Байланыс формасы

Астана қаласында орталық мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерi үшін тұрғын үй салуға үлестiк қатысуға және сатып алуға бөлiнетiн қаражатты пайдалану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы N 294 қаулысы

      "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Астана қаласында орталық мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерi үшiн тұрғын үй салуға үлестiк қатысуға және сатып алуға бөлiнетiн қаражатты тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Астана қаласының әкiмi заңнамада белгiленген тәртiппен 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 005 "Мемлекеттiк органдардың және мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне тұрғын үй салуға және сатып алуға үлестiк қатысуға Астана қаласының бюджетiне берiлетiн мақсатты трансферттер" бюджеттiк бағдарламасы бойынша 1000000000 (бiр миллиард) теңге сомасында көзделген қаражат есебiнен орталық мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелердiң тұрғын үймен қамтамасыз етiлмеген қызметкерлерiне (бұдан әрi - қызметкерлер) кейiннен беріп, үлестiк қатысу шартымен Астана қаласында тұрғын үйлердi және тұрғын үй салу жөнiндегi жұмыстарды мемлекеттiк сатып алуды жүргiзсiн.
      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгінiң (бұдан әрi - Агенттiк) сұратуы бойынша бiр апта мерзiмде орталық мемлекеттік органдар мен мемлекеттiк мекемелер тұрғын үймен қамтамасыз етiлмеген қызметкерлердiң тiзiмдерiн ұсынады;
      2) Агенттік (келiсiм бойынша) екi апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесiне қызметкерлердiң бекiтiлген тізiмдерiн тапсырады;
      3) оларды кейiннен қызметкерлерге беру үшiн орталық мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелерге қызметтiкке теңестiрiлген пәтерлердi бөлудi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесi жүзеге асырады;
      4) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.07.2013 № 673 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.07.2013 № 673 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесінің Басшысы А.А.Тілеубердинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады