-шарттарға Кеңесшiлер жөнiндегi басшылыққа 1-қосымшаның 4-тармағында жазылған процедуралар қолданылады.

II-бөлiм                Тауарларды сатып алу

      Тауарлар сатып алынады: (а) 1995 жылғы қаңтарда Банк жариялаған және 1996 жылғы қаңтарда және тамызда, 1997 жылғы қыркүйекте және 1999 жылғы қаңтарда (Басшылық) қайта қаралған "ХҚҚДБ заемдары және ХДҚ кредиттерi бойынша сатып алу" Басшылық I-бөлiм ережелерiне сәйкес; және (b) еркiн саудада сатып алу процедурасын пайдалануды Басшылық 3.5 және 3.6-тармақтарының ережелерiне сәйкес берiлген келiсiм-шарттар бойынша. Мұндай келiсiм-шарттарға осы тармақтағы "конкурстық ұсыныс" деген сөз "баға" деп оқылатын шартпен Басшылыққа 1-қосымшаның 4-тармағында жазылған қарау процедуралары қолданылады.

ІІ-толықтыру

Арнайы есеп

      1. Осы толықтырудың мақсаты болып:
      (а) "жарамды баптар" деген термин осы келiсiм-хатқа Қосымшаның 4.2-тармағындағы кестесiнде көрсетiлген баптарды бiлдiредi;
      (b) "жарамды шығыстар" термин Іс-шараларды жүзеге асыру үшiн қажеттi және Гранттың қаражатынан қаржыландыруға жататын тауарлардың және көрсетiлетiн қызметтердiң құнына негiзделген төлемдердiң шығыстарын бiлдiредi; және
      (с) "Мақұлданған аударым" деген термин Гранттың Шотынан алынып және осы толықтырудың 3(а)-тармағына сәйкес Арнайы шотқа салынуға тиiс 75 000 АҚШ долларына баламалы соманы бiлдiредi.
      2. Төлемдер Арнайы шоттан осы толықтырудың ережелерiне сәйкес тек қана жарамды шығыстарды қаржыландыру үшiн жүргiзiледi.
      3. Банк Арнайы шоттың тиiстi түрде ашылғандығы жөнiнде растау құжаттарын алғаннан кейiн, мақұлданған сомалар қаражатын алу және Арнайы Шотты толықтыру үшiн кейiннен толтыру мынадай түрде жүргiзiледi:
      (а) Алушы Банкке мақұлданған сомалардың тұтас, бүтiндей мөлшерiнен аспайтын соманы немесе сомаларды Арнайы шотқа салуға өтiнiм немесе өтiнiмдер жiбередi. Осы өтiнiмнiң немесе өтiнiмдердiң негiзiнде Банк Алушының атынан Алушы сұрау салған соманы немесе сомаларды Гранттың шотынан алып Арнайы Шотқа салады.
      (b) (і) Арнайы шотты толықтыру үшiн Алушы мерзiмдiкпен Банк анықтайтын Банкке Арнайы шотқа қаражатты салуға өтiнiмдер жiбередi. (іі) Осындай өтiнiмдердi беруге дейiн немесе берумен бiрге Алушы Арнайы шотты толықтыруға қаражат сұратуға байланысты төлем немесе төлемдердi жүзеге асыру үшiн осы толықтырудың 4-тармағына сәйкес қажеттi құжаттамаларды және басқа да растаушы құжаттарды Банкке жiбередi. Банк әрбiр алынған өтiнiмдер негiзiнде Алушының атынан Алушы сұраған және жарамды шығыстарды төлеу үшiн Арнайы шоттан төленген, аталған және де құжаттармен расталған соманы Гранттың Шотынан алады және Арнайы шотқа салады. Осындай түрде салынған барлық қаражаттарды жарамды баптар аясында және жоғарыда көрсетiлген және расталған, тиiстi баламалы сомаларды Гранттың Шотынан Банк алады.
      4. Арнайы шоттан Алушы жүргiзген әрбiр төлем жөнiнде, Алушы Банк талаптарының негiздемесi бойынша Банкке жарамды шығыстарды жабу үшiн жүргiзiлген осы төлемдi растайтын құжаттарды немесе басқа да дәлелдердi беруге тиiс.
      5. Осы толықтырудың 3-тармағының ережелерiне қарамастан Банк Арнайы Шотқа қосымша қаражаттар салуға мiндеттi емес:
      (а) егер қандай да бiр кезеңде Банк алдағы уақытта Алушы барлық қаражатты тiкелей Гранттың Шотынан алуға тиiс деп шешсе;
      (b) егер Алушы осы келiсiм-хатқа қосымшаның 5.1 (b)-тармағының (іі) тармақшасында белгiленген мерзiм iшiнде Арнайы шотқа қатысты есептiк құжаттар мен бухгалтерлiк есептердi аудиторлық тексерiске байланысты көрсетiлген тармаққа сәйкес Банкке ұсынылуға тиiс қандай да бiр аудиторлық есептi Банкке ұсынбағанда;
      с) егер қандай да бiр кезеңде Банк Алушыға осы келiсiм-хатқа қосымшаның 6.1-тармағының ережелерiне сәйкес Алушының Грант шотынан қаражатты алу құқығын толық немесе iшiнара тоқтата тұру туралы өзiнiң ниетiн хабардар еткенде; немесе
      (d) Гранттың қаражатынан алынған жалпы сома екi еселенген мақұлданған аударымның баламасымен теңескенде.
      Бұдан кейiн Банк Алушының хабарламасына тиiстi анықтайтын Гранттың жұмсалмай қалған сомаларын Гранттың Шотынан алу процедураларды пайдаланумен жүргiзiледi. Алдағы уақытта қаражатты бұлай алу Арнайы шотта қалған барлық қаражаттар жарамды шығыстарды төлеу үшiн пайдаланатын болатындығы жөнiндегi хабарламаға қандай да бiр Банк нанғанда ғана жүргізiледi.
      6. (а) Егер Банк қандай да бiр кезеңде Арнайы шоттан қандай да бiр төлем: (i) осы толықтырудың 2-тармағына сәйкес жарамды болып табылмайтын шығыстарды немесе сомаларды жабу үшiн жүргiзiлген деп шешсе; немесе (ii) Банкке ұсынылған құжаттармен бекiтiлмесе, Алушы Банктен тиiстi хабарламаны алғаннан кейiн кешiктiрмей: (А) Банк сұратқан қосымша растайтын құжаттарды беруге; немесе (В) Арнайы шотқа (немесе, Банктiң өтiнiшi бойынша Банкке қайтаруға) жарамды немесе расталмаған төлемнiң немесе оның бiр бөлiгiнiң сомасына тең соманы енгiзуi тиiс. Банкпен басқа шарттардың жоқтығынан Банк Алушы осындай растайтын құжаттарды ұсынуын немесе қаражатты енгiзуiн, немесе оның қайтаруын жүргiзгенге дейiн Арнайы шотқа ешқандай қосымша қаражат енгiзбейдi.
      (d) Егер Банк қандай да бiр кезеңде Арнайы шотта қалған қандай да бiр сома жарамды шығыстарды қаржыландыру есебiне одан әрi төлеудi жүзеге асыру үшiн қажет етiлмейдi деп шешсе, Алушы Банктiң тиiстi хабарламасын алып, қалған соманы кешiктiрмей Банкке қайтаруы тиiс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады