"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 наурыздағы N 343 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 Жарлығына өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгізiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы
7 ақпандағы N 550 Жарлығына өзгерiстер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2001 ж., N 7, 73-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      3-тармақтағы ", ақпарат және қоғамдық келiсім" деген сөздер алынып тасталсын;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында:
      "Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлiмде:
      үшіншi абзацтағы ", ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Тiлдiк дамудың басым бағыттары мен Бағдарламаны iске асырудың тетіктерi" деген 5-бөлiмде:
      "Тiлдiк дамудың басым бағыттары" деген 5.1.-кiшi бөлiмде:
      "Тiл - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында" деген тарауда:
      бiрiншi абзацтағы "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң жанындағы Республикалық мемлекеттік тілдi жеделдетiп оқыту" деген сөздер "Мәдениет министрлігінiң мемлекеттiк тiлдi жеделдете оқыту республикалық" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады