"Қазақстан Республикасының мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы мәселелерi бойынша кейбiр заң актілерiнiң күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1361 қаулысы

       Ескерту. Заң жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнен кері қайтарылып алынсын - ҚР Үкіметінің 2004.10.14. N  1054 қаулысымен. 

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы мәселелерi бойынша кейбiр заң актiлерiнiң күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

  Қазақстан Республикасының Заңы

  Қазақстан Республикасының мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы
мәселелерi бойынша кейбiр заң актілерiнің күшi жойылды деп
тану туралы

       1-бап. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңы (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., N 26, 345-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 9-10, 158-құжат; N 15, 208-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; N 17-18, 219-құжат; 1998 ж., N 24, 432-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; 2001 ж., N 1, 4-құжат; 2001 ж., N 13-14, 173-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат);
      2) "Қазақстан ССР-сында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгiзу туралы" Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң 1991 жылғы 21 маусымдағы қаулысы (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1991 ж., N 26, 346-құжат).

       2-бап. Осы Заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады