"Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Халықаралық Қылмыстық Соттың билiгіне адамдарды тапсыру туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 маусымдағы N 698 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Халықаралық Қылмыстық Соттың билiгiне адамдарды тапсыру туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінің қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба 

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Xaлықаралық Қылмыстық Соттың билiгiне адамдарды тапсыру туралы келiсiмдi бекiту туралы

      2003 жылғы 22 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Халықаралық Қылмыстық Соттың билiгiне адамдарды тапсыру туралы келiсiм бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

  Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары
арасындағы Халықаралық Қылмыстық Соттың билігіне
адамдарды тапсыру туралы келісiм

      Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары,
      Геноцид, адамзатқа қарсы қылмыс және әскери қылмыс жасағандарды сотқа тартудың маңыздылығын қуаттай отырып,
      Америка Құрама Штаттарының өз ресми адамдары, қызметкерлерi, әскери персоналы немесе басқа азаматтары жасады деп саналған, Халықаралық Қылмыстық Соттың заң құзыретiне жататын iс-әрекеттердi қылмыстық жағдайда орынды деген жерде, тергеуге және қудалауға ниет бiлдiргенiн назарға ала отырып,
      Төмендегілер туралы уағдаласты:

      1. Осы Келiсiм мақсатында Тараптардың кез келгенiнiң "адамдар" анықтамасында осы Тараптың барлық азаматтары және қазiргі немесе бұрынғы әскери персоналы ұғынылады.
      2. Бiр Тараптың екiншi Тараптың аумағында жүрген адамдары бiрiншi Тараптың жазбаша келiсiмiнсiз:
      а) кез келген бiр мақсат үшiн Халықаралық Қылмыстық Соттың билігіне тапсырылмайды немесе кез келген бiр жолмен берiлмейдi, немесе
      б) Халықаралық Қылмыстық Соттың билігіне тапсыру немесе беру мақсатында кез келген басқа ұйымның немесе үшiншi бiр елдiң билігіне тапсырылмайды немесе кез келген үшiншi бiр елге шығарылып жiберiлмейдi.
      3. Қазақстан Республикасы Америка Құрама Штаттарының адамын кез келген үшiншi елге ұстап берген, оның билiгiне тапсырған немесе басқа жолмен берген жағдайда, Қазақстан Республикасы бұл адамды Америка Құрама Штаттарының жазбаша келiсiмiнсiз үшіншi елдiң Халықаралық Қылмыстық Соттың билігіне тапсыруына немесе беруiне келiсiм бермейдi.
      4. Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасының адамын кез келген үшiншi елге ұстап берген, оның билігіне тапсырған немесе басқа жолмен берген жағдайда Америка Құрама Штаттары бұл адамды үшiншi елдiң Қазақстанның жазбаша келiсiмiнсiз Халықаралық Қылмыстық Соттың билігіне тапсыруына немесе беруiне келiсiм бермейдi.
      5. Тараптардың өзара жазбаша келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлуi мүмкiн.
      6. Осы Келiсiмнiң ережелерiн қолдану немесе түсiндiру кезiндегі кез келген даулар мен пiкiр алшақтықтары Тараптар арасындағы консультациялар арқылы шешiледi, әрi оларды реттеуде Тараптар қандай да бiр үшiншi Тарапқа немесе халықаралық сотқа сiлтеме жасамайды.
      7. Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы жазбаша хабарламамен алмасқан сәттен бастап күшiне енедi.
      8. Кез келген Тараптың тиiсті жазбаша хабарлама жолдауы арқылы осы Келiсiмнiң күшi жойылуы мүмкiн. Мұндай жағдайда, осы Келiсiм жазбаша хабарлама жiберiлген сәттен бастап бiр жылдан соң өз қолданысын тоқтатады. Осы Келiсiмнiң ережелерi оның қолданысы iс жүзiнде тоқтатылған күнге дейiн туындаған кез келген iс-қимылға немесе кез келген болжамдарға қатысты күшiнде қала бередi.
      9. Нью-Йорк қаласында 2003 жылғы 22 қыркүйекте екi дана болып, әрқайсысы ағылшын және орыс тiлдерiнде жасалды және де екi мәтiннiң күшi бiрдей. Ағылшын тiлiндегi мәтiнге сәйкестiгi дипломатиялық ноталармен алмасу арқылы расталып, заңдық күшi теңдей дәрежеде танылатын қазақ тiлiндегi мәтiн дайындалатын болады.

      Қазақстан                      Америка Құрама
      Республикасы үшін              Штаттары үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады