"Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасығышымен ғарыштық аппараттарды ұшырулардың 2003 жылға арналған жоспарын келісу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 қазандағы N 1029 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасығышымен ғарыштық аппараттарды ұшырулардың 2003 жылға арналған жоспары мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы қаулының қабылданғандығы туралы Ресей тарапын хабардар етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2003 жылғы 6 қазандағы
N 1029 қаулысымен 
мақұлданған   

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасығышымен
ғарыштық аппараттарды ұшырулардың 2003 жылға арналған
Жоспары

___________________________________________________________________
Р/с| Ғарыштық аппараттың | Зымыран |           Ұшырулар саны
N  | атауы және мақсаты  | тасығыш |_______________________________
   |                     |         |Бар.|  І   |  ІІ  | ІІІ  | ІV
   |                     |         |лығы|тоқсан|тоқсан|тоқсан|тоқсан
___________________________________________________________________
1  "ИНТЕЛСАТ-10" -        Протон-М   1                          1
   телекоммуникация
2  "ДАБЛ Ю 3А" -          Протон-М   1                          1
   телекоммуникация
3  "АМС-12" (ЖЕ-1И) -     Протон-М   1                          1
   телекоммуникация
                          Жиыны:     3                          3
___________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады