Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгін қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екi рет, 10 қаңтарға және 10 шiлдеге Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Бағдарламаның орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М. Мыңбаевқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 16 наурыздағы
N 321 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін
қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесін дамытудың
2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы
Астана қаласы, 2004 жыл
Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы Қазақстан Республикасының өлшем бiрлігiн қамтамасыз
ету мемлекеттiк жүйесін дамытудың 2004-2006 жылдарға
арналған бағдарламасы
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 5
әзірлеу үшін қыркүйектегi N 903 қаулысымен
негіздеме бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын
iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспарының
2.3-тармағы
Бағдарламаны Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда
негiзгi министрлiгi
әзiрлеушi
Бағдарламаның Бағдарламаның мақсаты экономика салаларының өлшем
мақсаты бiрлiктi қамтамасыз етуде қажеттілiктерiн неғұрлым
толық қанағаттандыруға, өлшем бiрлікті қамтамасыз
ету мемлекеттiк жүйесiнің негiздерiн дамытуға
бағытталған Қазақстан Республикасының шамалар
бiрлiктерінің эталондық базасын жоспарлы құру және
жетілдiру болып табылады
Бағдарламаның Эталондық базаның, өлшем бiрлiгін қамтамасыз ету
негiзгi мемлекеттiк жүйесiнiң негiздерi жай-күйiнiң
мiндеттерi проблемаларын айқындау;
эталондық базаны, уақыт пен жиілiктiң эталонын
ұстау, сақтау шарттарын қамтамасыз ету;
мемлекеттiк эталондарды халықаралық салыстыруларды
қолдану және жүргiзу
Қаржыландыру Бағдарлама республикалық бюджет қаражатынан
көзi қаржыландырылады 2004 жылға - 455,0 млн. теңге,
2005 жылға - 1 692,14 млн. теңге, 2006 жылға - 1
1170,652 млн. теңге
Бағдарламаны Бағдарламаны iске асыру қажеттi деңгейдегi
iске асырудан эталондық базаны құруға, өлшемнiң дәлдігі мен
күтілетін шынайылығын арттыруға, өлшеу техникасын жетілдiруге,
нәтижелер экономиканың өсуiне және сауданың дамуына ықпал
етедi
Iске асыру 2004-2006 жылдар
мерзiмi
Ескерту. 1-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.14. N 356 қаулысымен.
2. Кіріспе
Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына (2.3-тармақ) сәйкес әзірлендi. Бағдарлама "Қазақстан Республикасының шамалар бiрлiктерiнiң эталондық базасын дамытудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 10 мамырдағы N 614 қаулысымен бұрын бекiтiлген Қазақстан Республикасының шамалар бiрлiктерiнiң эталондық базасын дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасын жалғастырушы болып табылады.
Бағдарлама метрологиялық қамтамасыз етуде, дәлдiгi жоғары өлшеуші техниканың дамуында республика ғылымының, техникасының және өнеркәсiбiнiң қазiргi заманғы және перспективалы қажеттіліктерiн талдаудың негiзiнде жасалды.
Оны әзiрлеу кезiнде Қазақстанның 2030 жылға дейiнгі даму стратегиясына сәйкес республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары мен мақсаттары, ұлттық экономиканың әлемдiк экономикалық қауымдастықпен ықпалдасуына байланысты мәселелерді шешудің қажеттілігі ескерiлдi.
Бағдарлама 3 жылға есептелген және республикада өлшемдердің бiрлiгi мен дәлдiгiн қамтамасыз ету және өлшемдердің ұлттық жүйесiн халықаралық талаптарға бейiмдеу мақсатында ұлттық эталондық базаны дамыту мен жетiлдiру жөнiндегi негiзгi мiндеттердi қамтиды.
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
Даму деңгейi тұтастай экономика дамуының деңгейiн айқындайтын ұлттық эталондық база республикадағы өлшем бiрлiктi қамтамасыз етудiң техникалық негiзi болып табылады.
Осы өлшем саласында қол жеткiзілген, шама бiрлiгiн ең жоғарғы дәлдiкпен жаңғыртатын және (немесе) сақтайтын және олардың мөлшерін бағынышты эталондарға және жұмысшы өлшем құралдарына беретін мемлекеттiк бастапқы эталондардың кешенi елдiң эталондық базасының ең жоғарғы буыны болып табылады.
1999-2003 жылдарға арналған ұқсас бағдарламаларды iске асыру пайдаланымға жаңа эталондарды енгiзуге, эталондар қатарын жаңғыртуға, өлшенетiн шамалардың ауқымын кеңейтуге мүмкіндік бердi.
70-80 жылдарда құрылған және оңтүстiк өңірде шоғырланған қазiргi уақытта бар мемлекеттiк эталондар моральдық және техникалық тұрғыдан ескiрген және олардың метрологиялық сипаттамалары ел үшiн бастапқы өлшем құралдарына қойылатын талаптарға жауап бермейді.
Бұдан басқа, алдыңғы қатарлы шет елдердің эталондарымен салыстырғанда ұлттық эталондардың ғылыми-техникалық деңгейiнiң төмендеу үрдiсi де бар.
Мемлекеттік эталондардың ғылыми-техникалық деңгейi олардың ұлттық эталондарды бapa-барлығын және жүргiзілетiн өлшемдердiң дұрыстығын танудың заңды негiзін құрайтын шет елдердің ұлттық эталондарымен халықаралық салыстырудың терiс нәтижелерiне алып келедi.
Бұдан басқа, заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiне жататын бiрқатар бастапқы эталондар, сондай-ақ жұмысшы өлшем құралдары тиiстi мемлекеттiк эталондардың болмауына байланысты салыстырып тексеруге республикадан тысқары әкетіледi (Ресейге, Украинаға). Жыл сайын әртүрлі өлшем құралдарының 30-дан астамы, оның iшiнде газдардың ылғалдылығын анықтауға арналған гигрометрлер, сынап буларының газ талдауыштары және басқалары оларды салыстырып тексеру үшiн республикадан тысқары әкетiледi. Эталондық материалдардың болмауына байланысты газ талдауыштары, астық дымқыл өлшеуiштердi, полярографтарды, хроматографтарды және басқа да өлшем құралдарын салыстырып тексеру кезiнде қиындықтар туындайды, эталондық материалдар Ресейден сатып алынады.
Бұл жағдай отандық өнімнің әлемдiк рынокқа шығуын айтарлықтай дәрежеде тежейді, республиканың өзiнiң бастапқы эталондарын және жұмысшы өлшем құралдарын салыстырып тексеруге мәжбүр басқа елдерге техникалық және экономикалық тәуелдiлiгiн туғызады.
Әсiресе бұл метрологиялық қамтамасыз етуi тиiстi деңгейде емес отын-энергетикалық кешен, мұнай-газ өндiрушi өнеркәсіп, сондай-ақ машина жасау салалары, тамақ өнеркәсiбi, телекоммуникациялар сияқты экономиканың қарқынды дамушы салаларына қатысты болады.
Осыған байланысты, экономика салаларының перспективалық қажеттілiктерiн қамтамасыз ету үшін жаңа эталондарды құру және қолда барын жаңғырту эталондық базаның дамуының басым бағыттары болып табылады.
3.1 Машина жасау, аспап жасау, металлургия және басқа өндірістiк салалар
Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясының аясында машина жасаудың және аспап жасаудың жекелеген түрлерi үшiн металл өңдеуге арналған станоктар, сүйреу стандары, мұнай-газ өндiрушi жабдықтар және басқалары сияқты өнiмдерді ұйымдастыру және шығару оларды әрi қарай дамытудың орындылығына байланысты басымдықты болып табылады. Мұндай өндiрiстердi жүзеге асыру кезінде геометриялық шамалардың өлшем құралдарының айтарлықтай саны пайдаланылады: сыртқы және iшкi мөлшерді, күрделi жұмысшы тыстардың параметрлерін, түзу сызықтан және жалпақтықтан ауытқуды өлшеу. Қазiргi уақытта ұзындықты өлшеу аспаптарын жөнге келтіру және калибрлеу үшін пайдаланылатын 2 санатты ұзындықтың аяқталу шамалары салыстырып тексеру үшiн республикадан тысқары әкетiледi.
Микропроцессорлық техника мен технологияның дамуына байланысты электр шамаларын өлшеу дәлдігiн арттыруды талап ететiн аса кіші ұзындықтарды цифрлы-ұқсас дабылдарды дәл өлшеу болмай отыр.
Республикада экологиялық мониторинг үшiн радиолокациялық және навигациялық жүйелерде, жоғары жиiлiкті радио байланысында, электромагниттi сәуле шығаруды бақылау аппаратурасында микросызбалардың, транзисторлардың, диодтардың параметрлерiн бақылау үшін пайдаланылатын аспаптарды калибрлеуге арналған жағдай жоқ.
Металлургияда және басқа да қайта өңдеу салаларында жүйелер, оның ішiнде температураны қашықтықтан анықтайтын пирометрлер кең қолданылады. Республикада пирометрия саласындағы метрологиялық база бірнеше эталондық пирометрлермен (10 шамасында) және 1000 данаға жуықты құрайтын жұмысшы аспаптардың паркіне қызмет көрсететiн 2-разрядты температуралық лампалармен шектеледi. Бұл эталондарды мерзiмдi салыстырып тексеру Ресейде жүргiзіледi.
Шамалар мен салмақтардың III Бас конференциясының шешiмiне сәйкес физикалық шамалардың Халықаралық жүйесiнде уақыт бiрлiгi мынадай болып айқындалған: секунд - Цезия-133 атомы негiзгi жай-күйiнiң екi өте жiңiшке деңгейлерiнiң арасындағы өткелге сәйкес келетiн 9192631 770 сәулелену кезеңдерi.
Уақыт бiрлігін оның анықтамасына толық сәйкес тәуелсіз жаңғырту үшiн уақыт эталоны құрамында цезийлік стандарт болуы қажет.
3.2 Отын-энергетикалық кешен
Энергетикалық және басқа табиғи ресурстарды үнемдеу - республиканың экономика салаларының алдында тұрған маңызды мiндеттердiң бiрi. Қазiргi уақытта отын-энергетикалық кешенде бақылаудың төмен дәлдiктi өлшем құралдарының айтарлықтай саны қолданылады: қолданылуы жыл сайын айтарлықтай шығын әкелетiн электр энергиясын есептегiштер, шығын өлшеуiштер, кондуктометрлер, жылу есептегіштер. Мысалы, республикадағы өндiрілетiн электр энергиясының өлшем қателiгiн электронды жүйенiң электр есептегiштерiн пайдалану кезінде 2%-дан 0,5%-ға дейін азайту электр энергиясын ақшаға шаққанда 1,5 млрд. эквиваленттi теңгенi үнемдеуге мүмкiндiк бередi.
Экономикалық жоғалтулар электр энергиясын өндіру, бөлу, тұтыну және сыртқы сауда кезінде, оның iшiнде электр энергиясы есебінің жеткiлiксiз дәлдiгiнiң және сапасын бағалаудың жоқтығы нәтижесiнде болады.
Талдау көрсетіп отырғандай, электр берудiң iрi жүйеаралық және мемлекетаралық желілерінде есептеу қателігі 1,0-1,5%-ды, энергияны iрi өндiрушiлерде және тұтынушыларда 1,5-4,0%-ды, тұрғын үй-коммуналдық салада 3%-ды құрайды. Электр энергиясы сапасына тиiсті бақылаудың жоқтығы қосымша энергетикалық желiлердегi жоғалтулардың ұлғаюына, компьютерлер мен есептегiш техника жұмысының бұзылуына әкелiп соғады. Мұндай жағдай электрлік шамалардың өлшем құралдарын салыстырып тексеруге арналған қажетті эталондар мен эталондық жабдықтың жоқ болуына байланысты мүмкін болып табылады: 1 разрядты индуктивтiктiң шамалары, индуктивтiктiң жұмыстық шамасын, индуктивтiктің көпірлерiн және өлшеуiштерiн, тоқ трансформаторларын салыстырып тексеруге арналған қондырғы (дәлдiк сыныбы 0,005) пайдаланылатын өзара индуктивтіктің орауыштары.
Су дайындаушы қондырғылардың пайдаланылу режимi су дайындаушы, жылу энергетикалық және желілiк жабдықтардың iшкi беттерiнiң тоттануы арқылы болған үнемділіктің төмендеуiнсiз және зияндылығынсыз электростанция және жылу желiлерi кәсіпорындарының жұмысын қамтамасыз етуi қажет. Суды бақылау қазандардың "қоректенетiн" суының үлесті электр өткiзгіштiгiн өлшейтiн кондуктометрлермен, сондай-ақ тұз өлшеуiштермен жүргiзіледi.
Республикада технологиялық судың сапасын бақылауға арналған (жылуэлектрлiкорталық, авиаотрядтар) энергетика және авиацияда қолданылатын тұз өлшеуіштер салыстырып тексерумен қамтамасыз етiлмеген.
Сұйықтықтардың үлестi электр өткiзгіштiгi бiрлiктерiнiң мөлшерiн жаңғырту, сақтау және беруге арналған мемлекеттік алғашқы эталон жоқ.
3.3 Мұнай-газ өндiрушi өнеркәсiп
Каспий теңiзiнің қазақстандық секторында барлау жұмыстарын жүргiзу, мұнай және газды қайта өңдеуші күштерді қайта жаңарту және ұлғайту, мұнай-газдық машина жасауды дамыту, мұнай-химиялық саланы дамыту, экспорттық күштердi кеңейту мұнай-газ саласы дамуының ағымдағы жай-күйіне, оның әлеуетi мен экономикалық орындылығына байланысты дамудың басымдығы болып табылады. Қазақстан континенталды ел екенiн және көмiрсутек шикiзаты қорлары негiзгi әлемдiк рыноктардан алыс орналасуын ескере отырып, мұнай және газ тасымалдау мәселесiн шешу республика үшiн басымдық маңызға ие.
Мұнай және мұнай өнiмдерiнің сапасын бағалау кезiнде бақылауға жататын параметрлердiң бiрi тығыздық пен жабысқақтық болып табылады. Мұнай және мұнай өнiмдерiнiң тығыздығы мен жабысқақтығын өлшеу: коммерциялық есептің тораптарында, сұйық өнiмдi өндiру және тасымалдаудың технологиялық процесстерiн бақылау және реттеу кезiнде жүргізiледi.
Сұйық және жартылай сұйық орталардың тығыздығы мен жабысқақтығын жоғары дәлдiкпен өлшеу мұнай химиясында, химияда, фармацевтикада, құрылыс материалдарын өндiруде өнiмдi сертификаттау кезiнде жүргiзiледi.
Тығыздықтың және сұйықтықтың кинематикалық жабысқақтығы бiрлiктерiнiң мөлшерiн жаңғырту, сақтау және беруге арналған сұйықтықтың тығыздығы бiрлiгiнiң және сұйықтықтың кинематикалық жабысқақтығы бiрлiгiнiң мемлекеттiк алғашқы эталондар жоқ.
Мұнай мен газды тасымалдау кезiнде бақылау мен басқару процесстерiн автоматтандыру үшiн республикаға өз метрологиялық сипаттамалары бойынша эталондарға жақындастырылған өлшеуiш-есептегiш бақылаушыларының әртүрлi типтерi әкелiнедi.
Артық қысымның мемлекеттiк екiншi эталонының жоқтығы республиканың артық қысымның өлшем құралдарын салыстырып тексеруге деген сұранысын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермейдi.
3.4 Қоршаған ортаны бақылау
Мұнай мен газдың қорларын белсендi түрде игеру экологиямен байланысты алға тартады.
Мұнай мен газдың кен орындарын әзiрлеушi iрi компаниялар қоршаған ортаны қорғау мәселелерiмен белсендi түрде айналысуына қарамастан, республикада экологиялық жағдай бұрынғысынша күрделi болып қалуда және тұрақты бақылауға алынуы тиiс.
Атомдық және химиялық өнеркәсiптiң, металлургиялық өндiрiстің, автокөлiктiң қосалқы өнiмдерiнiң шығарындылары қоршаған ортаны ластаудың басқа да көздерi болып табылады.
Таза газ бен газ қоспасы газ компоненттерiнiң араласпасы бiрлiгiнiң мөлшерiн беретiн негiзгi құралдары болып табылады. Қазiргi кезде республикада газ қоспаларын аттестацияланған өндiрiс игерiлген жоқ.
Атмосфераның жай-күйiн бақылау саласында өлшеуiш талдамалық мiндеттерiне қоршаған ортадағы қышқылдықты, өндiрiстiк және ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң өндiрiстiк және қойма үй-жайларындағы атмосфера ауасының ылғалдығын анықтау жатады, ылғалдыққа және рН шәкілiне қатысты аспаптар сол үшiн қажет.
Қоршаған ортаның ластануын бақылау саласында, сондай-ақ қауiптіліктiң 1 және 2 сыныптарына (улар) жататын органикалық ластануды анықтауға арналған аспаптар - эталондары жоқ бiрлiк мөлшерiн беру үшiн сынғыштық көрсеткiштерiн бағалауға арналған рефрактометрлер қолданылады. Бiрлiк өлшемiн рефрактометрлерге беруге арналған эталондар жоқ.
3.5 Мемлекеттік есептеу операциялары
"Өлшем бiрлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 шiлдедегі N 52-II Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес мемлекеттiк есептеу операцияларын iске асыру кезiнде қолданылатын өлшем құралдары мiндеттi салыстырып тексеруге жатады.
Салмақ шамалары материалдық құндылықтарды есептеу кезiндегi негiзгi өлшем құралдары болып табылады (таразылар мен гирлер).
2003 жылғы 1 қаңтардан бастап гирлер мен олардың жиынтықтарына қойылатын халықаралық талаптармен үйлестірiлген талаптарды белгілейтiн MEMCT-тың 7328-2001 "Гирлер. Жалпы техникалық шарттардың" енгiзiлуiмен E1, Е2 дәлдік сыныбындағы гирлерді салыстырып тексеруге қажеттілiк туды, олар эталондық өлшем құралдарының жоқ болуына байланысты республикада метрологиялық қызмет көрсетумен қамтамасыз етілмеген.
3.6 Ауыл шаруашылығы
Бiріншi кезекте астық пен жемге жататын ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiруде технологиялық процестердің параметрлерін және басқаруды бақылау кезiнде ылғалдылық анықтаушы роль атқарады, астықтың жай-күйi, сақталуы, сатып алу және сату кезіндегі есептің шынайылығы ылғалдылыққа байланысты болады.
Жедел анықтау, сондай-ақ элеваторларда, нан қабылдаушы пункттерде ылғалдылықты бақылау кезiнде қазiргі кезде астық пен астық өнiмдерiнiң ылғалдылық бiрлiгін жаңғыртуға арналған жоғары дәлдiктi қондырғының болмауынан метрологиялық қамтамасыз етiлмеген ылғал өлшеуiштер қолданылады.
Ылғалдылық зертханалық жағдайларда ұзақ уақыт iшiнде құрғату шкафтарының көмегімен айқындалады.
Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығын, оның iшiнде астық шаруашылығын көтеру және дамыту астық пен астық өнiмдерiнiң ылғалдылығын анықтау бойынша қазiргi заманғы өлшем құралдарын тартуды, жедел әдiстердi пайдалануды, өлшемдер деңгейінiң дәлдігін жоғарылатуды, ылғалдылық аспаптарын салыстырып тексеру үшін жағдайлар жасауды және метрологиялық қамтамасыз ету мәселелерін шешуді талап eтeді.
3.7 Мемлекеттік эталондарға қызмет көрсету және
оларды бiрге алып жүру
Ескерту. 3.7-кіші бөлімнің тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.14. N 356 қаулысымен.
Заңға сәйкес (10-бап) мемлекеттік эталондарды құру және ұстау мемлекет есебінен іске асырылады.
1999 жылғы жай-күй бойынша Мемстандарттың қарамағында 19 мемлекеттік эталон болды.
Республикалық бюджеттің қаржысына 1999 жылдан бастап мыналар сатып алынған:
1999-2000 жылдары - эталондар мен эталондық жабдықтардың 10 бірлігi;
2001 жылы - эталондар мен эталондық жабдықтардың 13 бірлiгі;
2002 жылы - эталондар мен эталондық жабдықтардың 3 бiрлiгi;
2003 жылы - эталондар мен эталондық жабдықтардың 13 бiрлiгі.
2004 жылдың басында эталондар мен эталондық жабдықтардың саны 58 бірлікті құрайды.
Осы Бағдарламаның шеңберiнде 21 бiрлiк эталондар сатып алу жоспарланып отыр.
3.8 Салыстырып тексеру зертханасын құру
Заңға сәйкес мемлекеттік метрологиялық қадағалау саласында пайдаланылатын өлшем құралдары салыстырып тексерiлетiн өлшем құралының белгiленген техникалық талаптарға сәйкестігі расталатын және оның бұдан әрi қолдануға жарамдылығы анықталатын мiндетті салыстырып тексеруге жатады.
Қазiргi уақытта азаматтардың өмiрi мен денсаулығын қорғауды, соның iшiнде медицина және ел қорғанысы саласында қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстар кезiнде, қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау кезiнде, сауда-коммерциялық операциялар және сатып алушы (тұтынушы) мен сатушы (жеткiзушi, өндiрушi, орындаушы) арасындағы, соның iшiнде тұрмыстық және коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтерi және басқа салалардағы есептесулер кезiнде қолданылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеру бойынша аккредиттелген заңды тұлғалар көрсететiн қызметтердiң сапасы туралы мәселе өзектi болып отыр.
Өлшемдер нәтижелерiнiң шынайылығы көрсетілген қызмет салаларында мемлекет үшiн әлеуметтiк, экономикалық және саяси маңызға ие.
Шет ел тәжiрибесiн зерделеу жоғарыда көрсетiлген салаларда пайдаланылатын өлшем құралдарын салыстырып тексерудi мемлекеттiк мекемелер жүзеге асыратынын көрсетедi.
Ескерту. 3.8-кіші бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.14. N 356 қаулысымен.
3.9 Зертханааралық салыстыруларды ұйымдастыру
және жүргiзу
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу рәсiмiн белгiленген тәртiппен аккредиттелген заңды және жеке тұлғалардың метрологиялық қызметтерi жүзеге асырады.
Жүргiзілетiн өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу сапасын қамтамасыз ету үшін аккредиттелген салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларының (орталықтарының) арасында зертханааралық салыстырулар жүргiзу қажет.
Салыстырулар бақылау тәсiлдерiнiң бiрi болып табылады және республикада өлшемдердiң бiрлiгiн және талап етілетiн дәлдiктi қамтамасыз ету және метрологиялық қызметтердiң техникалық құзыреттілiгiн растау мақсатында жүргiзілуi тиiс.
Ескерту. 3.9-кіші бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.14. N 356 қаулысымен.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты өлшем бірлігiн қамтамасыз етуге экономика салаларының өлшем бірліктерiн қамтамасыз етуге деген қажеттіліктерiн толық қанағаттандыруға, өлшем бiрліктерін қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесiнің негiздерін дамытуға бағытталған Қазақстан Республикасының шама бірліктерінің эталондық базасын жоспарлы түрде құру және жетілдіру болып табылады.
Бағдарламаның мiндеттерi:
эталондық база жай-күйiнiң проблемаларын, өлшем бiрлiктерiн қамтамасыз ету;
мемлекеттiк жүйесiнiң негіздерін айқындау;
эталондық базаны, уақыт пен жиілiктің эталонын ұстау, сақтау шарттарын қамтамасыз ету;
мемлекеттiк эталондарға халықаралық салыстыруларды қолдану және жүргізу болып табылады.
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
5.1 Машина жасау, аспап жасау, металлургия және басқа да өндiрістiк салалар
Негізгі бағыттар мыналар болып табылады: ұзындық ұшының шамаларын метрологиялық қамтамасыз ету үшiн - эталондық базаны 100-ден 1000 мм-ге дейiнгi ұзындық бiрлiгiнiң мөлшерiн жаңғыртудың және берудiң ауқымы бар ұзындықтың мемлекеттік эталонымен жабдықтау; микросызбалар, транзисторлар, жоғары жиілiкті тораптар, электромагниттi сәулелену аппаратура параметрлері бақылауының аспаптарына калибрлеуді ұйымдастыру үшін - 30-дан 3000 МГц-ге дейінгі жиiлiк ауқымында 0,1-ден 1 В-ға дейiнгi электр кернеуiнiң эталонын жасау; пирометрлерді салыстырып тексерудi ұйымдастыру мақсатында
800-ден 1500 о С-ға дейінгі ауқымда 1-ші разрядты эталондық монохроматикалық пирометрiн сатып алу,
0-ден 2500 о С-ға дейiнгi ауқымда температураның мемлекеттiк алғашқы эталонын құру.
Тәуелсiз жаңғырту үшiн бірлiк анықтай отырып толық сәйкестікпен уақыт пен жиiлiк бiрлігінiң мемлекеттiк эталонын уақыт эталонын цезийлiк стандартпен, қабылдағыш-синхронизатормен, жиiлiк компараторымен әрi қарай жабдықтау қажет.
Iске асыру тетiгi:
100-ден 1000 мм-ге дейiнгi ұзындық бiрлiгінiң мөлшерiн жаңғыртудың және берудің ауқымын кеңейту мақсатында ұзындықтың мемлекеттiк эталонын жаңғырту;
30-дан 3000 МГц-ке дейiнгі жиiлiк ауқымында 0,1-ден 10 В-ға дейiнгi электр кернеуiнiң мемлекеттiк алғашқы эталонын құру;
0-ден 2500 о С-ға дейiнгi ауқымда температураның мемлекеттiк алғашқы эталонын құру;
уақыт пен жиілiктiң цезийлік стандартын, қабылдағыш-синхронизаторды, жиілiк компараторын сатып алу болып табылады.
Ескерту. 5.1-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.14. N 356 қаулысымен.
5.2 Отын-энергетикалық кешені
Энергетикалық ресурстар бойынша елдiң әлемдiк бағаларға өтуi, оларды өндiрiсте тиiмдi жұмсау, үдемелi энергия сақтайтын технологияны енгiзу өлшеуiш техниканы әрi қарай жетілдiрудi және өлшемдердiң дәлдiгi мен шынайылығын одан әрi жетiлдiрудi талап етедi.
Iске асыру тетігі:
сұйықтықтардың үлесті электр өткiзгiштігінiң мемлекеттiк алғашқы эталонын жасау;
1-ші разрядты эталондық тұз өлшеуiш кондуктометрдi сатып алу; 1x10 -6 -дан 1 Гн-гe дейiнгi ауқымда индуктивтік бiрлігінің мемлекеттік екiншi эталоны;
1 Ом номиналды мәнi бар электрлiк қарсылықтың алғашқы эталонын жасау;
0,2 пФ номиналды мәні бар электрлік сыйымдылықтың алғашқы эталонын жасау;
1x10 -3 -тен 1А-ға дейiнгi ауқымда тұрақты электр тоғы күшiнiң мемлекеттiк эталонын жacaу;
1x10 -3 -тен 20А-ға дейiнгі ауқымда ауыспалы электр тоғы күшiнiң мемлекеттiк эталонын жасау.
Ескерту. 5.2-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.14. N 356 қаулысымен.
5.3 Мұнай-газ өндіруші өнеркәсіп
Мұнай және мұнай өнiмдері сапасын бағалау және өлшеуiш-есептегіш техника бақылаушыларын, мұнай және газды тасымалдау кезiнде пайдаланылатын қысым мен температураның жоғары дәлдiктегі түрленгіштерін салыстырып тексерумен қамтамасыз ету мұнай-газ өндіруші өнеркәсiптi метрологиялық қамтамасыз етудi дамытудың негізгi бағыттары болып табылады.
Iске асыру тетігi:
650-ден 2000 кг/м 3 -ге дейiнгi ауқымда сұйықтық тығыздығы бiрлiгiнiң мемлекеттiк алғашқы эталонын жасау;
0,05-тен 10 МПа-ға дейiнгi ауқымда артық қысымның мемлекеттiк алғашқы эталонын жасау;
4,0x10 -7 -ден 1,0x10 -1 м 2 /с-ға дейiнгi ауқымда сұйықтықтың кинематикалық жабысқақтық бiрлігінiң мемлекеттiк алғашқы эталонын жасау болып табылады.
5.4 Қоршаған ортаны бақылау
Табиғи антропогенді экожүйелердiң жағдайын және қозғалысын жылдам түрде бақылауды қамтамасыз ететін өлшемдердiң жүйешесi Экологиялық мониторингтiң жергілiкті, аймақтық, ұлттық және басты деңгейлерiндегi жүйенiң негiзгi блогы болып табылады. Мониторингтің тиiмділігі шама бiрлiктерi эталондарының және стандарттық үлгілер жиынтықтарында орналасқан алынатын экологиялық ақпараттың шынайылығымен айқындалады.
Iске асыру тетігі:
0 және 1-ші санатты газды орталардағы компоненттердiң молярлы үлесi және салмақтық концентрациясы бiрлiктерiнiң жұмысшы эталондарын сатып алу;
1,47-1,94 өлшемдер ауқымындағы сынушылық көрсеткiшi бiрлiгiнiң мемлекеттiк алғашқы эталонын жасау;
3,547-10,317 өлшемдер ауқымындағы pH шәкілiнiң мемлекеттiк алғашқы эталонын жасау;
5-тен 100 %-ға дейiнгі ауқымда 1-разрядты гигрометрдi сатып алу болып табылады.
Ескерту. 5.4-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.14. N 356 қаулысымен.
5.5 Мемлекеттiк есептеу операциялары
2003 жылғы 1 қаңтардан бастап гирлер мен олардың жиынтықтарына қойылатын, халықаралық талаптармен үйлестiрiлген талаптарды белгілейтiн МЕМСТ-тың 7328-2001 "Гирлер. Жалпы техникалық шарттардың" және материалдық құндылықтарды талап етілетiн дәлдiкпен есептеудi қамтамасыз ету қажеттілiгiмен бастап енгізілуімен және эталондық базаны әрі қарай жабдықтау қажеттілiгі туды.
Iске асыру тетігі:
эталондық базаны салмақ бірлiгiнiң эталондық жиынтығымен, мемлекеттiк екiншi эталонмен және жұмысшы эталонымен әрі қарай жабдықтау болып табылады.
5.6 Ауыл шаруашылығы
Астық және астық өнімдері ылғалдылығының өлшем құралдарын метрологиялық қамтамасыз ету және олардың метрологиялық деңгейін арттыру.
Iске асыру тетiгi 5-тен 45%-ға дейiнгi ауқымда астық және астық өнiмдерi ылғалдылығын жаңғыртуға арналған жоғары дәлдiкті қондырғы сатып алу болып табылады.
5.7 Мемлекеттік эталондарға қызмет көрсету және
оларды бірге алып жүру
Icкe асыру тетігі мынадай iс-шараларды қамтиды:
шет елдердiң шамалар бiрлiктерiнiң мемлекетаралық және халықаралық, сондай-ақ ұлттық эталондарымен салыстыруды (салыстырып тексеруді) жүргізу;
сатып алынатын жабдықты сақтау және пайдалану шарттарын қамтамасыз ету;
мемлекеттік эталондарды жаңғырту үшін шығын материалдарын және көмекші өлшем құралдарын сатып алу;
мемлекеттік эталондарды жөндеуден өткiзу;
мемлекеттiк эталондарға қызмет көрсететiн қызметкерлердi ұстау;
мемлекеттiк эталондарға қызмет көрсететін қызметкерлердi оқыту.
Ескерту. 5.7-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.14. N 356 қаулысымен.
5.8 Астана қаласында Эталондық орталық салу
Құрылыстың негiзгi мақсаты республикада мөлшерi барлық қолданылатын өлшем құралдарына берілетiн шамалар бiрлiктерiн жаңғыртатын мемлекеттiк эталондарды сақтау және ұстау шарттарын қамтамасыз ету болып табылады.
Сатып алынатын эталондар мен эталондық жабдық оларды орнату үшiн үй-жайды талап етедi. Үй-жайлар ғылыми зерттеулердi, халықаралық салыстыруларды және бірліктерді мемлекеттiк эталондардан жұмысшы эталондарға берудi жүргiзу үшiн сақтау, қолдану шарттарын қамтамасыз ету қажет.
Астана қаласында Эталондық орталықты салу туралы шешiм қабылданды (Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 2001 жылғы 19 маусымдағы мәжiлiсiнiң хаттамасы) және Астана қаласының әкiмi "Астана жаңа қала" еркiн экономикалық аймақтан 0,693 га алаң жер бөлiндi (2002 жылғы 12 наурыздағы N 3-1.414-П шешiмi). Эталондар мен эталондық жабдықтарды орналастыруға арналған орындар эталондарды сақтаудың шарттарына қойылатын қатаң талаптарды қамтамасыз етуi қажет: тиiстi температураны, ылғалдылықты, кедергiден қорғалушылықты (вибро, электрлiк және басқа) және сейсмоберiктiлiкті ұстау.
Эталондық орталықтың ғимаратын салуды ұйымдастыру iске асыру тетігі болып табылады.
Жоба зертханалық және әкiмшілiктiң екi негiзгі корпустарын салуды көздейдi. Эталондық орталықтың зертханалық корпусында өлшемдердiң 17 түрi бойынша 21 эталонды орналастыру және өлшем құралдарына сынақ жүргiзу үшiн сынақ орталығын орналастыру жоспарланып отыр.
5.8 Салыстырып тексеру зертханасын құру
Негiзгi бағыт номенклатуралық тiзбеге енгiзілген және мемлекет үшiн әлеуметтiк, экономикалық және саяси маңызы бар қызмет салаларында пайдаланылатын барлық өлшеуiш техниканы салыстырып тексерумен қамтамасыз ету болып табылады.
Iске асыру тетігі: салыстырып тексеру зертханасын құру және салыстырып тексеру жұмыстарын ұйымдастыру үшiн салыстырып тексеретін және көмекшi жабдықты сатып алу қажет.
Ескерту. 5.8-кіші бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.14. N 356 қаулысымен.
5.9 Зертханааралық салыстыруларды ұйымдастыру
және жүргiзу
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерiн зертханааралық салыстыруларды ұйымдастыру және жүргiзу қызметкерлер штатын ұстауды, персоналды оқытуды, зертханааралық салыстырмалы салыстырулар нәтижелерiн өңдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етудi жасауды және әзiрлеудi, анықтамалық-ақпараттық қор құруды және жиынтықтауды, салыстыру объектілерiнiң 3 түрін сатып алуды, байланыс қызметтерiн, iссапар және басқа шығыстарды талап етедi.
Ескерту. 5.9-кіші бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.14. N 356 қаулысымен.
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
Бағдарламаны қаржыландыру Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiнiң эталондық базасын дамытуға арналған республикалық бюджетте көзделген қаржы есебінен жүзеге асырылады.
2004 жылға қаржыландырудың қажеттi көлемi 455,0 млн. теңгенi құрайды, 2005 жылға 1 692,14 млн. теңге, 2006 жылға 1 170,652 млн. теңге.
Жыл сайынғы көлемдер тиiстi жылға арналған тиiстi бюджеттiк бағдарлама бойынша республикалық бюджетте көзделген көлемдерге сәйкес нақтылануы тиiс.
Ескерту. 6-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.14. N 356 қаулысымен.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
Эталондық база мемлекет қауiпсiздiгiне кепiлдеме беруi (метрологиялық тәуелсiздiк және жеткiлiктілiк), шикізаттың, ресурстардың, материалдардың, өнiмнiң сапасын және санын шынайы бағалауды іске асыру мақсатында орындалатын өлшемдердің дәлдiгiн дұрыс бағалауы қажет.
Бағдарламаны іске асыру:
техникалық дамыған елдердің халықаралық эталондарының және ұлттық эталондарының дәлдiгiне сәйкес эталондарды 15 бiрлiк бiрiншi эталондарды, 3 бiрлiк екiншi және 3 бiрлiк жұмыс эталондарды сатып алуға Астана қаласында халықаралық талаптарға сәйкес ұлттық ғылыми-техникалық институтын (Эталон орталығын) салуға;
30-дан кем емес мемлекетаралық және халықаралық эталондарды шетел өлшем бiрлiктерiмен салыстыруды (салыстырып-тексеру) жүргізуге, уақыт жүйесiндегi халықаралық ынтымақтастыққа қатысуға, мемлекеттiк эталондарды сақтаушы ғалым атағына 20 маманды оқытуға мүмкiндiк бередi;
салыстырып тексеру зертханасын құру және әлеуметтiк, экономикалық және саяси маңызы бар қызмет салаларында пайдаланылатын өлшем құралдары үшін салыстырып тексеру жұмыстарын ұйымдастыру;
аккредиттелген зертханалар жүргiзетiн өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу сапасын қамтамасыз ету.
Ескерту. 7-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.14. N 356 қаулысымен.
8. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескерту. 8-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.04.14. N 356 қаулысымен.
P/c |
Іс-шара |
Аяқталу |
Орын- |
Орын- |
Болжам- |
Қаржы- |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
Мына жабдықтарды |
Қазақстан |
ИСМ |
Жыл |
2004 ж. |
Респуб- |
2 |
Мемлекеттік |
Қазақстан |
ИСМ |
Жыл |
2004 ж. |
Респуб- |
3 |
Астана қаласында |
Қазақстан |
ИСМ |
Жыл |
2004 ж. |
Респуб- |
4 |
Салыстырып тексеру |
Қазақстан |
ИСМ |
Жыл |
2005 ж. |
Респуб- |
5 |
Өлшем құралдарын |
Қазақстан |
ИСМ |
Жыл |
2005 ж. |
Респуб- |
Жиыны: Қазақстан |
2004 - |
2004 ж. |
Респуб- |