Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 29 шілдедегі N 1184 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 104 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.03.04. N 206 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Мемлекеттік статистиканы жетілдіру жөніндегі ведомствоаралық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 29 шілдедегі N 1184  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      Мемлекеттік статистиканы жетілдіру жөніндегі ведомствоаралық кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

      Марченко                 - Қазақстан Республикасы Премьер-
      Григорий Александрович     Министрінің бірінші орынбасары,
                                 төраға

      Ізмұхамбетов             - Қазақстан Республикасының
      Бақтықожа Салахатдинұлы    Энергетика және минералдық
                                 ресурстар бірінші вице-министрі

      Эльзенбах                - Қазақстан Республикасының
      Ирина Яновна               Статистика жөніндегі агенттігі
                                 Статистикалық ақпаратты талдау
                                 және жариялау департаменті
                                 директорының орынбасары, жауапты
                                 хатшы

      көрсетілген құрамнан Павлов Александр Сергеевич, Әшімов Нұрғали Сәдуақасұлы, Имашева Сағадат Оңғарбайқызы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады