Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкiнiң Қазақстан Республикасының қала көлiгіне арналған қарыз қаражатын қайта бөлу шеңберiнде Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң Алматы қаласына бөлген кредитiн қайта құрылымдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы N 83 қаулысы

      Қала көлiгін дамыту мен Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкiнiң қарыз қаражатын тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қайта жаңарту және даму халықаралық банкiнің қала көлiгіне берілген займын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 2 тамыздағы N 1062 қаулысына сәйкес, Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкiнiң "Қала көлiгiн дамыту" жобасын қаржыландыруға қарыз қаражатын қайта бөлу шеңберiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Алматы қаласына бөлген кредитiн 2004 жылдан бастап 2011 жылды қоса алғанда, қайтару мерзiмiмен қайта құрылымдау мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Алматы қаласының әкімдiгi "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептілiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегі қаржылық рәсімдердiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шілдедегi N 832 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген сыйақы ставкасын қолдана отырып, Қазақстан Республикасы мен Алматы қаласы арасындағы 2004-2011 жылдар iшiнде келiсілген кесте бойынша республикалық бюджетке 22725298 (жиырма екi миллион жеті жүз жиырма бес мың eкі жүз тоқсан сегiз) АҚШ доллары мөлшерiндегi соманы кейiннен өтеу туралы 1997 жылғы 12 желтоқсандағы нөмiрсiз кредиттiк келiсiмге қосымша келiсiм жасассын.

      3. Алматы қаласының әкiмi Алматы қаласының 2004-2011 жылдарға арналған бюджетiнiң жобаларын қалыптастыру кезiнде осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген берешек сомасын өтеуге арналған қаражатты көздесiн.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады