"Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автомобиль көлiгiмен транзиттiк өткiзу туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 675 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автомобиль көлiгiмен транзиттік өткiзу туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Жоба  

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз
Республикасының Үкiметi арасындағы Тауарларды
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автомобиль
көлiгiмен транзиттiк өткiзу туралы келiсiмдi
бекiту туралы

      2004 жылғы 26 наурызда Бiшкек қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автомобиль көлiгімен транзиттік өткiзу туралы келiсiм бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

  Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз
Республикасының Yкiметi арасындағы Тауарларды
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы
автомобиль көлігімен транзиттiк өткiзу туралы
Келісім

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi (бұдан әрi - Тараптар),
      1998 жылғы 22 қаңтардағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумақтары арқылы транзиттің бiрыңғай шарттары туралы келiсiмдi негiзге ала отырып,
      2000 жылғы 17 ақпандағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден органдары арасында тасымалданатын тауарларды және көлiк құралдарын кедендiк бақылау туралы хаттаманың ережелерiн орындау үшін,
      транзиттік тауарлардың өз аумақтары арқылы автомобиль көлігімен өтуiн жеделдетуге ұмтыла отырып,
      халықаралық тасымалдарды оңайлатуды ниет ете отырып,
      халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесуді қалай отырып,
      мына төмендегiлер туралы келістi:

  1-бап

      Осы Келiсiмнiң күшi Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автомобиль көлiгiмен өткiзiлетiн транзиттiк тауарларға қолданылады.
      Осы Келiсiм 1975 жылғы Халықаралық жол тасымалы кiтапшасын қолдана отырып, Халықаралық жүк тасымалдау туралы кеден конвенциясына сәйкес жүзеге асырылатын тауарлар тасымалдарына қолданылмайды.

  2-бап

      Тараптар мемлекеттерiнiң осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыру жөнiндегi уәкiлеттi органдары:
      Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан - Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi;
      Қырғыз Республикасының Үкiметi атынан - Қырғыз Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы Кiрiстер жөнiндегі комитеттің Кеден қызметi департаменті болып табылады.
      Тараптар мемлекеттерi уәкiлеттi органдарының ресми атаулары немесе функциялары өзгерген кезде, Тараптар дипломатиялық арналар бойынша уақтылы хабардар етiлетiн болады.

  3-бап

      Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автомобиль көлiгiмен кедендiк бақылаумен өткiзу тауарға iлеспе құжаттардың, Қырғыз Республикасында кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеудiң қамтамасыз етiлгендiгі туралы құжаттың және тауарлардың жеткiзiлуiн бақылау құжатының негiзiнде жүзеге асырылады.
      Қырғыз Республикасында кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеудiң қамтамасыз етiлгендігі туралы құжатты тасымалдаушыға Қырғыз Республикасының кеден органы бередi.
      Тауарлардың жеткiзiлуiн бақылау құжатын Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген тәртiппен толтырады және Тараптар тауарлардың тағайындалған кеден органына дейiн жеткiзiлгендiгiн растайтын құжат ретiнде таниды.

  4-бап

      Осы Келiсiмге сәйкес тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автомобиль көлiгiмен кедендiк бақылаумен өткiзу Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген тауарлар мен көлiк құралдарының жеткiзiлуiн қамтамасыз ету шаралары қолданылмастан жүзеге асырылады.

  5-бап

      Осы Келiсiмге сәйкес тауарларды өткiзу Тараптар мемлекеттерi ұлттық заңнамасының ережелерiмен айқындалған өткiзу пункттерi арқылы жүзеге асырылады.

  6-бап

      Осы Келiсiмнiң күшi Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитi тек Қазақстан Республикасының Үкiметi тауарлардың қауiпсiздiгi жөнiнде белгілеген талаптар мен экспорттық бақылау саласындағы, сондай-ақ кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар сақталған кезде ғана жүзеге асырылатын тауарларға қолданылмайды.

  7-бап

      Тараптардың уәкiлеттi органдары ай сайын осы Келiсiмге сәйкес кедендiк бақылаумен өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдары туралы ақпаратпен алмасатын болады.

  8-бап

      Тауардың тағайындалған кеден органына дейiн жеткiзiлмеу фактісi расталған кезде, қырғыз Тарабы 30 күннiң iшiнде қазақстан Тарабына залалды өтеудi қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
      Қазақстан Тарабы тауарлардың жеткiзiлмеуiне байланысты өтем алу үшiн олардың түрлерiн, ставкалары мен сомаларын сипаттай отырып, қырғыз Тарабына тиiсті кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу жөнiнде жазбаша талап жолдауы тиiс.
      Тауар автомобиль көлiгімен тағайындалған кеден органына дейiн жеткiзiлмеген жағдайда тиiсті кедендiк төлемдер мен салықтардың сомаларын есептеу Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  9-бап

      Тауар автомобиль көлiгімен тағайындалған кеден органына дейiн жеткiзiлмеген жағдайда, Тараптар аумағында тауардың жеткiзiлмеу фактiсi анықталған Тарапты тергеудiң нәтижелерi туралы жазбаша хабардар ете отырып, осындай фактiлер бойынша тергеу жүргiзуге мiндеттенедi.
      Тауарлардың жеткiзiлмеу фактiлерi бойынша тергеу жүргiзу үшiн Тараптардың өзара келiсiмi бойынша Тараптардың кеден органдары өкiлдерiнен бiрлескен жұмыс топтары құрылуы мүмкiн.

  10-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жекелеген Хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
      Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап уақытша қолданылады және Тараптардың осы Келiсiм күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады және Тараптардың бiрi оның қолданылуын тоқтату ниетi туралы екiншi Тараптың жазбаша хабарламасын алған күннен бастап алты ай өткенге дейiн күшiнде қалады.
      2004 жылғы 26 наурызда Бішкек қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру және қолдану кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

      Қазақстан Республикасының    Қырғыз Республикасының
      Үкiметi үшін                 Үкiметi үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады