Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 23.09.2017 № 584 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр өкiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 28 тамыздағы N 404 өкімiнiң 3-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi жанындағы мемлекеттiк нышандар жөнiндегi комиссиялар туралы үлгі ереже бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастан күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі |
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 12 қарашадағы N 1131 қаулысымен бекітілген |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi жанындағы мемлекеттiк нышандар бойынша комиссиялар туралы үлгi ереже
1. Жалпы ережелер
1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi жанындағы мемлекеттік нышандар жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi жанындағы мемлекеттiк нышандарды зерделеу, насихаттау және қолдану саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы" 1996 жылғы 24 қаңтардағы N 2797 Конституциялық заң күшi бар Жарлығына сәйкес мемлекеттiк стильді қалыптастыру және оларды қолдану практикасын қорыту бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi консультациялық-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы үлгi ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкiмдерi лауазымы бойынша Комиссия төрағасы болып табылады. Комиссияның дербес құрамы заңнамада белгiленген тәртіппен бекітіледі.
2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi
4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
1) халықтың арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарына құрмет қатынастарын қалыптастыру;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын насихаттау және қолдану мәселелерi, тиiстi әкімшiлiк-аумақтық бiрлiкте мемлекеттiк стильді қалыптастыру жөнiнде ұсынымдар мен ұсыныстар әзiрлеу;
3) мемлекеттік бiрдейлендiру нышандары мен геральдикалық белгiлерi жасау және енгiзу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын қолданудың нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
3. Комиссияның өкiлеттiлігі
5. Осы үлгi ережемен анықталған мiндеттерді iске асыру үшiн Комиссия:
1) жергілiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға мемлекеттiк нышандарды насихаттау және қолдану жөнiндегi мәселелердi шешуде консультациялық көмек көрсетедi;
2) мемлекеттік бiрдейлендiру нышандары мен геральдикалық белгiлердi жасаудың және енгiзудiң әлемдiк тәжiрибесiн зерделейді және Мемлекеттiк нышандар жөнiндегi республикалық комиссияға Қазақстан Республикасында оларды қолданудың нормативтік құқықтық базасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
3) облыстар, Астана және Алматы қалаларының аумағында ресми iс-шаралар өткiзу кезiнде мемлекеттiк нышандарды қолданудың рәсiмдік ережелерiн әзiрлеуге қатысады;
4) мемлекеттік нышандарды насихаттау және мемлекеттiк стильдi қалыптастыру жөнiндегi жұмысты жетiлдіруге бағытталған зерттеулерді жүргiзуге бастамашылық жасайды;
5) геральдикалық белгiлер жобаларын қарайды және сараптама қорытындыларын дайындауды жүзеге асырады;
6) Комиссия құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша азаматтардың жазбаша өтiнiштерiн қарайды;
7) Комиссия өз өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен жүзеге асыру кезiнде жергілiкті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық бiрлестiктермен, басқа да мүдделi ұйымдармен өзара iс-қимыл жасайды.
6. Комиссия:
1) өз құзыретi шеңберiнде жергілiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, мүдделi ұйымдap мен лауазымды тұлғалардан жұмысқа қажеттi ақпаратты және өзге де материалдар мен мәлiметтерді сұрауға және алуға;
2) өздерiнiң отырыстарында жергілiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларын олардың өз құзыретi шеңберiнде Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн орындау жөнiнде жүргiзген жұмыстары туралы тыңдауға;
3) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарын насихаттау және қолдану мәселелерi бойынша жергілiкті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметiн өкiлеттi мемлекеттiк органдардың тексеру жүргiзуiне бастамашылық жасауға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаражат шегiнде және сол қаражат есебiнен мемлекеттік нышандарды насихаттау және қолдану мәселелерi жөнiнде кең ауқымды акциялар, семинарлар, "дөңгелек үстелдер", мәжiлiстер өткiзуге;
5) Мемлекеттік нышандар жөнiндегi республикалық комиссияға, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға, мүдделi ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктерге Комиссия қызметiнiң нәтижесi болып табылатын ұсынымдық сипаттағы талдау, әдістемелiк және өзге де ақпараттық материалдарды жолдауға;
6) Комиссия құзыретiне жататын сараптамалық талдау зерттеулерiн жүргізу үшін сараптама кеңесін құруға құқылы.
4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
7. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, хатшыдан және Комиссия мүшелерiнен тұрады.
8. Комиссия жұмысы қоғамдық негiзде жүзеге асырылады.
9. Комиссияның төрағасы:
1) Комиссияға жалпы басшылық етудi жүзеге асырады, Комиссия отырыстарында төрағалық етеді;
2) Мемлекеттiк нышандар жөнiндегi республикалық комиссия төрағасын Комиссияның қызметi туралы тұрақты түрде хабардар етеді және оған мемлекеттiк нышандарды насихаттау және қолдану жөнiнде жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзеді;
3) Комиссияның сараптама кеңесiнiң құрамын бекiтедi;
4) Комиссия мүшелерi арасында тапсырмаларды бөледi;
5) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға, мүдделi ұйымдарға және лауазымды тұлғаларға Комиссия отырыстарына материалдар, өзiнiң атына келiп түскен ұсыныстар бойынша қорытындылар дайындауды тапсырады;
6) Комиссия отырыстарының хаттамаларына, жұмыс жоспарларына қол қояды;
7) Комиссияның жұмысын жетiлдiру және оның құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша Комиссия мүшелерiнiң ұсыныстарын қарайды;
8) Комиссия отырыстарының күн тәртiбiн анықтайды.
10. Комиссия төрағасының орынбасары:
1) Төраға тапсырмаларының және Комиссия ұсынымдарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
2) Комиссияның ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын Комиссия төрағасына бекiтуге енгiзеді;
3) Комиссия отырыстарын дайындау үшiн жалпы бақылауды жүзеге асырады;
4) Комиссия төрағасының келiсiмiмен Комиссия хатшысына немесе мүшелерiне Комиссия құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша материалдарды, азаматтардың жазбаша өтiнiштерiн қарауға жiбередi;
5) осы үлгілiк ережеге сәйкес Комиссия төрағасының өзге де тапсырмаларын орындайды.
11. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң облыстық, Астана және Алматы қалалық ақпарат басқармаларының бастығы лауазымы бойынша Комиссияның жұмыс органына басшылықты жүзеге асыратын Комиссия хатшысы болып табылады.
12. Комиссияның мүшелерi:
1) халық арасында мемлекеттік нышандарға құрмет қатынастарын қалыптастыруға жәрдемдеседi, бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде және қаражат есебiнен насихаттауға қатысады;
2) Комиссия отырыстарына қатысады;
3) Комиссия төрағасының және төраға орынбасарының тапсырмаларын орындайды;
4) Комиссия құзыретiне жататын мәселелер бойынша ұсынымдар, сараптама қорытындыларын дайындауға қатысады;
5) Комиссияның жұмыс органынан Комиссия отырыстарына қажеттi материалдар алады;
6) Комиссияның ағымдағы және перспективалық жұмыстарын жоспарлауға қатысады;
7) жазбаша түрде баяндалатын және хаттамаға берiлетiн ерекше пiкiрге құқығы бар.
13. Комиссияның жұмыс органы облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақпарат басқармалары болып табылады:
Жұмыс органы:
1) Комиссияның жұмысын жалпы ұйымдастыруды және оның мүшелерiнен қалыптасатын сараптама кеңесiнiң қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;
2) мемлекеттік нышандарды қолдану және насихаттау мәселелерi қарауына жататын облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi аппараттарының лауазымды тұлғаларына әдiстемелiк көмек көрсетеді;
3) жергілiкті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан ақпарат жинауды, өңдеудi, мемлекеттiк нышандарды қолдану және насихаттау практикасын талдауды, бұл саладағы жұмыстарды жетілдіру жөнiндегі ұсынымдар жасауды жүзеге асырады;
4) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға және өзге де мүдделi ұйымдарға Комиссия ұсынымдарын түсiндіреді және жолдайды;
5) бұқаралық ақпарат құралдарымен тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте мемлекеттiк нышандарды насихаттауға және қолдануға бағытталған Комиссия қызметiн жариялау жөнiнде өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
6) өз өкiлеттiктерi шегінде өтiнiм бiлдiрушiлерге олар енгiзген ұсыныстар бойынша қорытынды жолдайды;
7) Комиссия отырыстарына материалдарды, Комиссияның ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларының жобаларын дайындауды жүзеге асырады;
8) Комиссия мүшелерiнiң Комиссия жұмысын жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарын қорытады;
9) Комиссия құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша жергілiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, лауазымды тұлғалармен және мүдделi ұйымдармен қызметтiк хат алмасу жүргiзеді;
10) Іс жүргiзуге жауап бередi, Комиссия материалдарын сақтауды және оларды мұрағатқа өткiзудi жүзеге асырады.
14. Комиссия отырыстарын қажеттiгiне қарай, жылына кемiнде екi рет Төраға шақырады.
15. Комиссия отырысы, егер оның мүшелерiнiң жартысынан көбі қатысқан болса заңды деп саналады.
16. Комиссияның шешiмдерi ұсынымдық сипатқа ие. Қажет болған жағдайда олар Комиссия Төрағасының - облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң өкiмiмен ресiмделеді.
17. Шешiмдер оның отырысына қатысушылар санының кемiнде үштен екiсiнiң даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған кезде, Комиссияның отырысын төрағалық етушi дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.