Атыс қару-жарағының импортына рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 2 қазандағы N 1017 қаулысы

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң "Арыстан" қызметi мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрi - "Арыстан" қызметi) "Арыстан" қызметi мен "Конструкторское бюро приборостроения" мемлекеттiк бiртұтас кәсiпорны (Ресей Федерациясы) арасындағы 2003 жылғы 14 мамырда жасалған N КBP 6156120915/101 келiсiм-шарты бойынша қосымшаға сәйкес номенклатурада және санда атыс қару-жарағының (СЭҚ TH 930100000 коды) импортына рұқсат берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi заңнамада белгiленген тәртіппен "Арыстан" қызметiне осы қаулыға қосымшада көрсетiлген атыс қару-жарағының импортына лицензия берсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi Қазақстан Республикасының кедендiк заңнамасында белгiленген тәртiппен жоғарыда көрсетiлген өнiмге бақылау мен кедендiк ресiмдеудi қамтамасыз етсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң      
2003 жылғы 2 қазандағы 
N 1017 қаулысына   
қосымша        

ҚР ҰҚК-нiң "Арыстан" қызметi мен "Конструкторское
бюро приборостроения" мемлекеттік біртұтас кәсiпорны
(Ресей Федерациясы) арасындағы 2003 жылғы 14 мамырда
жасалған N КВР 6156120915/101 келісiм-шарты бойынша
берiлетiн атыс қару-жарағының номенклатурасы мен саны

___________________________________________________________________
Р/с|        Атауы       | Өлшем   |  Саны  |Бiр бiрлiгi |Жалпы құны
N  |                    | бiрлiгi |        |үшiн бағасы |   АҚШ
   |                    |         |        |    АҚШ     |долларымен
   |                    |         |        | долларымен |
___________________________________________________________________
1  9 мм ВСК-94 мергендiк жиынтық   12        1640,0      19680,0
   винтовка
2  ПКН-03 оптикалық      дана      12        3480,0      41760,0
   мергендiк көздеуiш
3  9 мм 9А-91 шағын      жиынтық   80        785,0       62800,0
   көлемдi автомат
4  9 мм 9A-91 шағын      дана      80        179,0       14320,0
   көлемдi автоматқа
   ПБС 9А-91.08.000
   дыбыссыз атыс
   приборы
5  ПКС-01 оптикалық      дана      80        220,0       17600,0
   мергендiк көздеуiш
6  9A-91 9A-91.13.000    жиынтық   1         165,0       165,0
   100 бұйымға топтық
   ЗИП жиынтығы
7  9А-91.05.000          дана      344       48,0        16512,0
   оқжатар
8  OCB-96 12.7 мм        жиынтық   8         5200,0      41600,0
   мергендiк винтовка
9  ОСВ-96 мергендiк      дана      4         4850,0      19400,0
   винтовкасына
   арналған
   ПКН-05 түнгi көру
   көздеуiшi
10 OCB.05.000 оқжатар    дана      16        95,0        1520,0
11 9 мм СП-5 патроны     дана      100920,0  3,48        351201,6
12 9 мм СП-6 патроны     дана      40000,0   3,95        158000,0
13 Б-32 сауыт бұзар-     дана      2080,0    3,2         6656,0
   тұтандырғыш оғы
   бар 12,7 мм патрон
   (индекс 57-Б3-542)

   Жиыны                                                 751214,6
___________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады