2004 жылға арналған республикалық бюджетте өтеу мен оларға қызмет көрсету көзделген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттік емес қарыздар бойынша қарыз алушылардың тізбесiн бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1391 қаулысы

      "Yкiметтiк заемдарды, жергілікті атқарушы органдардың заемдарын және мемлекеттiк кепiлдiктерi бар мемлекеттік емес заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 88 қаулысына сәйкес, кредит берушiлер алдындағы мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған 2004 жылға арналған республикалық бюджетте өтеу мен оларға қызмет көрсету көзделген Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес қарыздар бойынша қарыз алушылардың тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2003 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1391 қаулысымен      
бекiтiлген         

2004 жылға арналған республикалық бюджетте өтеу мен
оларға қызмет көрсету көзделген Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес қарыздар
бойынша қарыз алушылардың тiзбесi

1. "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамы
2. "Замангер" шағын жеке кәсiпорны
3. "Рақат" қазақ-австрия бiрлескен кәсiпорны" жабық акционерлiк қоғамы
4. "Пеноконцентрат" жауапкершілiгi шектеулi серiктестiгi
5. "Өнеркәсiппластмасса" жауапкершілігі шектеулi серiктестiгi
6. "Фирма Катализ" жауапкершілiгi шектеулi серiктестiгi
7. "Жамбыл былғары аяққиiм" акционерлiк қоғамы
8. "Аққу" акционерлiк қоғамы
9. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi департаментi (Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгi Қылмыстық атқару жүйесi комитетiнiң "Еңбек-Алмас" және "Еңбек-Гранит" республикалық мемлекеттік кәсiпорындары)
10. "Батыс" ашық акционерлiк қоғамы
11. "Қазақ Аджанта Фарма Лимитед" бiрлескен кәсiпорны" жауапкершілiгi шектеулi серiктестік
12. "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
13. "Kazakhstan Airlines" ашық акционерлiк қоғамы
14. "Отель Астана" қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлiк қоғамы
15. "Айт-Отель" қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлiк қоғамы
16. "Эмсаш Инвест" жауапкершілiгi шектеулi серiктестiгi
17. "Премьер Медеу" қонақ үй кешенi" жауапкершілiгi шектеулi серiктестiгi
18. "Игілiк" акционерлiк қоғамы
19. "Байланыс-Құрылысшы" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы
20. "Окан Қазинтер" қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" жабық акционерлiк қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады