Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі мен Молдова Республикасының Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсiбi министрлiгi арасындағы Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсiбi саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 қыркүйектегі N 919 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Молдова Республикасының Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсiбi министрлiгi арасындағы Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсiбi саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қоюға келiсiм берілсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

жоба

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
министрлiгi мен Молдова Республикасының Ауыл
шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі министрлігі
арасындағы Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібi
саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Молдова Республикасының Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсiбi министрлiгi,
      теңдік және өзара пайдалылық қағидаттарында ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсiбi саласындағы экономикалық және ғылыми-техникалық байланыстарды дамытуға ұмтыла отырып,
      Тараптардың мемлекеттерi арасындағы нарықтық қатынастарды дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасаудың қажеттiгiн атап көрсете отырып,
      мына төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Тараптар өздерiнiң құзыретi шегiнде және Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес өзара пайдалылық негiзiнде Тараптар мемлекеттерiнiң ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеу жөнiндегi өнеркәсiп саласында жұмыс iстейтiн кәсiпорындар, ұйымдар мен басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасында экономикалық және ғылыми-техникалық байланыстар орнатуға ықпал ететiн болады.

2-бап

      Тараптар мынадай бағыттар бойынша ынтымақтастықты қолдайтын және дамытатын болады:
      өсiмдiк шаруашылығы;
      мал шаруашылығы;
      ауыл шаруашылығы өндірiсiн механикаландыру және автоматтандыру;
      қайта өңдеу өнеркәсiбi;
      ауылды дамыту;
      консультациялық қызметтер көрсету;
      ғылыми зерттеулер.

3-бап

      Тараптар арасындағы экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық мыналар арқылы жүзеге асырылатын болады:
      өзара мүдденi бiлдiретiн ақпаратпен, нормативтiк құқықтық кесiмдермен, өнiмнiң стандарттарымен, үлгiлерiмен алмасу;
      бiрлескен ғылыми iзденiстердi жүзеге асыру және оларды енгiзу;
      өсiмдiк шаруашылығында, мал шаруашылығында және қайта өңдеу өнеркәсiбiнде қазiргi заманғы технологияларды енгiзу;
      бiрлескен кәсiпорындар ашуға жәрдемдесу;
      ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсiбi саласында ғылыми және экономикалық iс-шаралар туралы ақпаратпен өзара алмасу (жәрмеңкелер, көрмелер, семинарлар, конференциялар, симпозиумдер және басқада сол сияқты iс-шаралар ұйымдастыру);
      мамандармен алмасу және өзара мүдденi бiлдіретiн мәселелер бойынша кездесулер ұйымдастыру;
      өзара пайдалы ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында Тараптар мемлекеттерiнiң агро өнеркәсiптiк кешенiнiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi арасында тiкелей экономикалық байланыстар орнатуға жәрдем көрсету.
      Осы Келiсiмдi iске асыруға байланысты барлық шығыстарды Тараптар дербес көтередi.

4-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндіру немесе қолдану жөнiнде даулар туындаған жағдайда, Тараптар оларды келiссөздер мен консультациялар жолымен шешетiн болады.

5-бап

      Осы Келiсiмге, Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

6-бап

      Осы Келiсiм қол қойылған сәтiнен бастап күшіне енедi.
      Осы Келiсiм бiр жыл мерзiмге жасалады. Егер Тараптардың бiрi кезектi бiр жылдық кезең аяқталғанға дейiн кемiнде алты ай бұрын оны қолдануды тоқтату туралы екiншi Тарапқа жазбаша хабарлама жiбермесе осы Келiсiмнiң қолданылуы келесi бiр жылдық кезеңдерге ұзартылады.

      ________ жылғы "__" ________, ________ қаласында, әрқайсысы қазақ, молдован және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқалық данада жасалды, әрi барлық мәтiндердің күшi бiрдей.

      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасының       Молдова Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрлігі    Ауыл шаруашылығы және
      үшін                            тамақ өнеркәсібі министрлігі
                                      үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады