Қазақстан Республикасының өкiлдерiн Халықаралық Аралды құтқару қорының басқармасына және Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетiне жiберу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 сәуірдегі N 416 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республиасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 маусымдағы N 967 Қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республиасы Үкіметінің 2009.06.23 N 967 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасынан мына өкiлеттi өкiлдер жiберiлсiн:
      Халықаралық Аралды құтқару қорының басқармасына - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi Ахметжан Смағұлұлы Есiмов;
      Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетiне:
      Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Аралды құтқару қоры филиалы Атқарушы дирекциясының директоры Алмабек Нұрышұлы Нұрышев;
      Солтүстiк Арал теңiзi бөгетiндегi "Mott McDonalds - TemelSu" бiрлескен кәсiпорны объектiсiнiң және "Ақлақ" су торабы құрылыс кешенiнiң (Мотт МакДоналдс - Темелсу) бас инженерi Әбдiманап Құтжанұлы Құтжанов;
      Халықаралық Аралды құтқару қорының Тексеру комиссиясына - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитетiнiң төрағасы Федор Федорович Сутулов.

      2. Қазақстан Республикасының өкiлеттi өкiлi Медет Оспанұлы Оспанов Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетiнен керi қайтарылсын.

      3. Ахметжан Смағұлұлы Eciмовкe Халықаралық Аралды құтқару қорының қызметiне қатысты мәселелер бойынша келiссөздер жүргізуге және құжаттарға қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.

      4. "Қазақстан Республикасының өкiлдерiн Халықаралық Аралды құтқару қорының басқармасына және Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетiне жiберу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 шiлдедегі N 836 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады