Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жекелеген республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үікметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы N 128 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заң күшi бар Жарлығының  16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiмeті қаулы етеді:

      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің "Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны одан Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің "Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын бөлiп алу жолымен;
      2) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің "А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны одан Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің "Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын бөлiп алу жолымен;
      3) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің "С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны одан Қазақстан Республикасы Бiлім және ғылым министрлігінің "Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын бөлiп алу жолымен;
      4) Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігiнің "Шәкәрiм атындағы Семей мемлекеттік университетi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны одан Қазақстан Республикасы Бiлім және ғылым министрлігiнің "Семей мемлекеттік педагогикалық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын бөлiп алу жолымен;
      5) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң "М.Х.Дулати Тараз мемлекеттiк университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны одан Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Тараз мемлекеттiк педагогикалық институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын бөлiп алу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген кәсiпорындар (бұдан әрi - кәсiпорындар) қызметiнiң негiзгi мәнi білім беру және ғылым саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлiгi кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
      1) кәсiпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге ұсынсын;
      2) әдiлет органдарында кәсiпорындардың жарғыларын тiркеудi қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады